22 наурыз Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамына орай Шет аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Қазақтың ізеттілік дәстүрлері» атты әдеби калидоскоп өткізілді. Шара барысында ата-бабадан жеткен халқымыздың тамаша жоралғылары мен дәстүрлері күні бүгінге дейін жарасымды жалғасын тауып келген әдет ғұрыптардан кітапхана қызметкерлері дайындаған «Жарысқазан», «Ат қою», «Бесікке салу», «Баланы қырқынан шығару», «Тұсаукесер» дәстүрлерінен жиналған қауым көріністер тамашалады.. Іс-шара барысында қонақтарға арналған дастарқан жайылып, қазақтың ұлттық тағамы – ет пен наурыз көже оқырмандармызға ұсынылды. Оқырмандарымыз ақ баталарын беріп, жылы тілек лебіздерін білдірді.