Тел.: +7 705 777 7788 Войти

«Мен таңдаған мамандық» атты ақпараттық сағат

  • Дата: 27:02:17
  • Место события:
  • Автор: Admin
«Мен таңдаған мамандық» атты ақпараттық сағат
...

2017 жылдың 27ақпанында Шет аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің оқырмандарға қызмет көрсету залында зейнеткерлермен, қызметкерлермен, колледж түлектерімен, студенттермен «Мен таңдаған мамандық» атты ақпараттық

сағат өтті.

Бұл ақпараттық сағаттың мақсаты:Түлектерімізге болашақ мамандықтарын таңдауда көмектесу және мамандықтар туралы көзқарастарын дамыту.Ақпараттық сағатымыздың барысында жүргізуші аудандық орталық кітапхананың библиографы Абенова Нұржамал кең тараған,өзінің сұранысын жоймаған мамандықтарға қысқаша мағлұмат берді.Осы іс-шараға байланысты ұйымдастырылған«Мамандық әлемі»атты кітап көрмеге Балдақова Нұргүл шолу жасап насихаттады.Келесі кезекте «Мамандық таңдау ең маңызды мәселе» атты слайд көрсетілді.Келген қонақтарға «Әріптік мамандық»атты сергіту ойыны өткізілді.Түлектерге «Менің белгім» атты өз болашақ мамандықтарын суретпен түсіндіру ойыны ұйымдастырылды. Қатысып отырған зейнеткерлеріміз  Смағұлов Әділхан, Гүлшара Қамиқызы, қызметкерлеріміз Бикен Алдабергенқызы, Сағымбаева Жанат жас түлектерге өздеріне ұнаған, қалаған мамандықтарын таңдауға кеңес беріп, Егеменді еліміздің-маман иелері болуларыңа тілектерін білдірді.

тағы суреттер: