Наверх

«Өмір сүру өнері»

Шет аудандық орталық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Ы. Алтынсарин атындағы мектеп гимназиясында «Туған жерге тағзым» жобасы аясында, өмірлерін елге, жерге, білімге арнаған ардақты тұлғалардың өмірі жайлы, сол тұлғалардың өмірлеріне шолу жасап, бүгінгі жастарға сол тұлғалардың өнегелі өмірі туралы жазылған кітаптарымен таныстыру мақсатында, білім беру саласында ұзақ жылдар бойы еңбек сіңірген ұстаз, ардагер, селолық кеңестің депутаты, облыстық мұғалімдер съезінің делегаты, көзі тірісінде бірнеше медальдармен наградталған Рашитов Елеу Қымызбайұлына араналған «Өмір сүру өнері» тақырыбында әдеби шолу өтті. Аталмыш шараға Ы. Алтынсарин атындағы мектеп гимназиясының 9-10 сынып оқушылары мен ұстаздары қатысты. Шара барысында Елеу Қымызбайұлының өмірі, қызметі жайлы ақпарат берілді. Әке мен ананың ұстаздық жолын жалғастырып келе жатқан қызы Рашитова Жанна Елеуқызы әкесінің өнегелі өміріне, қандай жолдардан өткені туралы тоқтала кетті. «Суреттер сыр шертеді» тақырыбында слайд көрсетіліп, «Менің әкем, менің әкем ең жақсы адам атты әке рухына арналған кітапқа шолу жасалды. Шараға қатысушы ұстаздар Алтын Медетбекқызы, Алтынай Еркінқызы тарихтың қыр-сырын үйреткен, тәлім-тәрбие берген ұстаз туралы естеліктерін айтты, оқушылар әке рухына арналған арнаулар оқыды. Шара соңында шараға қатысушы ұстаздар кітапхана ұжымына жылы лебіздерін білдіріп, шығармашылық табыс тіледі.

 

 


Количество посещений: 1023