Есенбекұлы Тілеуқабыл 1943 жылы Шет ауданда дүниеге келген. Бүркітші, құсбегі. ҚарПТИ-ді бітірген. 1967-1970 жылы құрылыста прораб-инженер, 1970-1973 жылы Шет аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, 1973-1975 дылы аудандық облыстық партия комитеттерінде, 1976-1991 жылы мемлекеттік қауіпсіздік комитетінде әр түрлі қызметтер атқарды. Ұмыт болуға айналған халқымыздың төл өнері құсбегілік қайта жандандырып, халықаралық «Салбурын» сайысын алғашқылардың бірі болып өткізді. Шетел ақпарат құралдарында құсбегілікті насихаттауға барынша күш салды, Батыс Еуропа елдерімен құс баптау бойынша тәжірибе алмасу жұмысы жолға қойылды. Экологиялық, аңшылық туризммен шұғылдану мақсатында және қоршаған ортаны сақтап қалу жолында көп еңбек сіңірген азамат.
Пайдаланған әдебиеттер:
Шет ауданы: Энциклопедия – Алматы: Қазақпарат, 2011.-89 б.
Шет ауданы. Энциклопедия.- Алматы: ҚАЗақпарат, 2013.-163 б.
Ол туралы:
Шет ауданы: Энциклопедия – Алматы: Қазақпарат, 2011.-89 б.
Шет ауданы. Энциклопедия.- Алматы: ҚАЗақпарат, 2013.-163 б.