Тел.: +7 705 777 7788 Kıru

Республикаға белгілі құсбегі, саятшы Есенбекұлы Тілеуғабыл ағамыздың мерей той аясында ұйымдастырылған кеш, аудандық мұражайдан бастау алып, орталық кітапханада жалғасын тапты.

Республикаға белгілі құсбегі, саятшы Есенбекұлы Тілеуғабыл ағамыздың мерей той аясында ұйымдастырылған кеш, аудандық мұражайдан бастау алып, орталық кітапханада жалғасын тапты.

Республикаға белгілі құсбегі, саятшы Есенбекұлы Тілеуғабыл ағамыздың мерей той аясында ұйымдастырылған кеш, аудандық мұражайдан бастау алып, орталық кітапханада жалғасын тапты. Кешімізге келген қонақтарды бүлдіршіндердің биімен қарсы алып, ұлттық киімдегі әжелеріміз жол бастап, оқырмандар залында орналасқан ұлттық дәстүрде дайындалған ақ дастарханға жайғастырды. Іс шара барысында кітапханашылардың дайындаған шағын қойлымын тамашалап,
кітапхана оқырманы Сембайұлы Досболдың әуелете шырқаған әніне ризашылықтарын білдірді.
Кеш барысында "Құсбегілік - ұлттық дәстүр" тақырыбында кітап көрмесі таныстырылып, Тілеуғабыл ағамыздың бастауымен ұйымдастырылған "Салбурын" сайысынан видео көрсетіліп, бүркітшілермен қызықты ойындар ойнатылды. Кеш соңында ағамызға аудан әкімінің орынбасары Жумкин Мақсат Боранбайұлы және Шет ауданының мәдениет тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ахмедия Самат Аманжолұлы сөз сөйлеп иығына шапан жауып, құрмет көрсетті. Келген қонақтар ыстық ықыластарын білдіріп, жақсы әсерде тарқасты.