Тел.: +7 705 777 7788 Войти

«Біздің Елбасы» атты танымдық кеш

  • Дата: 30:11:16
  • Место события:
  • Автор: Admin
«Біздің Елбасы» атты танымдық кеш
...

     Шет аудандық балалар кітапханасы Аудандық мәдени-сауық орталығының залында  1 желтоқсан - ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай  «Біздің Елбасы»  атты танымдық кеш өткізді. Әділеттің ақ жолын басты бағдар етіп елінің егемендігін, ынтымақты, тұтастық пен бірлікті ойлаған, ұрпақтың саналығына мән берген, ар мен намысты биік ұстаған, әлемдік деңгейдегі ірі қоғам қайраткері, Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тарих сахнасындағы елеулі орны мен ерен еңбегін ардақтауға арналған  кешке аудан орталығындағы  Ы. Алтынсарин атындағы мектеп-гимназия базасындағы тірек мектебінің және Ж. Ақылбаев атындағы эксперименталдық мектеп гимназиясының 7,8 -сынып оқушылары қатысты.                      

     Іс-шара мақсаты - Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағұлмат беру; Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу; бүгінгі ұрпақтың  жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу. Танымдық кештің шымылдығын  Аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі, ҚР Мәдениет қайраткері және Еңбек ардагері медальдарының иегері Ахметова Гүлшара Қамиқызы ашты.

   Танымдық  кешке келген қонақтарымыз ауылдың ардагер -ақсақалдары Алғожин Шәйкен, Сейілбеков Қуаныштай, Байтанасов Медет, Жолғұттыұлы Исақ, Толегенқызы Рая апаларымыз, аталарымыз өздерінің жылы лебіздерін, Елбасына деген ерекше құрметтерін білдіріп жәнеде Ұлы еңбегіне лайықты баға деп білдірдіріп қатысушы оқырмандарымызды Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен, Тұңғыш Президент күнімен құттықтады.

    Ы. Алтынсарин атындағы 6-сынып, 7 -сынып оқушылары Елбасының отбасы, балалық шағы және қызмет жолдары жайлы тоқталып өтті. Сонымен қатар  Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Адырбек Сопыбековтың «Елімнің қыран бүркіт, мұзбалығы» атты өлеңін  оқыды. «Елбасы-Ел тірегі, Абыройы, Айбаты!» атты  слайд көрсетіліп, «Қиядағыны көретін көз, қиялдағыны аңдайтын ақыл» атты тақырыптағы кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды. Кеш Аудандық балалар кітапханасының қызметкерлері мен барша жиналған қауымның Елбасымыздың құрметіне шығарылған «Нұр аға» атты әнді қосыла орындауымен аяқталды.

тағы суреттер: