Тел.: +7 705 777 7788 Войти

Ұлылардың ұлысы - Абай

Ұлылардың ұлысы - Абай

Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының туған күніне орай, “Ұлылардың ұлысы - Абай” атты букслейм өткізілді. Іс-шараға “Жастар ресурстық орталығының жанынан құралған “Жасыл ел” ұйымының жастары келіп қатысты. Іс-шара барысында, Абайдың қысқаша өмірбаяны айтылды. “Абай-дана, Абай-дара қазақта!” атты кітап көрмесі оқырман назарына ұсынылды. Абайдың әйелі Әйгерімге арнаған “Көзімнің қарасы” өлеңі және “Желсіз түнде жарық ай” әні оқырмандармен бірге шырқалып, орындалды. Абай туралы сұрақ-жауап өткізіліп, оқырмандар жауап беріп, білімдерін шыңдады. Оқырмандар арасында 2 оқырман шығып, букслейм кешіне орай, кітап көрмесінен Абайдың екі кітабын таңдап алып, жарнама жасады. Оқырмандар өзара пікір алмасып, Абайдың шығармаларын жатқа оқыды. Белсенді қатысқан оқырмандарға сыйлықтар ұсынылды.

Соңғы сілтеме арқылы видеоны көре аласыздар!

https://www.instagram.com/reel/C-aUwDAsywR/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==