Наверх

Шығармашылық байқаудан жүлдемен оралды.

...

Жуырда аудандық орталық кітапхананың оқырмандары Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен,  Қазақстан Республикасының тұңғыш Президентінің «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларын негізгі іске асыру және ұлтжанды, өнегелі білімқұмар болып өсуіне негіз қалау, жас ұрпақты отансүйгіштік рухта тәрбиелеу,  жастарды қазақ әдебиетінің тарихын, көркем поэзияны терең сүю, білу, зерттеу мақсатында өткізген облыстық жыр мүшәйраларға қатысты.

  Атап айтсақ, Кеңес Одағының батырлары Нүркен Әбдіров пен Қазбек Нұржановтың 100 жылдық мерейтойларына арналған «Өшпес ерлік» атты облыстық жыр мүшәйрасына қатысқан  Бұрма ауылынан Сейіт Наурызбай, Ақадыр кентінен Әлімхан Береке және Қуанған Қатираға сертификаттар табыс етілді. Осы аталған байқауға қатысушылар Алпысбай Назар және Амангелді Бақытнұрға алғыс айтамыз.

  Сонымен қатар, жазушы, көрнекті мемлекет  және қоғам қайраткері, қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдық мерейтойына арналған «Сәкен тірі! Қазақтай елі барда...» және «Рухани жаңғыру өскелең ұрпақтың – дара жолы» тақырыбында  облыстық эссе жазу байқауына бірнеше оқырмандар қатысты. Атап айтсақ, Дәрия кенттік кітапханасының оқырманы  Жолдас Марғұлан, Үңірек ауылдық кітапханасының оқырманы Кәртай Мадина және Тұңғышбекова Жұлдыз, Ақжал кенттік кітапханасының оқырманы Қалабаева Мерей, Бұрма ауылдық кітапханасының оқырманы Сейіт Наурызбай және аудандық орталық кітапханасының тұрақты оқырманы Ярова Жұлдыз байқауға қатысты.  Әрине, аудан  атынан барғандықтан, жауапкершілік жүгі оңай болмады. Дегенмен, байқаудың   екі кезеңінен  де мүдірмей өтіп, жүлделі орындарға ие болған   Бұрма ЖОББ мұғалімі Сейіт Наурызбай жүлделі  І орын, Ж.Ақылбаев атындағы мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы Ярова Жұлдыз жүлделі ІІ орын алып, ақшалай сыйақымен марапатталды. Марапат иелері  өздерінің әсерлерімен бөлісе отырып, құнды мәліметтерді мәңгі жадыларында сақтап, ел қамы үшін аянбай еңбек ететін қазақ жастары өсіп жетіледі деген сенімдеміз.

   Өткенімізге көз тастап, ұлттық тарихымызды халықтың игілігіне айналдыра отырып, болашаққа қарай ұмтылуымыз қажет. «Бүгінгі күн – кешегінің жемісі, ертеңгінің болмысы», - дейді дана халқымыз. Қай мемлекеттің болсын ертеңi – бiлiмдi жастардың қолында.  Байқауға қатысып келгендерге өнерлері өрге басып, қанаттары талмай, биіктерге самғай беріңдер демекпіз.


Количество посещений: 3659