Тел.: +7 705 777 7788 Войти

Бүгін қазыналы кітапхана төрінде берісі Арқа, әрісі Алашқа танымал қалам иелері бас қосқан «Ақын жыры-өмір сыры»тақырыбында, Шежірелі Шет ауданының тумасы, ақын, журналист Серғазы Қабылдаұлының «Бейнең қалды көзімнің шарасында» атты лирикалық жырлары топтастырылған кітабының тұсау кесері өтті. Аталмыш шараға ақынның шашбауын көтеріп,арнайы келген кеш қонақтары: Ақын, журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Тезекбай Амандықұлы; Жазушы, публицист, этнограф, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Төрехан Майбас; Журналист, публицист, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Нұрхан Хамзеұлы; Журналист, көсемсөзші, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Оралбек Жүнісұлы; Журналист, этнограф, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Аңғар Смағұлов; Журналист,жерлесіміз Қызғалдақ Асқарқызы ақ тілектерін арнап, сый құрметтерін көрсетті. Кеш иесі Серғазы Қабылдаұлы оқырмандарға баспадан жақында шыққан жыр жинағын қолтаңбасын қойып сыйға тартты. Әрі осы кештің жоғары деңгейде өтуіне ат салысқан кітапхана ұжымына алғысын білдірді.

Соңғы сілтеме арқылы видеоны көре аласыздар!

https://www.instagram.com/reel/C-VTKCUt2kp/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==