Наверх

4 маусым – ҚР рәміздер күніне «Тәуелсіздіктің қасиетті белгілері» атты дөңгелек үстел

...

Дөңгелек үстел барысын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны орындалып ашылды. Кітапханашы Сулейменова Айдана Қазақстан Республикамыздың Мемлекеттік рәміздер жайлы қысқаша тарихи мәлімет беріп және олар қандай мағлұмат білдіретінін айтты. Сонымен қатар библиограф Н.Балдақова «Рәміздер-ұлт мақтанышы» кітап көрмесіне шолу жасап таныстырып өтті. «Елдіктің нышаны, Егемендіктің байрағы»  атты слайд арқылы кітапханашы М.Құнанбаева  ақпарат беріп, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік  рәміздерінің авторлары туралы айтып өтті. Дөңгелек үстел барысында кітапхананың тұрақты оқырмандары Жолғытты Исақ, Жәңібеков Ертай, Төселбаев Тлеухан және басқа оқырмандарымыз ізгі тілектерін айтып, алғысын білдірді.

Еще фото


Количество посещений: 4843