Тел.: +7 705 777 7788 Войти

21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні

21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні

Елдің рухани дамуы мен кемелденуі үшін ең маңыздысы мәдениет саласы екені мәлім. Құлақтан кіріп бойды алар тәтті әуен мен күмбірлеген күй, әуезді әуенмен үйлесім тапқан ырғақты би, рухани байлық сыйлайтын театр, кітапхана бәрі де осы мәдениет ұғымы аясында бірігіп, елге қызмет етіп келеді. Осы орайда ауданымыздың мәдени саласыда бүгінде өнер әлемінің алды болып, руханияттың үлгісі болып отырғаны мәлім. Осы мереке аясында аудандық орталық кітапханада «Мәдениет ұлттың қайнары» атты бенефис шоу кеші өтті. Кеш шымылдығы кітапхана қызметкері Молдабеков Думанның орындауындағы «Аяулым» атты әсем әнмен ашылса, іс шара барысында сөз алған әнші, актер, ақын сазгерлік қырынан танылған «Атамекен» ансамблінің белді мүшесі Рашитов Амантай ағамыз әңгімені «Ақсу-Аюлы» ән-би халық ансамблінің алғашқы құрамы жайында, қазіргі таңда сазгер, күйші, актер Ыбыжан Төлегенұлының құрметіне аты берілгенін мақтанышпен айтып өтті. 
Өнердің сан қырын меңгерген Ыбыжан ағаның театрдағы қызықты шақтарында еске ала отырып, сөз соңында Амантай аға өз туындысы «Ақтөбе ауылым» атты әнін орындап берді. Ансамбльдің күміс көмей әншісі Медеуова Марал әңгімені одан әрі өрбітіп, қызықты кездерді еске алып, «Жібек жолы аруы » әнін орындап кешімізге көңіл күй сыйлады. Алматының төрінде өнер көрсетіп, бірнеше би өнерін халықа паш еткен бишілер басқа салада еңбек етседе, осы ансамбльдің өсіп өркендеуіне өз үлестерін қосқан Сыздыкова Сайран, Абдыгалиева Жанагүл, Секербаева Венера өз ойларын ортаға салса, күй өнерінің майталманы күйші актер Мұстафин Қайрат ағамызда өзінің күй өнеріндегі еңбек жолын айтып өтіп, кеш қонақтарына Қыздарбектің «Мұң қосбасар» күйін тарту етті. Кеш соңында киелі саханада өз өнерлерімен халықты тәнті еткен кезінде директорлық қызметін атқара жүріп, ауданымыздың эстрадалық вокал тобын құрған Боранбаев Қайрат ағамызда мәдениет саласында жеткен жетістіктерімен еңбегі жайында айтып өтті. Кеш қонақтарына қонақ кәде жасаған, кітапхана қызметкері Нұрахметов Азаматтың орындауында Шәмші Қалдаяқовтың «Арыс жағасында» әнін барлығы бірге шырқады. «Мәдениет -өмір айнасы» атты кітап көрмесі таныстырылып, экраннан «Жылдар сыр шертеді» тақырыбында бейне слайд көрсетілді. Шара соңында кітапхананың директоры Нурпеисова Мейрамкуль Сансызбайқызы келген қонақтарға жылы лебізін білдіріп, сыйлықтар табыстады. Іс шараға қатысқан кітапхана оқырмандары Ж. Ақылбаев атындағы мектеп гимназиясының 9-10 сынып оқушылары Мәдениет пен өнер жайында біраз мағұлмат алып, өнердегі аға буын өкілдерінің әңгімелеріне тәнті болып, жақсы көңіл күйде тарқасты.