«Жазғы кітапхана» акциясының мақсаты: оқырмандарға жаңа әдебиеттер ұсыну, қазақ жазушыларының шығармаларымен таныстыру, насихаттау. Шет аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Жақсы кітап – жан азығы» атты жазғы кітапхана ұйымдастырылып өткізілді. «Жазғы кітапхана» аясында жаңа әдебиеттер, қазақ жазушыларының шығармалары, шытырман толы оқиғалар туралы әдебиеттер оқырман назарына ұсынылып, әдеби шолулар өткізілді.Кітапханашылармыз «Қандай жанрдағы кітапты сүйіп оқисыз?», «Қай жастан бастап кітап оқығанды ұнатасыз?» - деген тақырыптарда сауалдар қойды.
Количество посещений: 4262