Тел.: +7 705 777 7788 Войти

Ғазиз Ештанаев

Ештаев Ғазиз Елеусізбайұлы (1958)  Шет ауданы  Кеншоқы ауылында туған.   Қазақстан Жазушылар және Қазақстан Жүрналистер одағының мүшесі.Ақын  Қазақстан Республика білім беру ісінің Құрметті қызметкері. ҚарМУ-ді бітірген.(1976 - 1977), Шет орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі  (1982), мектеп директорының  орынбасары(1982). Шет ауданы  Ақсу-Аюлы селосындағы кәсіптік техникалық училищеде тракторшы болып жұмыс істеген (1987), Үңірек  ауылының кеңесі  төрағасының  мәдени жұмыстар жөніндегі орынбасары Мәдениет үйінің директоры (1988- 1989 ), облыстық «Сарыарқа» газетінде (бұрынғы «Жезқазған туы») тілші (1989-1992) , Жезқазған пед- институтында оқытушы (1992-1996), Ө.Байқоңыров атындағы ЖезУ-де кафедра меңгерушісі (1996 ж.- дан) ,  «Ұлытау» ғылыми орталығының директоры (2001), 2005 жылдан  ЖезУ-дің тәрбие жұмыстары және жастар саясаты жөніндегі проректоры болып қызмет етті. Қазір Жезқазған қаласындағы «Тілтану» оқу-әдістемелік орталығы» мемлекеттік мекемесінің директоры. 1 оқу құралы, 2 оқу әдістемелік құралы, 30 дан астам ғылыми мақаласы жарық көрген.Бірқатар жыр кітабының, «Бәрі де анадан басталады » ,«Нөсер» ,«Ала жіп аттағандар», «Беймаза әйел», «Жан алқымда», «Обыр», т.б. пьесалардың авторы.  «Жезқазған» энциклопедиясы,  «Ұлытау ақындары», « Ұлытау жер-су атаулары » ғылыми тарихи- танымдық жобалардың авторы, үйлестірушісі.Францүз моралистері Ф.де Ларошфуко, Б. Паскаль, Ж. Де Лабрюйердің  (XVII) даналық ойларын ( максималарын),Еуропа ақындарының  (Словения, Латвия, Эстония, Литва) өлеңдерін аударған.  Ол аудармалары «Әлем әдебиеті кітапханасы сериясымен «Аударма» баспасынан басылып шыққан жинақтарға енді. Қ,Сәтбаев, С.Мұқанов,Н.Төреқұлов және Қ.Аманжоловтың мерейтойлары мен Жезқазған қаласының 50 жылдығына орай өткен, сондай-ақ «Қазыналы Қарсақбай» атты республикалық мүшайралардың жүлдегері  «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне – 20 жыл» мерекелік  медальдарымен Қазақстан ЖОО қауымдастығының  А.Байтұрсынов атындағы  қола медалімен  марапатталған.

(« Санылақ », автор ) , «Жез Уездің  Алтын белгісімен» ,Жезқазған қаласы әкімінің, қалалық мәслихаттың Құрмет грамоталарымен марапатталған. Шығ.. «Жыршуақ» (Жезқазған,1996), «Шұғыла-шуақ» (2006, Алматы). 

Пайдаланған әдебиттер:

 Шет  Ауданы[Мәтін] Энциклопедия/ .-Алматы: ҚАЗақпарат,2013.-166 бет

Ол туралы

 Ештанаев Ғ Шығармалары. [Мәтін]/  Ғ. Ештанаев, Б. Мырзабеков,Ж,Наурызбай-Астана: Фолиант,2014-408 б.

  Сарыарқа  саңлақтары [Мәтін] / Павлодар: «ЭКО » ҒОФ, 2007- 34 бет.

 

 Мерзімді басылымдар беттерінде:

Ештанайұлы Ғ. Тарих тағылымы [Мәтін] / Ғ. Ештанайұлы // Заман. - 1998. - 12 қыркүйек (№34). - 2 б.

Астана ақшамы. - 2021. - 6 наурыз (№26). - 8 б.

Арқа ақшамы. - 2021. - 12 тамыз (№29). - 10 б.

Қуатбек ,Е    Ғазиздің ғазалы [Мәтін] /Е.Қуатбек //Арқа ақшамы,2021.- 8 шілде (№24).- 9 б.

Ештанаев,Ғ Дауылды жылдардың даңқты ұлдары [Мәтін] /Ғ.Ештанаев // Егемен Қазақстан,2021.-21 мамыр (№94).-12 б.