1 қыркүйек «Білім күніне» орай «Ұлт болашағы- сапалы білім» атты ашық есік күні өтті

Ашық есік аясында «Жаңа әдебиеттер» мен көп оқылатын кітаптарымыз оқырман назарына ұсынылып, әдеби шолулар , викториналар өтті.
Кітапханашымыз А.Толеукенова мен А.Исатаева дайындаған «Кітап- сарқылмас қазына » атты кітапқа байланысты сұрақтарға Кәмели Әмина, Кәрібекова Шырақ, Бекетаева Аяулым,Серік Мәди, Маратов Дастан толығымен сұрақтарға жауап берді.
Кітапханашымыз М.Құнанбаева дайындаған «Келешекке - кемел біліммен» атты кітап көрмесі таныстырылды. Өлкетану сұрақтары бойынша «Аялдама » викторинасына Аяулым Муратова, Смағұл Шапағат жауап берді, «Сандар сөйлейді», «Адасқан сөздер», «Бас қатырғыш» атты викториналарға Төлеуова Айбибі,Абжанова Гүлдана, Максутов Мирас белсене қатысты. Кеш сонында Ы.Алтынсарин атындағы мектеп- гимназиясының оқушылары Мерей Советова мен Мерей Мейіржанова «Мектебім» әнін орындады.