Тел.: +7 705 777 7788 Войти

Шет ауданының “Құрметті азаматы” - Рымқұл Сүлейменұлына 85 жыл.

Шет ауданының “Құрметті азаматы” - Рымқұл Сүлейменұлына 85 жыл.

“Жазушысын ұлықтаған ел бақытты” демекші, қазақ халық жазушысы, публицист, Шет ауданының “Құрметті азаматы” - Рымқұл Сүлейменұлына 85 жыл. Бүгін “Шет шұғыласы редакциясы” басшысы Мейрам Дәулетбекұлымен жазушы, журналист Рымқұл Сүлейменов жайында сұхбат жүргізілді. Сұхбат барысында кітапханашы әртүрлі сауалдарға жауап ала алды. Соның ішінде, Рымқұл Сүлейменұлы жайлы не айта аласыз? Журналистік жолын қай жылы, қай газетте бастады? Жалпы шығармашылық жолы, мерзімді басылымдары жайлы атап өтсеңіз. Біздің мақсатымыз оқырмандарды қаламгер Рымқұл Сұлейменовтің шығармашылығымен таныстырып, өлкенміздің тұғырлы тұлғаларын насихаттау. Қазіргі оқырмандарымызға қандай кеңес беретін едіңіз? - деген сауалдар қойылды. Редакция басшысы Мейрам Дәулетбекұлы өлкеміздің тұғырлы тұлғасы Рымқұл Сүлейменұлы жайлы толыққанды ақпарат беріп, жас оқырмандарды кітап оқуға шақырып, өз кеңесін беріп, жылы лебізін білдірді.

None