Тел.: +7 705 777 7788 Кіру

Жидебай Қожаназарулы (1713-1812 гг.)

  Жидебай Қожаназарұлы 1713- 1812 жылдары өмір сүрген.Өзіндік ерекше тарихы бар қазақ халқының жазба деректері мардымсыз.  Ел есінде сақталған халық зердесінен өшпейтін мәліметтер шежіре қариялар арқылы там-тұмдап болса да бүгінгі күнге жетіп отыр. Өткенін зорлықпен ұмыттырмақ болған зұлмат заман да халықтың зердесін жоя алмады. Еліміз еркіндігін алып, өткен-кеткенін таразылап, жақсы менен жайсандарының аттарын еске ала бастады. Ел аузындағы аңыз әңгімелердің, шежіренің ақиқаты мен аңызын кейбір деректерге сүйене отырып, екшеп көрсе, әлі талай нәрсенің табылары мінсіз.

     Сондай ел аузында аты аңызға айналған әрі батыр, әрі шешені әрі би болған Әлтеке Қожаназарұлы Жидебай туралы «Сарыарқадай жер қайда, Жидебайдай ер қайда?» деген халық нақылына айналған сөзді кезінде Г.Н.Потанин жазып алған екен. (Казахский фольклор в собраний Г.Н.Потанина Алма-Ата Изд. Наука, 1972 г.) Әредік аты аталып, бірді-екілі Жидекең айтыпты деген сөздердің «Ел аузынан», «Шешендік сөздер» сияқты жинаққа енгізілгені болмаса толымды зерттеу жасалмаған. Тіпті Жидебай батырдың қай уақытта дүниеге келіп кеткені де айқындалмаған. Мысалы, биыл тамыз айында Жидекеңнің туғанына 280 жыл толуына орай ас берілмек.

     Шет ауданының жерінде Талды өзенінің бойында Жидекеңнің күмбезі тұр. Басында көктасы бар. Көктасты бертінде Жомартбек марқұм бастаған ұрпақтары қойғандығы белгілі. Онда былай жазылған:

      Жидебай Қожаназарұлы

      Дос батырдың немересі

      Туған жылы 1575, қайтыс болған жылы 1675.

      Бұл жылдар жаңсақ көрсетілген болса керек.

      Көктастағы жазуға сенер болсақ, Жидекең әрісі Есімхан, берісі Тәуке ханмен тұстас болып шығар еді. Жидебайдың Абылайханның 1711 жылы туып, 1781 жылы дүниеден өткені мәлім. Шежірешілердің айтуы бойынша Жидекеңнің алғашқы үлкен жорыққа қатысуы Аңырақай соғысы болса керек. Сол кезде жасы он жетіде екен. Бұл дерек бойынша Жидекең 1712-1713 жылдары туған болып шығады.

     Шежіре бойынша Қаракесектен  /Болатқожа/ - Ақша, Түйте. Түйтеден Майқы, Танас, Майқыдан Бөлекбай, Айтуған, Күнтуған, Сарым. Айтуғаннан Әлтеке, Айдос. Әлтекеден Әлмұрат, Дос, Есболай, Өтеген . Әлмұрат пен Дос егіз еді деп те айтылады. Жасанған жауға тайсалмай жалғыз шабатын Дос батыр егде тартқан шағында баласы Қожаназар екеуі қалмақтардың қолына тұтқынға түсіп қалыпты.

Қалмақтар кеңесе келе:

-                     Біреуіңді босатамыз, азаттық берейік, қайсың еліңе қайтасың, -депті.

 Дос батыр өзі тұтқында қалып, Қожаназарды елге қайтарған екен.

 Қоштасарда:

-                     Сарыбауыр ат елге жеткізер, сен менің құнымды даулай алмассың.

Өзіңнен ақсары, көкшіл көзді ұл туар, менің құнымды,елдің кегін сол бала алады,-деп болжап қалыпты.

    Әлмұраттың шау тартқан шағында Қаракерей Қабанбай сәлем бере келіпті. Сонда Жидекең сегіз жаста екен. Қабанбай батырдан бата алыпты. Тағы бір жанама дерек бойынша Тобықты Қараменде бимен Жидекең тұтас әрі сыйлас болыпты.

    1774 жылдары Кеңгірбайдың қырық жастағы кезі екен. Бұл уақытта Қараменде бидің жасы біразға келіп қалған. Сана би ат жалын тартып азамат болып ел ісіне араласа бастаған кезі болса керек. Осы кезеңде Абылайхан алпыстан алпыстан асқан Жидекеңді Қарақожа еліне жорыққа жұмсапты. Балқаш көлінің Ұзынарал тұсында су астына төселген тас өткел бар екен. Кезінде өткел арқылы Ыбыр-Сібірге апаратын ұлы Жібек жолының бір тармағы өткен екен. Үш ғасырға жуық ұмыт болған өткелді Жидекең біліп, сарбаздарымен теңізді кешіп, арғы жағаға өтіпті. Тұтқиылдан тиген Жидекең Қарақожа елін бағындырып қайтыпты. Сонда Қарақожа бұл жолды Жидебай ғана білсе керек еді, өткелден өткізген көзің шыққыр Жидебай екен ғой депті деген сөз бар. Мұны тиянақтай түсетін Жидебайдың тоқсаннан асқан кезінде көзі көрмей қалғанда, көңіл сұрай келгендерге айтқан сөзі

    Жасымның жүзге келгені,

    Алты Алаштың алғысы.

    Қос жанардың сөнгені,

    Қарақожаның қарғысы.

    Сонымен қоса Қаздауысты Қазбек атты деген:

    Замана өтпес болсашы-ай,

     Жидекем өлмес болсашы-ай,-

     деген сөзі де Жидекеңнің 1713 жылдары туғандығына меңзейтін сияқты. Бұл сөзді ғұлама ғалым Әл-Машани /Ақжан Машанов / айтты.

    Аруақты батыр әрі би, шешен Қожаназарұлы Жидебай батыр XYIII ғасырда өмір сүрген деген пікірді қуаттай отырып, ел аузында нақылға айналған «Сарыарқадай жер қайда, Жидебайдай ер қайда?» деген сөз қалдыру үшін еліне ерекше еңбегі сіңген болуы керек деген ой түюге болар.

    Қорыта келгенде рухани өрлеу, бабаларды қастерлеуден көрінеді. Өйткенді айтып отыру, әрқашан халық жадынан шығармай, құрметпен еске алып отыру – ұрпақ парызы.

 

Пайдаланған әдебиеттер:

  Шет ауданы [Мәтін]: энциклопедия – Алматы: Қазақпарат, 2011- 26 б.

 Шет өңірінің тарихи-мәдени ескерткіштері: фотошежіре / [Мәтін] құраст.      М.С.Жакин. – Қарағанды:  ТАиС , 2004. – 123 б.

Жүністегі, К. Шырағдан [Мәтін] / К.Жүністегі. – Алматы: “Ел-шежіре” ҚҚҚ, 2007. – 122 б.                                

Бабалар сөзі [Мәтін]: Жүз томдық: Тарихи жырлар. – Астана: Фолиант, 2010.-                         36-44 б.                                            

Ақпанбет, Ғ. Жидебай батыр [Мәтін] / Ғ. Ақпанбет // Мысты өңір.- 2006.- 24    наурыз.-7 б.

  Шет ауданы. Энциклопедия.- Алматы: ҚАЗақпарат, 2013.- 22-23 б.

 

Ол туралы:

Жүністегі, К. Шырағдан [Мәтін] К. Жүністегі.– Алматы: Ел-шежіре, 2007. – 122 б.  

Бабалар сөзі: [Мәтін] Жүз томдық: Тарихи жырлар. – Астана: Фолиант, 2010.-36-44 б.                                 

 Шет ауданы [Мәтін]: энциклопедия – Алматы: Қазақпарат, 2011- 26 б.

Шет өңірінің тарихи-мәдени ескерткіштері: фотошежіре / [Мәтін] құраст.   М.С.Жакин. – Қарағанды:  ТАиС , 2004. – 123 б.

Жүністегі, К. Құба белдер [Мәтін]=Аңыз мезгіл: трилогия 1-кітап  / К.Жүністегі.-     Қарағанды: Полиграфия, 1996.-286 б.

  Шет ауданы. Энциклопедия.- Алматы: ҚАЗақпарат, 2013.- 22-23 б.

 

Мерзімді басылым беттерінде:.

