Өткен ғасырдың жиырма сегізінші жылында аудан болып құрылған Шет бүгінде керегесін кеңге жайған облысымыздағы іргелі аудандарының бірегейі. Содан бергі кезеңде сынаптай сырғыған уақыт-ағзаммен үндесе күн кешіп, қоғам өміріндегі елеулі серпілістер мен сілкіністерге қоян-қолтық араласты. Сонар түспеген соңғы шақта тыңнан түрен тартқан ауданымыздың абыройын асқақтатып спорт әлемінде өшпес із қалдырған
сындылар тұғырлы өлкенің сайыпқыран саңлақтары.
Қазақ халқының ұлттық өнері – құсбегілікті биікке көтеріп, саясаткерліктің сәнімен шет елдерді де тамсандырған
Есенбеков Тілеуқабыл
Әбдіразақов Мұрат есімдері көпке мәшhүр.
Спорт әлемін өркендетуге өрнекті із қалдырған еңбегімен ел құрметіне бөлеген аға буын өкілдері өз алдына бір төбе. Заманның дауылдары мен жауындарынан ықпаған, ел намысын жықпаған мәрт мінезді Шет ауданы халқының тұғырлы тұлғалары тарих тақтасына алтын әріптермен жазылып қалары сөзсіз. Кейінгі жас ұрпақтарда спорттан құр алақан емес, олардың арасында да көптеген майталман спортшыларымызда жетерлік.
Спортшылар мерзімді басылымдар беттерінде:
Количество посещений: 13534