Тел.: +7 705 777 7788 Войти

«Экспо-2017» - бүкіләлемдік көрме»дөңгелек үстел отырысы

  • Дата: 28:02:17
  • Место события:
  • Автор: Admin
«Экспо-2017» - бүкіләлемдік көрме»дөңгелек үстел отырысы
...

28 ақпан 2017 жылы    «Экспо-2017» - бүкіләлемдік көрме» дөңгелек үстел отырысы  Шет аудандық орталық кітапхананың ұйымдастырумен Агротехникалық колледжде  «Экспо-2017» - бүкіләлемдік көрме» дөңгелек үстел отырысы өтті.Дөңгелек үстел отырысын кітапханашы Г. Мұхтарова жүргізді.

«Шыңға шығар белес» атты тақырыптық сөремен Д.Жолдыбекова таныстырып әдеби шолу жасады

Іс- шараға Агротехникалық колледжінің 2 курс студенттері белсене қатысты.

Дөңгелек үстел отырысында колледж студентерімен мұғалімдері : 2012 жылғы 22 қарашада Халықаралық көрмелер бюросына мүше 161 елдің өкілдерінің жасырын дауыс беру барысында Астана жеңіске жетіп, ЭКСПO - 2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі өтетін орын ретінде таңдалды. Астананың өтінімін 103 ел қолдады. ЭКСПО - 2017 ТМД елдерінде өтетін алғашқы көрме болмақ жайлы әңгіме қозғалып ,  Халықаралық көрме барша әлемге осы саладағы қазақстандық ақыл - ойдың қуаты мен әлеуетін паш ететін болады. Бұдан басқа, ЭКСПО нысандары үшін жол салу, қоғамдық көлік, коммунальдық шаруашылық, әуежай, вокзал тәрізді инфрақұрылымдық жұмыстар өркендейді. Бұл дегеніңіз жаңа жұмыс орындары, Астана мен оның маңындағы аймақтарда шағын және орта бизнестің дамуына және ішкі туризмнің артуына серпін бермек. Елімізге шетелдік туристер ағыны күшейетіні белгілі ЭКСПО болашақта Қазақстанды ірі несиелер құюға болатын халықаралық ақпараттық - экономикалық алаң ретінде тануға мүмкіндік беретіні жайлы баяндама оқылды.

тағы суреттер: