Досанова Рыскүл
директордың орынбасары
Досанова Рыскүл Шет ауданына қарасты Қайрақты бөлімшесінде 19.11. 1964 жылы дүниеге келген.1983 жыл Ы Алтынсарин мектебін аяқтап. 1984 жылы Еңбек жолын Қайрақты бөлімшесінің мәдениет үйінің клуб меңгерушілігінен бастады.1986 жылы Алматы қаласында ауыл клубының 3 айлық курсын аяқтап, 1987 жылы Шет ауданына қарасты Орджоникидзе атындағы совхоздың мәдениет үйінің директорлық қызметін атқарды.
1988 жыл аудандық мәдениет үйіндегі «Ақсу Аюлы ән би халық ансамблінің» би үйірмесінің жетекшілігіне ауысты Осы жылдың күзінде отбасын құруына байланысты Еңбекшіл бөлімшесінің клуб үйіне ауысып,көркемдік жетекшілік қызметін атқара жүріп, аудан орталығында өткізілетін мәдени іс шараларын жүргізуден қол үзген жоқ. Осындай жетістіктің арқасында 1991 жылы аудандық мәдени – сауық орталығының халық театрының режиссеры қызметіне ауыстырылды. Досанова Рыскүл 39 жылдық еңбек өтілмен бір салада үздіксіз талмай еңбек етіп, көп жылдық еңбегінің арқасында көптеген жетістіктерге жетті.
2023 жылдың Наурыз айынан бастап Шет аудандық орталықтандырылған кітапханаға директор орынбасары қызметіне ауыстырылды.