Ауыл кітапханаларына 100 кітап
-
Дата: 27:08:24
-
Место события: Жангутты-би 39
Биылғы жылы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның бастамасымен «Ауыл кітапханаларына 100 кітап» атты акция бастау алды. Акцияның мақсаты - шалғайдағы ауыл кітапханаларына соңғы шыққан жаңа туындыларды жеткізіп, өскелең ұрпақтың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру. Аталмыш ақцияны қолдап, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай облысымыздың жеті ауылдық кітапханаларына 700 дана кітап сыйлыққа тарту етті, әр кітапханаға 100 кітаптан. Сыйға келген кітаптарды Абай, Ақтоғай, Бұқар жырау, Қарқаралы, Нұра, Осакаров, Шет аудандарының ауылдық кітапханаларына берілді. Ауыл кітапханаларының кітап қоры түрлі сала мен жанрды қамтитын кітаптармен толықтырылды. Атап айтсақ, арасында ертегілер, көркем әдебиет үлгілері, қоғамдық-саяси әдебиеттер, психология, фантастика жанрында жазылған және мотивациялық кітаптар бар.
Соңғы сілтеме арқылы видеоны көре аласыздар!
https://www.instagram.com/reel/C_LLN8TtmRQ/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==