Наверх

«Шет аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ-нің жоспарына сәйкес Ақжал кенттік кітапханасында «Кітапхана жұмысындағы инновация түрлері» деген тақырыпта аудандық жылжымалы семинар өтті.

...

Семинардың мақсаты: Кітапханашылардың өткізетін іс-шараларында, оқырмандармен жұмыста қолданатын әдіс-тәсілдерді жетілдіру, озық тәжірибелермен бөлісу.

Семинарға Ақшатау, Ақшоқы, Кеншоқы, Талды, Батық, Нұраталды, Қызылқой, Мойынты, Төменгі Қайрақты ауылдық, кенттік кітапханасынан кітапханашылар келіп, қатысты. Аталған семинардың тақырыбы мен жоспары алдын-ала беріліп, осы аталған кітапханашылар «Жастар бұрышын» ұйымдастырып, іс-шараларын көрсету керек болатын. Осы семинарда Ақжал кенттік кітапханасы «Абайдың інілері, қазақтың ірілері» атты поэзиялық кеш ұйымдастырып, «Сәкен, Ілияс, Бейімбет» деген тақырыпта кітап көрмесімен таныстырды.

Мерейтойларға байланысты Кәмел Жүністегі- 80 жас, Құлтөлеу Мұқаш -60 жас, Аманжол Әлтай -50 жас, Ақұштап Бақтыгереева -75 жас, Абзал Бөкен- 70 жас, Рымқұл Сүлейменов -80 жыл бекітілген жоспар бойынша іс-шаралар ұйымдастырылып, өтілу барысы көрсетілді. «23-сәуір Халықаралық кітап күніне» және жастар жылына байланысты «Жалындаған жастық шақ», «1-мамыр Бірлік күніне» арналған «Ел бірлігін сақтаған, татулықты айт» тақырыбында іс-шаралар өткізілді. Кітапханашыларға берілген іс-шаралар өз деңгейінде өтті.

Семинар соңында, аудандық орталық кітапхананың басшысы және әдіскерлердің тарапынан кітапхана жұмыстарын жетілдіру бағытында, қанық және ақпараттық, әдістемелік кеңестер және ұсыныстар айтылды.

Еще фото


Количество посещений: 3790