 «Әлтеке Жидебай батыр» қоғамдық қоры ашылды  [Мәтін] // Шет шұғыласы.-  2012.- 27 желтоқсан (№41).-3 б.

   Сәкенов, С. Жидебай батыр [Мәтін] / С. Сәкенова // Шет шұғыласы.- 2012.- 25 қазан.- (№43).-4 б.

Жолдасбеков, М. Жидебай батырдың 300 жылдығы атаусыз қалуға тиіс емес  [Мәтін] / М. Жолдасбеков // Орталық Қазақстан.- 2013.- 11 сәуір (№56).-6 б.

Ақпанбек, Ғ. Жидебай батыр [Мәтін] / Ғ. Ақпанбет // Орталық Қазақстан.- 2006.-          11 шілде (№22).-4 б.

Әбдуов, М. Ер – елдің қорғаны [Мәтін] / М. Әбдуов // Орталық Қазақстан.- 2005.-  27 қаңтар (№35).-3 б.

 Сәкенов, С. Жидебай батыр [Мәтін]  / С. Сәкенов // Ана тілі.- 2012.- 1-7 желтоқсан  (№48).-11 б.

    Қызылов, А. Баба рухына арналды [Мәтін] /А. Қызылов  // Заман.- 2003.- 13 қараша (№43).-.4 б

Ақпанбет, Ғ. Жидебай батыр [Мәтін] / Ғ. Ақпанбет // Мысты өңір.- 2006.- 24  наурыз.-7 б.

Наурызбайұлы, С. Бабасын дәріптеу болар елдің белгісі [Мәтін] / С. Наурызбайұлы // Орталық Қазақстан.- 2013.- 26 ақпан (№31).-4 б.

 

Ақсұңқарұлы С. Уа, Жидебай баһадүр [Мәтін] / С. Ақсұңқарұлы // Орталық Қазақстан.- 2013.- 21 мамыр (№79-80).-10 б.

Шәтекұлы, Қ. Батыр бабамызға қандай құрмет болса да лайық [Мәтін]  / Қ.     Шәтекұлы  // Заман.- 2007.- 13 қыркүйек (№37).-6 б.

 

  Сатыбалдин, М. Бабаларды құрметтеу - ұрпақтар парызы [Мәтін] / М. Сатыбалдин // Шет  шұғыласы.-2013.- 30 мамыр (№22).- 6 б.

 

Қамбарұлы, С. Батыр есімі берілсе [Мәтін] / С. Қамбарұлы // Заман.- 2006.- 13 шілде (№29).-1 б.                                                                                                                               

Жылқыбайұлы, Д. Жидебай батыр [Мәтін] / Д. Жылқыбайұлы  //Азия транзит.-Алматы.-2007.-  наурыз-сәуір (№3-4).- 60- 61 б. 

 Жүнісұлы, Р. Жидебай батыр  [Мәтін] / Р. Жүнісұлы  // Егемен Қазақстан.-2013.-  27 сәуір (№116).- 4 б.

Домбай, Н. Жидебайдай ер қайда?! [Мәтін] / Н.Домбай // Ана тілі.- 2013.- 22-28  тамыз (№33).-6-7 б.

Орталық Қазақстан. - 2021. - 13 шілде (№75). - 6 б

Шет шұғыласы. - 2021. - 15 шілде (№28). - 12 б.

Сенкибай Оразғулулы (1709-1786 гг.)

Қазақтың айбынды да жеңімпаз батыры, әрі шешен биі Сеңкібай Оразғұлұлы еді. Ол 1709 жылғы қазіргі Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының жеріндегі туып, 1786 жылы Шет ауданының жерінде қайтыс болған. Руы Қаракесек, Қара-Шор.

Тарихи шежіреде айтылғандай 1726 жылы Бөгенбай батыр он мың қолмен Алакөл шайқасына бара жатқанда жолшыбай Қарқаралының Жарлы өзенінің бойына тоқтап, жасағын дем алдырып, жүздіктерге, мыңдықтарға бөліп, әр түрлі ұрыс тәсілдерімен жаттығулар жүргізеді. Ол сол шақта Қожас батырдың ауылы жайлауда отыр дегенді естіп, әкесінің досына сәлем берейін және бата алайын деп арнайы іздеп барады. Оның келгеніне өте разы болып, үлкен қошеметпен қарсы алды. Қожас әулеті Бөгенбай батырға ерекше сый көрсетеді. Әсіресе, Оразғұлдың үлкен баласы Сеңкібай қонақты күтуде өте бір ілтипат, тапқырлық көрсетеді. Бөгенбай жас Сеңкібайдың ақылдылығына шексіз риза болады.

