Тел.: +7 705 777 7788 Войти

«Ұлылықтың басында ұстаз тұрар» тақырыбында ақпараттық сағат өтті.

  • Дата: 08:10:19
  • Место события:
  • Автор: Admin
«Ұлылықтың басында ұстаз тұрар» тақырыбында ақпараттық сағат өтті.
...

Қазан айының 8 жұлдызында аудандық орталық кітапханада мамандықтар бойынша, ұстаздар мерекесіне орай «Ұлылықтың басында ұстаз тұрар» тақырыбында ақпараттық сағат өтті.Кітапхана директорының орынбасары Толғанай Айтболатқызы ұстаздар қауымын кәсіби мерекесімен құттықтады. «Ұстазым-үлгі өнеге, ұлағатым» атты кітап көрмесімен библиограф Аликулова Сауле таныстырып өтті.Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай ұлы ақынның өлеңдерінен үзінді оқу эстафетасы бейнеролик түрінде көрсетілді. Аудандық орталық кітапханасының библиография бөлімінің қызметкерлері Н. Балдақова, А. Медеубекова жүргізген шарада қатысушылар екі командаға бөлініп, командалармен қызықты да көңілді ойындар өткізілді. Бұл ойынға Ж.Ақылбаев атындағы, Ы.Алтынсарин атындағы, Шет аудандық агротехникалық колледжінің мектеп ұстаздары Жунусова Фая Рақышқызы, Малтабарова Мақпал Ерденқызы, Ысқақ Ләззат, Айша Рысбекқызы, Құралай Дулатовна белсене қатысты. Жастар жылына өздерінің тілек лебіздерін білдірді.Аудандық білім бөлімдері оның ішінде Ы.Алтынсарин атындағы мектеп, Ж.Ақылбаев атындағы мектеп, Шет аудандық агротехникалық колледж басшыларына, ұйымдарына алғыс айтамыз.

Тағы суреттер