Адуова Гульнар Ербекейқызы
Адуова Гульнар Ербекейқызы, 1980 жылы 1 қаңтарда Қарағанды Шет ауданы Үңірек ауылында дүниеге келдім. 1996 жылы шет ауданындағы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепті бітіріп, Жезқазған университетінің филология факультетіне түскен. 2000 жылы университетті аяқтап, Сәтбаев қаласында №7 мектепте қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі, 2005-2006 жылдары Жезқазған индустриалды - гуманитарлық колледжінде қазақ тілінен оқытушы болғған. 2012 жылдан Шет ауданы Үңірек ауылдық кітапханасының кітапханашысы қызметін атқарады. 2014 жылы Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай ауданның мәдениет саласының дамуына қосқан үлесі үшін Алғыс хатпен, 2015 жылы Тәуелсіздік күніне орай ауылды дамыту барысында қоғамдық жұмыстарға белсене араласқаны үшін Алғыс хатпен, « Шет аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі » КММ әдістеме бөлімінің ұйымдастыруымен «Ұлт-мәдениетімен мәңгілік» атты кітапханашылар сайысына қатысқаны үшін Алғыс хатпен марапатталды.