    Қожас осы жолы Бөгенбай батырға шөбересі Сеңкібайдан зор үміт күтетінін айтады. Сеңкібай қарт атасының тәрбиесінде болып жас күнінен садақ атып, найзаласуға, жекпе-жекке шығуға машықтанады. Сөйтіп, ат құлағында ойнап өседі. Он бес жасында ауыл арасындағы, ағайын ішіндегі реніш-қуаныштарына ортақ болып, даулы мәселелерге билік айта бастайды. Сеңкібайдың әділдігі, ақыл-парасаты жас кезінен дараланып, ел көзіне түседі. Бөгенбай батыр жорыққа аттанар алдында Сеңкібайдың түр-тұлғасына, жүріс-тұрысына қызығып, оны өзімен бірге ала кетеді. Бұл кезде Бөгенбай қырық бес жаста болса, Сеңкібай он жеті жаста екен.

    Қазақтың сайын даласында шапқыншылық тоқтамаған кез. 1725 жылғы Алакөл шайқасы, 1728 жылғы Шұбартеңіз жағасындағы және Балқаш көлінің оңтүстік өңіріндегі қырғын соғыстар қазақ қолыныңжеңісімен аяқталып отырған. Орта жүзден жиналған қалың әскерге басшы болған Бөгенбай батыр Бұланты мен Бөленті өзендерінің жағасында қалмақтарды ойсырата жеңеді. Нұра даласындағы жоңғарларға қарсы бұл соғыста жиырма жасар Сеңкібай қонтайшының немересі Әмірсананың басқаруындағы он мыңдық қолдың батыры ноян Көренге бетпе-бет келеді. Жас Сеңкібай астындағы Көкдауыл атанған атын ойнақтатып, оған қарсы шабады. Ноян Көрен онымен жас шамасы қатарлас болғанымен ірі денелі, қара дәу, аттандай жуан, білектей ұзын айдарлы, қабағынан қар жауған сұсты еді. Ол:

     -Ал, қазақ батыры, арманда кетерсің, ағашқы кезекті сен ал, - деп айқай салады.

     Көкдауылға қамшы басқан Сеңкібай аттың еті қызды-ау деген шақта сол қолында найзасы, оң қолындаҚожас атасының жеті бүктемелі ақ семсері жарқылдап, құйғытқан беті жауға жақындай береді. Қалмақ батыры болса одан аса қауіптенбей күпірлене, менсініңкіремей, жайбарақаттау тұрады. Сеңкібай атын ағызған бетте сол қолындағы емен сапты найзасын ноян Көренге кезене беріп, ақ семсерін жаудың мойын тұсынан сілтеп қалады, тегеурінді күшпен сілтеген ақ семсер жау батырының мойнын қиып, басын жерге домалатып түсіреді. Жеңіске жігерленген қазақ қолы “Ақжолдап”  ұрандап, жауға қарсы өршелене шайқасады. Осы жолы Бөгенбай, Малайсары, Қойкелді батырлар жауды оңтүстік-шығысқа қарай ығыстыра қуады. Сөйтіп, жас батыр Сеңкібай бұл жеңіске осылайша жол ашады.

     Сеңкібай сынды жас батырын айбынды Абылай хан “Ақиық сұңқарым” деген екен. Мұның мәнісі былай:

     ...Түн ортасы ауа Абылай қалғып кеткен екен, “Аттан! Аттан! Жау келіп қалды!” деген үрейлі дауыстан ол атып тұрады. Есік алдына көлденеңдей тартқан атқа қарғып мінеді де:

     -“Баян батыр, өз мыңдығыңмен жауға қарсы аттан, Сеңкібай, сен жасағыңмен орданы қауіпсіз жерге орналастыр. Ордаға ие болу сенің міндетің”, - деп атына қамшы басады.

