Наверх

Ақселеу Сланұлы Сейдімбектің туғанына 80 жыл толуына орай аудандық орталық кітапханада 8-ші желтоқсан күні «Алашқа ортақ тұлға» тақырыбында поэтикалық ода өтті.

Қазақстан Журналистер Одағының лауреаты, Қазақстан Жазушылар Одағы сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері , ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Ақселеу Сланұлы Сейдімбектің туғанына 80 жыл толуына орай аудандық орталық кітапханада 8-ші желтоқсан күні «Алашқа ортақ тұлға» тақырыбында поэтикалық ода өтті. Кешімізге Шет агротехникалық колледж студенттері және колледж кітапханашысы қатысты. Кеш барысында ағамызың өмір жолы жайлы бейнеролик көрсетілді. Облыстық байқаудан жүлделі орын алған А.Сейдімбектің «Тауға біткен жалбыз» және «Рамазан мерген» әңгімелеріне дайындалған буктрейлер оқырмандар назарына ұсынылды. Студенттер А.Сейдімбекке арналған арнауларды мәнерлер оқыды. «Ақселеу-қазақтың қазынасы» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.

 


Количество посещений: 1922