«Ұлттық валюта-теңге күні»

15 қараша Ұлттық валюта күніне орай аудандық кітапханада «Бизнес бастау» жобасының тыңдаушыларымен «Ұлттық валюта-теңге күні» атты тақырыпта ақпараттық сағат өтті. Ақпараттық сағатты кітапханашы Бушанова Д. өткізді.Жүргізуші ұлттық теңгеміздің шығу тарихымен таныстырды. 1993 жылдан бергі теңгенің қолданыста жүргені, жаңадан шығып жатқан банкноттардың және қолданыстан шыққан теңгелердің суреттері слайд арқылы көрсетіліп, мағлұмат берілді. Тақырыпқа байланысты оқырмандар арасында сұрақтар қойылып, жауап беру арқылы іс-шара қорытындыланды. Ақпараттық кеш мағлұматқа толы болып өтті.