Тел.: +7 705 777 7788 Войти

«Қазақтың қос алыбы» атты әдеби кеш

  • Дата: 30:03:17
  • Место события:
  • Автор: Admin
«Қазақтың қос алыбы» атты әдеби кеш
...

Бүгін 30 наурыз күні Шет аудандық орталықтандырылған кітапханада халқымызға танымал дарынды тұлғалар жазушы Ғ.Мүсірепов пен ақын Т.Айбергеновке арналған «қазақтың қос алыбы»атты әдеби кеш өтті.

Кешті кітапхана қызметкерлері Берікбол Амангелді мен Маржан Құнанбайқызы жүргізіп,барша оқырмандар мен қонақтарды келіп жеткен Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесімен құттықтап өтті.Әдеби кештің шымылдығын тәлімгер Гүлшара Қамиқызы республикалық деңгейде жүргізіліп жатқан «бір ел – бір кітап»акциясында «Жыл кітабы – 2017» таңдауына Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармаларын оқу ұсынылғаны жайында мәлімет беруден бастап,кітапханашы Мұхтарова Гүлсім акция туралы баяндама оқып,   оқырмандарды кітап оқуға шақырды.

Әрі қарай кеш өз тақырыбына көшіп Ғ.Мүсірепов жайлы слайд көрсетіліп,кітапханашы Маржан Құнанбайқызы жазушы туралы мәлімет оқып,бүгінгі кешке «Ұлпан»романының таңдалып алынғаның атап өтті.Қазақ әйелінің образын биікке көтере сомдаған «Ұлпан»романы жайлы Б.Амангелді қысқаша талдау жасап,оқырмандармен сұрақ – жауап түрінде ой бөлісті. Келесі кезек кештің екінші бөлімі ақын  Т.Айбергеновке беріліп, кітапханашы Шидербекова Бикен ақын өмірі мен шығармашылығы туралы баяндама оқып ,алдын ала дайындалған бейнеролик көрсетілді.Және де әдеби кешке арнайы келген колледж студенттері Акеева Диана,Нұрғалиев Убайдолла,Аман Ақбота,Шаюпова Айсұлу т.б ақын өлеңдерін оқып кеш шырайын енгізді.Туып өскен жеріміз Шет өлкесінің де шежіресі өз алдына бір төбе.Осы хақында «Келешегі кемел Шет өңірінің шежіресі»атты кітап көрмесіне кітапханашы Айгүл Исатаева қысқаша шолу жасап,ауданымызға арналған «Ақсу – Аюлы»әнің барлығы бірауыздан қосыла шырқады.Кеш соңында колледж ұстазы Шакенова Аида рухани кештен алған өз әсерімен бөлісіп,кітапхана директоры барша оқырмандар мен кеш қонақтарына кітапхана атынан үлкен алғыс білдірді.

тағы суреттер: