Бүгін аудандық орталық кітапханада 4-маусым Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің күніне орай, "Рәміздер елдігімнің белгісі" атты тарихи - танымдық кеш өтті. Кешке арнайы қонақ болып ауданымыздағы агротехникалық колледжінің студенттері мен "Дарынды жастар клубының"мүшелері қатысты.
Шара барысы еліміздің әнұранымен бастау алып, аудандық орталық кітапхана директорының орынбасары Б.Дәулетұлы құттықтау сөз айтты.
Сонымен қатар, айтулы шарада оқырмандарға еліміздің мемлекеттік рәміздері ту, елтаңба, әнұран туралы сұрақтар қойылып, оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Б.Көпбаев "Рәміздер - тәуелсіздік белгісі" атты кітап көрмесімен таныстырды.
Шара соңында қатысушыларға алғыс айтылып, елді сүю,көк байрақты құрметтеу, елтаңбамызды қадірлеу туралы ақпараттар берілді.