     Айсыз қараңғы түн. Нөсерлетіп құйған жауын, аттандаған үрейлі үн. Қапылыста тиген жау қолының қанша екенін болжап білер емес,  жан-жақтың бәрі айқай-шу. Кім жау, кім өзімдікі екенін ажырату қиын. Толассыз құйған нөсерден қалың қамыс арасы аздап дігділеу болғанымен, оның айналасы ми, батпақ. Аузы тұмшаланған, қом салынған түйелер тайғанақтап жүре алмайды. Сеңкібай жасағы қарсы келіп қалған оншақты жауды шаншып тастап, Абылайдың Орданы өзеннің батыс жағына көшір деген тапсырмасына кіріседі. Бірақ ол жақ сор батпақты және ашық алаңқай болатын. Қаптаған жаудың ұрандаған дауысы құлақ жарады. Қалың қамыс ішінен жол тауып болар емес.

     Сеңкібай Орданы алып шығудың лажын келтіре алмай қатты сасады. Әбден қысылған ол атынан қарғып түсіп, құбылаға қарап қол жайып:

     -Иә, аруақ, Алаш бабам, Қарқабат анам, жар бола гөр?! Қырық Шілтен әулие өзің қолда! – деп бетін сипай бергенде, көз алдына саңқылдаған бүркіт елестейді.

     Ол “Иә, аруақ!” деп атына қарғып мініп, жасағына:

     -Орданы осылай қарай тартыңдар, - деп өзі бастап қалың қамыс ішіне сұғына кіреді. Бүркіт үні қалай естілсе, солай қарай жүреді. Әйтеуір, өлдім-талдым дегенде таң да атып, жан-жағы қалың қамыспен, өткелсіз жалпақ сумен қоршалған үлкен алаңнан бір-ақ шығады. Сеңкібай жасағымен Абылай және Баян қолын іздеп кетеді. Кешегі батырлар кеңесіндегі шешімдері сәтті болып, жауды қапылыста қансырата тас-талқан етіп жеңіп шығады.

     Абылай түңгі ұры қорытындысын шығарып, Сеңкібайдың Орданы қауіпсіз жерге орналастырғанына ризалық білдіреді. Орда ішіндегі адамдар Сеңкібайдың тапқырлығына, қараңғыда жол тапқанына, бүркіт үнінің саңқылдағанын өздері де естігенін айтып, алғыс сезімдерін білдіреді. Бұл тосын жағдайды білген Абылай:

     -Иә, Сеңкібай, онда сен айсыз түнде, нөсерлі жаңбырда қалың қамыс ішінде адаспай жүретін түнде ұшатын Алтайдың ақ сұңқары болдың ғой. Бұдан былай сені “Ақиық сұңқар” деп атайық! – депті.

     Содан былай Сеңкібай ақиық қыран, көріпкелі бар киелі батыр атанып кетеді.

     Батырлығымен қоса шешен әрі би болған Сеңкібай жас шағында Мойнақ би атасының қолында шәкірт болып, билікке араласқан. Ол кезде жесір дауы, жер дауы үзіліп көрмеген. Оның ақыры барымтаға дейін ушығып, елдің береке бірлігіне кесірі тиген. Осындай дүбірлеңі үлкен бір дау-шарға бітім айтуға ел Мойнақ биді шақырады. Жасы келіп қалған, әрі сырқаттанып жүрген Мойнақ би шәкірті Сеңкібайды шақырып алып:

     -Бұл жолғы егесті шешуге сен барасың, - дейді.

     Ал, сөз реті, дауласушылардың іс-әрекеттеріне қарай “мынаны айт, ананы істе” деп тапсырмалар береді.

     Сеңкібай ол кезде он бес жаста екен.  Ол билік айтуға аттанарда есік алдына жете беріп, Мойнақ биге мойын бұрып, тымағын қолына алып, екі қолын қусырып тұрып:

     -Жақсы ата, сауға! Сізге бір сөз айтуға рұқсат па? – дейді.

     Мойнақ би табиғатынан түсі суық, ызбарлы адам екен, ол Сеңкібайға тесіле қарап:

     -Айт, тілегіңді, - депті.

     Сонда Сеңкібай:

     -Жақсы ата, Сіз маған дау-шарды шешеріңде олай де, былай істе деп тапсырма беріп жатырсыз.Солай үйреткендеріңізді сөздің реті келсе айтайын ба, жоқ әлде, “Жақсы атам пәлен деп еді” деген оймен бопсалай берейін бе? – депті.

