Жоғары

Басты бет

...

Құрметті сайт қонақтары!   

Шет аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің сайтына қош келдіңіздер!

 “Халқың қандай?”- десең, салтыңнан сынап біл.

“Өзің қандай?” – десең, халқыңнан сұрап біл  -дегендей кітапхананың адамды тәрбиелеуде орны ерекше.

“Қыран – түлегіне қайыспас қайрат сыйлайды, ұстаз - шәкіртіне талмайтын талап сыйлайды”- деп парасатты бағдарламасын алға тартса, кітапханашы оқырманына “Тәтті жеміс бұтақта,құттың құты кітапта” – деген нақыл сөзді алға тартады. Аталарымыздың асыл дәстүр-салтын, бабалар парасатын осы кітап арқылы сусындатудамыз. Өткен замандарда жасаған ақылмандардың бізге қалдырған ой-парасат мирасы мол.

Бүгінгі ұрпақ бұрынғылардың ақыл-кеңесіне құлақ салса адаспай, абыржымай, жаңылмай, жаза баспай арман-тілегіне жетеді. Осы даналардың өсиетін насихаттау кітапхана саласына қатысты.

Тәрбие - өмірдің өзекті мәселесі. “Ата-ананың ақылы – сайрап жатқан жолмен тең, зерделінің ақылы – сайрап жатқан жолмен тең” – деген нақылды кітапхана қызметкерлері берік ұстанып, өз оқырмандарына дұрыс бағыт, саналы тәрбие ретінде ұсынады. Әр оқырманның ой-санасына, талғамына ерекше көңіл бөле отырып, бүгінгі бөбектен бастап еңкейген қарттарға дейін еңбек етесің. Кітапханамызға келген  әр оқырман өз қылығымен, сүйкімділігімен, парасаттылығымен, еңбекқорлығымен ерекшеленеді.

Шет аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарасты кітапханалар Сіздерді кітапхана оқырманы болуға шақырады.

 

Мұнда Сіз біздің кітапхананың жұмысы туралы жаңалықтарды табасыз.


Бізге жазыңыз: shet.library@mail.ru

Телефон соғыңыз: телефакс +7(710-31)21-9-04, 21-0-93 
Ең дұрысы өзіңіз келіңіз. Күтеміз!

Кітапхананың жұмыс тәртібі

Кітапхана оқырмандар үшін 9.00 – 18.00 дейін жұмыс істейді.

Үзіліс уақыты 13-00 ден-14-00 ге дейін

Демалыс күні — сенбі, жексенбі

Әр айдың соңғы күні — тазалық күні

 

Кітапханаға қалай жазылуға болады

Жасы 16 толған кез-келген азамат(ша) кітапхана оқырманы бола алады.

Кітапханаға жазылу үшін керекті құжаттар:

жеке бас куәлігі;

Кітапхананы пайдалану ережесі

Кітапханада Абонемент және Оқу залына жазылуға болады. Кітапханаға жазылу барысында: Кітапхананың пайдалану ережесімен танысу, оқу залына жазылу барысында жеке куәлік немесе басқа да құжаттар көрсету міндетті. Кітапхана оқырманы оқырман формулярына қол қою арқылы алған кітабына жауапкершілігін белгілейді. Оқырман формуляры -оқырманның кітапханадан үйге алғандығын және қайтарғандығын анықтайтын құжат. Оқырманның тұрғылықты жері, тегі және басқа өзгерістер болған жағдайда оқырман кітапахана қызметкеріне хабарлама жасауы тиіс.

Сіздерді бізде өтетін іс-шараларға шақырамыз: кітап көрмесі, әдеби кеш, презентация т.б.

Біздің Сайттың хабарландыру бөлімін қараңыз, кітапханадағы хабарландыруларға көңіл аударыңыз.

Анықтама телефоны: 21-0-93


Келулердің саны: 435583

Соңғы мақала

Тәуелсіздік күні мерекесіне орай «Тәуелсіз елдің таңы жарық» атты әдеби – сазды кеш өткізілді.

12.12.2018

... Шет аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен Тәуелсіздік күні мерекесіне орай «Тәуелсіз елдің таңы жарық» атты әдеби –…

Толық

Шет аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде 1 желтоқсан – Қазақстанның тұңғыш Президенті күніне орай «Тәуелсіздіктің нұры - тұңғыш Елбасы» атты тәрбие сағаты өткізілді.

28.11.2018

... Іс - шара бастамасы Қазақстан Республикасының әнұранымен басталды. Шараны кітапханашылар А. Төлеукенова мен М.Құнанбаева жүргізіп отырды.…

Толық

Шет аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің КММ ұйымдастыруымен ақын – жазушы С. Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығына орай «Ақын есімі – ел есіңде» атты әдеби кеш өткізілді.

23.11.2018

... Кешті кітапханашы Б. Амангельдинов жүргізіп, оқырмандарға С. Торайғыровтың өміріне арналып дайындалған «Ақындардың сұлтаны» атты…

Толық

Шет аудандық кітапханасы мен Ж. Ақылбаев атындағы мектеп – гимназиясының бірлесе ұйымдастыруымен мектептің мерекелік залында жергілікті ақын, ұстаз Тезекбай Амандықұлымен «Өзің, Өлең, жанымнан табылатын» атты әдеби кездесу кеші өткізілді.

22.11.2018

... Аталмыш шараға ақынның өмірдегі досы Қантай Асылбекұлы мектеп ұстаздары мен оқушылары және де аудандық орталық кітапхана ұжым мүшелері…

Толық

«15 қараша – Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – Теңге күніне» және «Бір ел – бір кітап 2018 акциясына орай «Магнит» мектеп оқушыларымен «Алаштың атаулы күндері» атты диверсимент кеші өткізілді.

16.11.2018

... Шет аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің КММ ұйымдастыруымен «15 қараша – Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы…

Толық

Аудандық кітапханада С. Сейфиллиннің «Тар жол тайғақ кешу» романына арналған «Дауыстап оқу – 2018» онлайн акциясы өткізілді.

14.11.2018

... 2018 жылдың 14 қарашада Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Сәкен Сейфуллиннің «Тар жол тайғақ кешу»…

Толық

Ж. Ақылбаевтың туғанына 80 жыл толуына орай «Тамыры терең, қадірі ерен бәйтерек» атты танымдық сағат ұйымдастырылып өткізілді.

13.11.2018

... Шет аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің КММ ұйымдастыруымен Шет ауданының 90 жылдығы және де Ж. Ақылбаевтың туғанына 80 жыл…

Толық

Шет аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің КММ майдангер жазушы, драмматург Т.Ахтановтың 95 жылдығына орай ұйымдастыруымен «Дәуірдің алтын жұлдызы» атты танымдық сағат өткізілді.

06.11.2018

... Танымдық сағатқа кітапхана ішінде «Жеке кәсіпкерлікті дамыту» жобасының бизнес тренері Ченгельбаева Мақпал Маулетқы, координатор…

Толық

«Ауданымыздың мәдени ошақтарын біліп, танимыз!» атты ұранмен мектеп оқушылары аудандық орталық кітапханаға саяхат жасады.

01.11.2018

... Шет аудандық орталық кітапханасына Ж. Ақылбаев атындағы мектеп - гимназиясының бастауыш сынып мұғалімдерінің «Ауданымыздың мәдени…

Толық

2018 жылдың 24-ші қазан куні Шет аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінін оқу залында Кітап қорының жинақтау бөлімінің ұйымдастыруымен "Кітапханаларда әмбебап ондық жіктеудің жалпы қағидалары" атты семинар өткізіліді.

24.10.2018

... "Кітапхана ісін жетілдіру-ортақ міндет" 2018 жылдың 24-ші қазан куні Шет аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінін оқу залында…

Толық