Наверх

«Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран» атты әдеби марафон

Шет аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен Ұлы Жеңіс күніне орай, «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран» атты әдеби марафон өтті. Шара барысында Жеңіс күні әні шырқалып, «Ұлы ерлік мәңгі өшпейді » атты соғыс ардагерлерінің өмірінен сыр шерткен бейне слайд пен «Жеңістің рухы мәңгі асқақ» атты кітап көрмесі оқырмандар назарына ұсынылды.
Осыдан кейін мәдениет майталманы, қоғамдық кеңес мүшесі, еңбек ардагері, аналар кеңесінің төрайымы Г.Ахметова Ұлы Жеңіс ардагері майдангер ақын әкесі Қ.Ахметов туралы естеліктерімен бөлісіп, өлендерін оқыса, аталмыш ардагер жайлы бейнеролик көрсетілді.
Сонымен қатар, кітапхана оқырманы М.Ахметбек Қасым Аманжоловтың «Дариға сол қыз» өленің нақышына келтіре оқыса, аудандық С.Мұхаметжанов атындағы саз мектебінің ұстазы Е.Тілеуберлин "Ана туралы баллада" әнін орындап,көрермен қошеметіне ие болды.

Шара соңында оқырмандар өзара ой бөлісіп, Ұлы Жеңіс мерекесімен құтықтап жылы лебіздерін білдірді.

 

   


Количество посещений: 1683