Наверх

«ДАРАБОЗ» интеллектуалды танымдық ойыны

Ж. Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында «Парасат жолы» орталығында Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Қарағанды облысының жастары арасында «ДАРАБОЗ» интеллектуалды танымдық ойынының Финал ойыны ZOOM платформасында өтті. Тартысты өткен бұл ойынның қатысушыларының сайысқа дайындығы ерекше, 3 айналым бойынша үздік өнер көрсетті. Алайда, «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші, Шет ауданының «Ыбырай Алтынсарин атындағы тірек мектеп жанындағы интернаты» КММ атынан қатысқан «Аюлы» тобы финалдық ойынның жеңімпазы атанды. Жүлделі екінші орынды Қарқаралы ауданының «Мәди Бәпиұлы атындағы №44 ЖББ тірек мектеп (ресурс орталығы) жанындағы интернаты» атынан «Алғырлар» тобы иеленсе, жүлделі үшінші орынға Қарағанды қаласы «№53 мектеп-лицейінен» құралған «Алаш елі» тобы ие болды. Жеңімпаздар мен қатысушылар Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы атынан дипломдар мен грамоталар және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Кітапхана оқырмандарын құттықтаймыз!

 


Количество посещений: 2169