«Ислам-адамгершілік пен бейбітшілік діні»

XXI ғасыр - діни әм идеологиялық еркіндіктің, көне рухани бастарлауға оралудың ғасыры. Әсіресе, Отанымыз Қазақстан үшін, қазақ ұлты үшін Тәуелсіздіктің ақ таңы атқан,рухани қайта түлеген ренессанс дәуірі десек асыра айтқандық болмас.Тек қана транспорттық-логистикалық айтқан қана емес,өркениеттер мен танымыздың тоғыз жолының торабынында орналасқан Қазақ елі - жүзден аса этнос пен ондаған конфессияның берекелі шаңырағы. Алайда, Таяу Шығыстағы соғыс өрті әлем елдеріне төнген қауіп екені белгілі. Осы қатер біздің мемлекеттің де алаңдаушылығын тудырып отыр, біздің елге де салқынын тигізіп жатыр.
27 қазанда «Ислам-адамгершілік пен бейбітшілік діні» атты аудан жастары мен жасөспірімдерінің ауданның бас имамымен ашық сұхбаты өтті.
Көпшілік іс-шара барысында Жанғұтты би мешітінің бас имамы Берік Махамбетчин кітапхана оқырмандарының көкейіндегі біраз сұраққа жауап берді. Діни дұрыс дүниетаным, басты ұстанымдар,көркем мінез-құлық жөнінде әңгіме өрбетті. «Ахи, ата-ана тастай сал», «Сирияға кеткен жастар» атты әлеуметтік бейнероликтер көрсетілді. Оқырмандар арасыннан Бекежан Хамзин, Исақ Жолғұтты, Сияз Кенжебаев, Шет агро-техникалық колледжінің мұғалімі Дархан Искаков, ауданның ішкі саясат бөлімінің бас маманы Думан Сейтжан өздерінің сұрақтарын қойып, жауаптарына қанағаттанды. Сияз ақсақалдың батасымен сұхбаттымыз аяқталды.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні – терроризм мен экстремизм секілді жантүршігерлік қылмыстар Ислам дінімен қабыспайды. Ислам ата-ананы құрметтеу, үлкенді сыйлау, қоғамдық тәртіпке бағыну, адамның өзіне де, халыққа да пайдалы іспен шұғылдануы секілді болмашы көрінгенімен, әр өмірдің негізі боларлық ұстанымдарға шақырады.