Наверх

«Рухани келісім-халық бірлігіне бастар жол» атты тақырыпта тәрбие сағаты өтті.

...

18 қазан Рухани келісім күніне орай аудандық орталықтандырылған кітапханада «Рухани келісім-халық бірлігіне бастар жол»  атты тақырыпта тәрбие сағаты өтті. Бәрбие сағаттың мақсаты «Жастардың діни сауаттылығын ашу, «рухани келісім» ұғымымен таныстыру және ұлтаралық қарым – қатынасты сақтау.

Шараға мектеп оқушылары мен ұстаздары шақыртылды. Аталған шараны кітапханашы Ермекбаева Г.Қ. жүргізді.

Тәрбие сағаты кітапхана қызметкерлерінің ауыл тұрғындарынан  «Рухани келісім күні дегенді қалай түсінесіз?» деген сұхбаттарынан видео арқылы үзінді көрсетумен басталды. Тәрбие сағатына аудандық Жанқұтты би мешітінің имамы Ансар мырза арнайы шақыртылып, балаларға рухани келісім жайында және дін аралық, ұлт аралық келісім жайында мағлұмат берді.

Оқушыларды  «Рухани жаңғырудың жарқын жолы» атты көрмемен кітапханашы Аубакирова А.Н. таныстырды.

Шараға жиналған қауымға кітапханашы Құнанбаева М.  «Рухани келісім-бірлік пен татулықтың кепілі» деген тақырыпта танымдық слайд көрсеті.

Тәрбие сағаты өте қызықты да  тартымды өтті.

  

 

 


Количество посещений: 6281