Тел.: +7 705 777 7788 Войти

2 сәуір – Халықаралық балалар кітап күні.

  • Дата: 04:04:17
  • Место события:
  • Автор: Admin
2 сәуір – Халықаралық балалар кітап күні.
...

Халықаралық балаларға арналған кітап күні 1956 жылдан бастап жыл сайын дат жазушысы Ганс Христиан Андерсеннің туылған күніне орай яғни сәуір айының 2-де атап өтіледі. Халықаралық күн саналатын атаулы мереке аясында түрлі балалар кітаптары жарнамаланады. Барлық балалар кітапханасында түрлі байқаулар, кітап көрмелері ұйымдастырылып, бұрыннан таныс болмай келген кітаптар жайында айтылады. Осы күнге орай кітапханамыздың қызметкерлері ауданымыздың «Нұрдәулет» балабақшасына барып әр топтың кішкентай бүлдіршіндеріне  «Ертегілер әлемінде» атты ертеңгілік өткізді.  Кітапханамыздың абономент бөлімінің кітапханашысы Бейбутова Саулетай кішкентай бүлдіршіндерді ертегі кітаптармен таныстырып «Қарлығаш пен дәуіт» ертегісін оқып берді. Балаларға ертегіні тыңдата отырып, қарлығаштың адамға дос екенін, дәуіттің адалдығын тусіндіріп, балаларды бір-біріне көмектесуге, қиналған кезде жәрдем беруге үйрету, табиғатты сүюге, аялау керектігін  айтып өтті. Әдіскер Ахтаева Гулим абонемент бөлімінің кітапханашысы Аубакирова Анара  «Қызықты кітаптар», «Ертегілер әлемінде» атты арнайы жасалған слайт арқалы әр-түрлі ойындар ойнатты. Оқу залының кітапханашысы Мукатова Бағдат бағдарламаушы Кузембаева Насипкуль дайындап апарған «Алдар Көсе», «Микки Маус» мультфильмдерінен үзінді көрсетті. 

тағы суреттер: