Хамзин Мәуен Хамзаұлы 1949 жылы Шет ауданының Кеншоқы ауылында дүниеге келген. Әдебиетші, филолгия ғылымдарының докторы (1998), профессор (2003), ҚарМУ-ды бітірген (1973). ҚР Мәдениет қайраткері (2009). Шет ауданының Құрметті азаматы (2011). ҚР Білім беру ісінің үздігі (1991). Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.
Шет ауданының Кеншоқы ауылының орта мектебінде мұғалім, директордың орынбасары (1973-1982), Жезқазған пединститутында аға оқытушы, доцент, филология факультетінің деканы, кафедра меңгерушісі (1982 - 1996), Ө.Байқоңыров атындағы ЖезУ-дың кафедра меңгерушісі (1996-1998), Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ-да (1998-2005) және Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде кафедра меңгерушісі (2005-2007) болады. Бүгінде Қарағанды маңызды білім беретін «Болашақ» институтының ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры. 2009 жылдан «Мирас» ғылыми-зерттеу орталғының директоры. 250-ден астам ғылыми, танымдық мақаланың, публицистикалық еңбектің авторы. Бір монография, екі оқулық, бірнеше оқу-әдістемелік құрал жазған.
Пайдаланылған әдебиеттер: