Тел.: +7 705 777 7788 Kıru

Шет ауданының өнеркәсібі

Тау-кен өнеркәсібі жақсы дамыған. 2013 жылы нақты секторда 24,6 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, бұл 2012 жылдан 57,2 пайызға артық. Өнеркәсіптің басты кәсіпорындары «NOVA-ЦИНК» (мырыш-қорғасын), «Бапы-Майнинг» (темір), «Крамдс-Кварцит» (кварцит) жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері.

 

         Темір жол және өңдеу өнеркәсібі саласындағы ірі кәсіпорындарға «Ырыс-2004», «Таға» серіктестіктері мен «Ағадыр доңғалақ цехы» және т.б. жатады.

 

         Халыққа қызмет көрсету және энергия тасымалдаумен  «Ағадыр электр – жабдықтау», «Шет-энерго», «Ағадыр теміржол су» серіктестіктері мен «ШетКоммунСервис» және «Қызмет-А» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындары айналысады.