Тел.: +7 705 777 7788 Войти

Көркемсөз шеберлерінің байқауы өтті 28 тамыз күні Аудандық орталық кітапханада мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, тіл мәдениетін көтеру, патриоттық сезімдері мен азаматтық жауапкершілігін арттыруға жол ашу, ақынның тұлғалық қасиетін үлгі ету, ұлт мәдениетіне, өнеріне, әдебиеті мен тіліне құрметпен қарау мақсатында және белгілі ақын, журналист, сазгер Дәулет Ырысбайқлының туғанына 60 жыл толуына орай «Арқаның арда ақыны» атты көркемсөз шеберлерінің байқауы өтті. Байқау барысында қатысушылардың сөйлеу мәнері мен анықтылығы /логикалық екпін, дауыс ырғағы, тембр, оқылымының эмоционалдық-эксперессивтік бояуы/ актерлік шеберлігі, шығармашылық тақырыбы мен музыкалық сүйемелдеудің үндесуі, мәтінді түсініп оқу, сахна мәдениеті бағаланды.

Соңғы сілтеме арқылы видеоны көре аласыздар!

https://www.instagram.com/reel/C_Ns6qhsoPw/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==