Сағи Жиенбаевтың туғанына 85 жылдығына орай аудандық орталық кітапхананың оқу залында жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларын насихаттау мақсатында «Өмірі өлеңге айналған халық ақыны» атты поэзиялық сағат өткізілді. Әдеби кеш барысында ақын Сағи Жиенбаевтың өмірімен, ақын шығармаларының идеялық көркемдік мазмұны туралы кітапханашы М. Құнанбаева Сағи Жиенбаев туралы ақпарат беріп ашты.«Бизнес бастау» жобасы аясындағы оқуындағы оқырмандармен «Жырдан жаралған жүрек» тақырыптық сөре қойылып, кітапханашы А.Исатаева таныстырып өтті. Оқырмандар ақынның өмірі шығармашылығы туралы өзара пікір алмасты.
Количество посещений: 3410