Тел.: +7 705 777 7788 Войти

«Ырыс пен Ұлыстың бастауы» дөңгелек үстел отырысы

  • Дата: 15:03:17
  • Место события:
  • Автор: Admin
«Ырыс пен Ұлыстың бастауы» дөңгелек  үстел отырысы
...

         Бүгін 15 наурыз күні Шет аудандық орталықтандырылған кітапханада Ұлыстың ұлы күні 22 наурыз күніне орай «Ырыс пен Ұлыстың бастауы» атты дөңгелек үстел отырысы өтті.Наурыз игіліктің, жаңару мен жақсылықтың бастауы. Тамыры тереңде жатқан, кешегі көк тәңіріне табынған исі бір түркі жұрттарының төл мерекесі.Қырда құлыны ойнақтап, қызғалдағы құлпырып, бәйшешегі бүр жарып, күні мен түні теңелетін, қыстан әбігер болған қазақтың құшағы құтқа кенелетін бұл мерекенің халқымыз үшін маңызы өте зор болып табылады. Іс- шараға ауылдық кітапханашылар мен орталық кітапхананың қызметкерлері қатысты. Дөңгелек үстелді кітапханашыларымыз Берікбол Амангелді мен Гүлсім Мухтарова жүргізді. Әз Наурызды бүкіл шығыс халқы. Оның ішінде біздің қазақ халқы әр жыл сайын асыға күтеді. Себебі наурыз салт- дәстүрімізбен, әлеп-ғұрпымыздың керемет көрінісін көз алдымызға әкелетін жаңа жыл басы.Қызметкерлерге наурызға байланысты сөз жұмбақ экран арқылы көрсетіліп, қызметкерлер белсене қатысып сөз жұмбақты шешті. Наурыз- жыл басы, көктемнің басы, ынтымақ ырыс күні болып есептеледі. Демек, бұл күн бірнеше мереке мен тойдың басын қосқан күн. «Қазақтың салт- дәстүрін білесіз бе?» атты викториналық ойын ойнатылып, кітапханашыларымыз сұрақтарға толықтай жауап берді. Кітапханашымыз А.Толеукенова «Наурызым- мерекем, Наурызым - берекем» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, насихаттады. А.Исатаева дайындаған «Наурыз жыл басы » атты слайд көрсетілді.Дөңгелек үстел отырысын қортындылай Г.Камиевна кітапханашыларды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады.

тағы суреттер: