Жұмбақты шеш
-
Дата: 06:09:24
-
Место события: Жангутты-би 39
Тілдер мерекесіне орай, аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен шығармашылық платформа өткізілді. Шығармашылық платформа аясында, «Мақал-мәтелді жалғастыр», «3 тілде жұмбақты шеш» сайысы және «Көне сөздердің мағынасын тап» атты қызықты викторина өткізілді. «Мақал-мәтелді жалғастыр» атты сайысқа әр сала қызметкерлері қатысты. Жүргізуші оқыған тіл туралы мақал-мәтелдерді жалғастырды. «Жұмбақты шеш» сайысына Ы.Алтынсарин атындағы мектеп оқушылары қатысты. Жұмбақ жасырылып, оқушылар шешімін тауып, жауабын 3 тілде аударды. «Көне сөздердің мағынасын тап» атты қызықты викторинаға зейнеткер оқырмандар қатысты. Жүргізуші оқыған көне сөздердің мағынасын тауып, түсіндірме жасады.
Соңғы сілтеме арқылы видеоны көре аласыздар!
https://www.instagram.com/reel/C_kvtaMsMGe/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==