«Кітап әлемі-ғажап әлем»

Бүгінгі таңда барлық азаматтың алдында тұрған мақсаты –білімді ұрпақ тәрбиелеу. Олай болса, біздің барлық іс-әрекетіміз осы бағытта болу керек. Ал ұрпақ білімді қайдан алады? Әрине, кітаптан. «Кітапхана-білімпаздар мекені» деуіміздің мәні де осында. Өйткені тәрбие мен білім-егіз ұғым десек, тәрбие мен білім берудің, жаңа жолын кітапханадан табамыз.
Келешек ұрпақтың сана-сезімін, рухани ойлау қабілетін дамыту, кітапты оқуға баулу, білім көзі кітап екенін түсіндіру мақсатында жуырда аудандық балалар кітапханасында Ы. Алтынсарин атындағы мектеп-гимназиясы базасындағы тірек мектебі мен Ж. Ақылбаев атындағы эксперименталдық мектеп гимназиясының 1- 8 сынып оқушыларының қатысуымен «Кітап әлемі-ғажап әлем» атты ертеңгілік өткізілді. Шараны ашқан аудандық орталықтандырылған кітапхана директоры Мейрамкүл Сансызбайқызы мен аудандық балалар кітапхана меңгерушісі Шахаризада Қамиқызы келген жас оқырмандарға ақ тілектерін білдіріп, аудандық балалар кітапханасына үлкен ағымдағы күрделі жұмыстар жүргізілгені туралы айтып, кітапханамыз одан әрі көркейіп келе жатқаны туралы айтып өтті. Мерекелік іс-шара салтанатты түрде Ы. Алтынсарин атындағы 4 сынып оқушыларының «Морязята» биімен ашылып, 1- сынып оқушысы Жанат Ислам мен 4- сынып оқушысы Серик Айзада кітап туралы өлеңдерін оқыды. Кітапханамыздың әдәскері Актаева Гулим келген жас оқырмандарымызды қатар-қатар тұрғызып сиқырлы паравоз жасап «Көңілді поезбен» кітапхана залын айналып саяхат жасады. Саяхат барысында оқу залының кітапханашысы Мукатова Бағдат кітаптардың көптеген ғажайып түрлерімен таныстырды. Кітапханамыздың бағдарламаушысы Кузембаева Насипкуль қазіргі заман талабына сай заманауи технолгиялар WI-FI желісі мен планшеттер, интернет класс туралы таныстырса, библиограф Нұршаева Айнұр кітап көрмелеріне шолу жасады. Алғаш рет осындай үлкен кітапханаға келген балаларға бәрі қызықты болып көрінді. Кітапхана бөлімдерінде болып, балаларға арналған көптеген суреттері бар энциклопедиялар мен анықтамалармен танысып, қызықты және танымдық кітаптарының жиынтығы бар екендігі жөнінде, сонымен қатар кітаптарды қалай дұрыс пайдалану туралы білді. Ж. Ақылбаев атындағы 7-сынып оқушысы Балтабаева Ақнұр «Еркесылқым» күйін орындап, 8-сынып оқушысы Сайран Нұрсұлтан Мұқағалидың өлеңдерін оқыса, 7-8 сынып оқушылары Тезекбаев Нұрғанат, Сайран Аружан, Балтабаева Ақнұр «Алтын балық» ертегісінен қойлым көрсетті, ал кішкентай оқырманымыз осы мектептің 1-сынып оқушысы Мейрам Айсара өзінің «Көңілді күн» әнін орындап қошеметке бөленсе, Ы. Алтынсарин мектебінің 1 сыныбынан құралған кішкентай бүлдіршіндер «Жұлдызай» бишілер тобы, «Аралар» биімен мерекенің сәнін келтірді. Арнай слайд арқылы «Ертегілер әлемінде» атты әр-түлі ойындар ойнатылды. Іс-шара Ы. Алтынсарин мектебінің 4-сынып оқушыларының арнайы мерекеге дайындаған «Мереке» әнімен аяқталды. Мереке соңында балалар кітапханасының меңгерушісі Шахараизада Қамиқызы іс-шараға қатысқан жас оқырмандарымызды марапаттап, мерекеге келген ұстаздарға, оқушыларға ризашылығын білдірді.