«Әйел отбасында шуақ, қоғамда тірек» атты мерекелік кеш.

Аудандық орталықтандырылғын кітапхана ұжымының ұйымдастыруымен «Әйел отбасында шуақ, қоғамда тірек» атты мерекелік кеш өтті.Мерекелік кешке : зейнеткер, қызметкер, жұмыскер аналарымыз бен әпкелеріміз қатысты.Іс- шарамызды кітапханашылар «Ана туралы жыр» әнімен шымылдығын ашты.
Мерекелік шараны ақын, өнерпаз кітапхана жұмыскері Берікбол Амангелді жүргізді.
Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезімнің нұрын құйып, 8 наурыз –Халықаралық әйелдер мерекесі келді. Бұл көркем мерекенің қашанда орны бөлек. Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау кең дүние мен тіршілік тек әйел баласымен ажарлы. Жер бетіндегі кез келген халықтың өз алдына ұйым болып ұйысуына, жеке халық егемен ел, дербес мемлекет болып қалыптасуына әйел – аналардың сіңірген еңбегі қашанда орасан зор.
Іс- шара барысында Азамат Азатұлы барлық әйел қауымын 8 наурыз мерекесімен құттықтап, өзінің ізгі тілектерін тіледі.Мәдениет және өнер қайраткері Гүлшара Кәмиқызы келген оқырман қонақтарды құттықтады.Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, ақ тілек мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен астасып жатады. Мерекелік кешімізде аяулы, асыл аналарымыз ақ тілектерін білдірді. Айта кетсек: Манап Қарашолаққызы, Рая Төлегенқызы,Гульсара Сузахбайқызы,Гулжихан Айыпқалиқызы, Кенжебала Биғарашева, Гульнар Рыскановна, Меруерт Әбішева, Хауарира Әбітаева, Венера Сайлауқызы, Тлеукуль Каратаевна, Алмагуль Самбетовна, Арайлым Серикова, Индира Төлешқызы.Өмір бесігінде бесік тербетіп, адамзат баласына ұрпақ сыйлар ұлы құдырет иесінің есімі әрқашанда қастерлі, сөзі- өсиет, тұғыры биік. Мерекеге орай А.Исатаева дайындаған «Ана- жүректің гүлі» атты слайд көрсетілді, «Тіршіліктің тұтқасы, сіздер аналар» атты кітап көрмесімен Б.Шидербекова таныстырды. Тәуелсіз еліміздің бүгінгі күнге нығайып, әлем таныған абыроймен жетулеріне асыл аналарымыз, ардақты жеңешелеріміз бен апа-әпке, сіңлілеріміздің өлшеусіз үлес қосқандығы ақиқат. Отбасының күнбе-күнгі шаруасын, бала тәрбиесін және қоғамдық жұмыстарды қоса атқара жүріп әйел заты біздің қоғамдағы тұрақтылық пен ел бірлігін сақтау мәселесінде шешуші рөл атқарып келеді. Кітапхана оқырманымыз Жайбол Сұраған аналарымызға «Көніл толқыны» атты күйін шашу етті.
Ана – барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш, тіршіліктің қайнар бұлағы. қазақ әйелінің дастарханы тоқ, қонағы ырза, дүниесі түгел. Олар үшін бірінші орында отбасының берекесі тұрады.
Іс – шара арасында қызықты виториналық ойындар ойнатылып , сыйлықтар таратылды. Мерекелік шара соныңда Аудандық мәдениет және тілдер дамыту бөлімінің бастығы Салтанат Мағауияқызы мен кітапхана директоры Мейрамкуль Сансызбайқызы келген қонақтарды 8 наурыз мерекесімен құттықтап, ақ тілектерін білдірді.