«Ғарыш келешектің жолы»

12 сәуір 2017 жылы Шет аудандық орталық кітапхананың ұйымдастырумен ғарышкерлер күніне орай агротехникалық колледжде «Ғарыш келешектің жолы» атты дөңгелек үстел отырысы өтті .
Дөнгелек үстел барысын ғарышкерлер күнімен құттықтап, кітапханашы
Б. Амангелдин ашты. Ғарышкерлер күніне орай ұйымдастырылған «Ғарыш әлеміне саяхат»атты кітап көрмесімен кітапханашы М.Құнанбаева таныстырып, әдеби шолу жасады. «Ғарыштағы ғалам » атты слайд арқылы викториналық сұрақ жауап ойынын кітапханашы Г.Мұхтарова жүргізді. Кітапханашы А.Исатаева дайындаған «Ғарышкер» атты сөзжұмбақты шешуге студенттер белсенді қатысты. Дөңгелек үстел аясында ай мен жұлдызбен байланысты есімдер туралы колледж мұғалімдері айтып, қазақтың ғарышкерлер Т.Әубәкіров , Т.Мұсабаев , А. Айымбетовтер жайлы колледж студенттері баяндама оқып берді. Іс шараны қорытындылай келе колледж студенттері мен мұғалімдері өз тілек лебіздерін білдірді.