     Сонда Мойнақ би оған жалт қарап, сұсты пішінмен:

     -Боқ, шіркін бара ғой, бара бер деп төмен қараған күйі үнсіз қалады.

     Осыдан былай Мойнақ бидің орнына Сеңкібай ел арасына билік айтқан екен.

 

Пайдаланған әдебиеттер:

      Жүністегі, К. Шырағдан [Мәтін] / К.Жүністегі.– Алматы: “Ел-шежіре” ҚҚҚ, 2007. – 121-122 б.                                

Шет ауданы [Мәтін]: энциклопедия – Алматы: Қазақпарат, 2011.- 26 б.                                                      

        Мәкенбайұлы, Қ. Сеңкібай батыр Оразғұлұлы ел қорғаны болған [Мәтін] / Қ.     Мәкенбайұлы // Қарқаралы.- 1992.- (№7/8).-3-11 б.

     

Ол туралы:                          

      Жүністегі К.  Шырағдан [Мәтін] / К. Жүністегі. – Алматы: “Ел-шежіре” ҚҚҚ,  2007. – 121-122 б.                                

   Мәкенбайұлы, Қ. Сеңкібай батыр Оразғұлұлы ел қорғаны болған [Мәтін] / Қ.     Мәкенбайұлы  // Қарқаралы.- 1992.- (№7/8).-3-11 б.

 Төреқұл, Н. Даланың дара ділмарлары [Мәтін] / Н.Төреқұл.- Алматы: 2001.- 212-  219 б.

 

Мерзімді басылым беттерінде:

Жүкібай, М. Ұлы баба тұлғасы ұрпақ жүрегінде  [Мәтін] / М. Жүкібай  // Орталық Қазақстан.- 2006.- 14 қараша (№176).-4 б.

Мөкенбайұлы Қ. Ел қорғаны болған [Мәтін] / Қ. Мөкенбайұлы // Қарқаралы.- 1992.- (№7-8).- 3-11 б.

      Жаңқашұлы, Ж. Елдің пірі, ұрпақтың мақтанышы  [Мәтін] / Ж.Жаңқашұлы      

      // Орталық Қазақстан.- 2009.- 17 қыркүйек (№141).- 6 б.

Мерей той шеңберінде өткен спорт жарыстары [Мәтін] / Заман.- 2002.- 14 қыркүйек (№34).-4 б.

 Индустриальная Караганда. - 2021. - 30 сентября (№108). - С.5

Сөз өнері. - 2021. - желтоқсан ( №12). - 2 б.

PDF материалдары

Дербисалы Айдаболулы (1707-1794гг.)

Талай тарихи тұлғаларды тудырған Нұраның киелі топырағы ғасырлар қойнауына маңып бара жатқан ұлы оқиғалардың да куәсі.1707-1794 жылдар аралығында өмір сүрген. Қазақ елінің іргелі мемлекет болып қалыптасуыда Абылай  ханның  алар оны қаншалықты ерекше болса,қол бастаған  батырларының да орны соншалықты бөлек болғаны аян. Абылай ханның ту ұстаған үзеңгілес батырлары Әлтекеде Жидебай Кернейде Жарлығап Қарашорда Сеңкібай  сынды біртуар тұлғаларымен замандас болған батырлардың бірі - Деріпсалы. Туған жерді жаудан қорғау жолындағы жорықтардың бәріне қатысқан Деріпсалы Айдаболұлы шамамен 1707-1794 жылдары өмір сүрген. Нұра өзенінің бойын жайлаған Дебекең бабамыз қыста Құсмұрын тауында қыстап, жазда Нұра бойымен көшіп, Талды, Кежек, Аршалы, Сарытоғанбай, Ақшатауды жайлаған Батыр бабамыздың мәңгілікке дамылдаған жері қазіргі Красная поляна ауылдық округіндегі Деріпсалы елді мекені. Дебекең жайлы ел арасында деректер аз жиналған. Арқа өңіріне белгілі айтыскер ақын  Жәкен Байтуовтың «Ақсерке мен Бөрі батыр» дастанында батыр бабамыздың егде тартқан кезіндегі ерлігімен жас батыр Бөріге берген батасы әдемі өрілген.Дебекеңнің үлкен әйелінің қыстауы Құсмұрында,екінші әйелінің қыстауы Қызылқойда  болған. Үшінші қыстауы Орташоқы мен Шетшоқының арасында қоныстанған .

          Аңырақай шайқасына қатысып қиян-кескі ұрыстарда көзсіз ерлік көрсеткен бабаларымыздың  Алқакөл шайқасындағы ерліктері,қалмақ батырларымен жекпе-жекке шығуы тарихтан белгілі. Сол жекпе-жекте көзге түсіп Деріпсалы мыңбасы батыр.

               Деріпсалының Бөріге берген батасы:

                Алдыңнан жансын шырағың,

                 Кетпесін қолдан құралың.

                Үстем болсын мұратың,

                 Өз құрбыңның алды бол.

                Тұқымың өсіп, малды бол.

                Сөзге шебер шешен боп,

                  Ел бастайтын көсем бол

               Жаудан қайтпас көсем бол,

               Халқың үшін тоқты бол.

               Сөзге ұстамды мықты бол,

                 Жолдасыңмен тату бол.

Пайдаланған әдебиеттер:

    Шет ауданы : [Мәтін] энциклопедия – Алматы:  Қазақпарат, 2011- 32-   

    34 б.

Айдаболұлы Дербісалы батыр: тарихи танымдық оқу құралы. Қарағанды, 2013.- 230 б.

 

Мерзімді басылым беттерінде:

    Дербісалы батыр қоры ашылды [Мәтін] / Заман.- 2007.- 26 сәуір (№17).-5 б.

 Жақсыбекұлы, С. Ардақара [Мәтін] / С.Жақсыбекұлы  // Заман.-2007.-14 маусым  

 (№24 ) .-5 б.

 Құлсарықызы, Г. Дербісалы батыр [Мәтін] / Г.Құлсарықызы  //  Шет  шұғыласы.- 

 2008.- 3 шілде (№29).- 5 б.

Мұсатай, Ғ.  Арқаның атақты батыры [Мәтін] / Ғ. Мұсатай  //  Орталық Қазақстан.-2007.- 3 сәуір (№18).-4 б.

 Дербісалы, Б. Дербісалы батырға ас берілді  [Мәтін] /  Ғ. Дербісалы // Орталық Қазақстан.-2013.-25 маусым (№105).-4 б. 

Қабылдаұлы,С.  Баба басындағы бәтуа [Мәтін] / С.Қабылдаұлы  // Орталық        Қазақстан. 2006.-28 қараша (№199).- 8 б.

Деріпсалы батыр толғауы [Мәтін] / Заман.- 2007.- 11 қаңтар (№2).-5 б.

 Дербісалы батыр жайлы бір дерек [Мәтін] //Ақиқат.-2008.-қараша (№11).-111 б.

          Қабылдаұлы,С.  Баба басындағы бәтуа [Мәтін] / С.Қабылдаұлы  // Орталық    Қазақстан. 2006.-28 қараша (№199).- 8 б.

          Қабылдаұлы, С. Батыр басындағы бәтуә [Мәтін] / С.Қабылдаұлы  // Заман.-2006.-   17 тамыз (№34).- 6 б. 

         Жақсыбеков, С. Дербісалы батыр [Мәтін] / С.Жақсыбеков  // Заман.-2006.- 10 

         тамыз (№33). 6 б.

 Жақсыбекұлы, С. Ардақара [Мәтін] / С.Жақсыбекұлы  // Заман.-2007.-14 маусым  

 (№24 ) .-5 б.

 Құлсарықызы, Г. Дербісалы батыр [Мәтін] / Г.Құлсарықызы  //  Шет  шұғыласы.- 

 2008.- 3 шілде (№29).- 5 б.

   Жүкібай, М. Ұлы баба тұлғасы ұрпақ жүрегінде  [Мәтін] /  М. Жүкібай  //  

   Орталық Қазақстан.-2006.- 14 қараша (№32).-4 б.

  Мұсатай, Ғ.  Арқаның атақты батыры [Мәтін] / Ғ. Мұсатай  //  Орталық Қазақстан.-2007.- 3 сәуір (№18).-4 б.

        Дербісалы батыр қоры ашылды  [Мәтін] // Заман.- 2008.- 3 шілде  (№17).-5 б. 

        Жұқанұлы, Ш. Деріпсалы батырдың  батасы [Мәтін]: жазылған жайдың жалғасы /  

        Ш.Жұқанұлы  // Заман. – 2006.-31 тамыз. -3 б.

PDF материалдары

Байғозы Наймантайулы (1705-1803 гг.)

  Тарих төрінен ойып тұрып орын алған батыр бабаларымыздың бірі – Тарақты. 1705- 1803 жылдар аралығында өмір сүрген.

     Байғозы батыр Наймантайұлы. Қазақ елінің ел болып еңсе тіктеуіне тікелей қатысы бар қазақ-жоңғар соғысында ерекше ерлік көрсеткен Байғозы батыр Абылайдай азулы ханның алдын көріп, Төле, Қазыбектей дуалы ауыз дуалы билердің ұлағатты сөздерін естіп, Бөгенбай, Қабанбай, Жидебай, жарылғап сынды батырлармен жорықтас болған.

     Ор, Аба тауларын мекен еткен батырдың ауылы Жаман сарысу өзенін бойлай көшіп, жаз жайлауға Жыланды жазығына шығады екен. Бүгінде «Батыр басы аталып кеткен осы жазықтан батыр бабамызға топырақ бұйырыпты. Батырдың ұрпағы Құлжан да осы жерден тыныс тапқан. Ақ селеуден үкі таққан кең жазықта найзадай болып шаншылып, батырдың кесенесі тұр.

     Халықтың тарихи зердесі ықылым заманнан бері елі мен жері үшін ат үстінен түспей, азаттық үшін жан қиған батыр ұлдарын есінен шығарған емес.

     2005 жылы Байғозы батыр Наймантайұлының туғанына 300 жыл толуына орай ауданымыздың Көктіңкөлі ауылдық округіне қарасты Жыланды деген жерде ас беріліп, ұлан-асыр той өтті. Батырға арналған ұлы тойда Байғозының алтыншы ұрпағы, белгілі ғалым, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Ақселеу Седімбек арнау сөз айтып, қазақтың бүгінгі ардақтыларының бір шоғыры – Әбдіжәміл Нұрпейісов, Асанәлі Әшімов, Әбіш Кекілбаев, Шота Уәлиханов сынды азаматтар батыр аруағына бас иіп, тағзым етті. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан елдік пен ерлік дәстүрі жалғаса бермек.

 

                                       Пайдаланған әдебиеттер:

Жүністегі, К. Шырағдан [Мәтін] / К. Жүністегі.- Алматы: Ел - шежіре , 2007.-122-123 б.

Шет ауданы. Энциклопедия.- Алматы: ҚАЗақпарат, 2013.- 23-24 б.

 Шет ауданы: [Мәтін] энциклопедия – Алматы: Қазақпарат, 2011 – 23 б.

 

Ол туралы:

Жүністегі, К. Шырағдан [Мәтін] / К. Жүністегі.- Алматы: Ел - шежіре , 2007.-122-123 б.

Шет ауданы. Энциклопедия.- Алматы: ҚАЗақпарат, 2013.- 23-24 б.

 Шет ауданы: [Мәтін] энциклопедия – Алматы: Қазақпарат, 2011 – 23 б.

 

Мерзімді басылым беттерінде:

Сейдімбек, А.Наймантайұлы Байғозы батырдың туғанына 300 жыл [Мәтін] / А.Сейдімбек  // Заман ,2005.-5 тамыз (№33).-6 б.

Арынұлы, С. Бес қаруын сайлаған, кегін алмай қоймаған  [Мәтін] / С. Арынұлы // Ана тілі.- 2015.- 11-17 маусым (№23).- 6-7 б.

Жарылғап Туйтеулы (1718-1769 гг.)

  Түйте Жарылғап батыр 1718-1769 жылдар аралығында өмір сүрген.Жастайынан атқа мінген, азды-көпті қолмен аттана беретін.  Өз заманындағы өтті де өжет батырлардың бірі болыпты. Қысылшаң жағдайда басы асқан жаумен де тайқымай бетпе-бет шайқаса береді екен. Сол себепті көпті көрген ғұламалар, көріпкел сыншылар, көп жорытқан батырлар тарапынан кезінде ''Жарылғаптың аруағы қара бүркіт екен, жеңіске жетерде де, жолы боларда да оны сол бүркіт бастап жолға салады екен” деген аңыз тарап кеткен.

     Жарылғаптың аруағының шарықтап көтерілуіне біріншіден оның көкжалдығы болса, екіншіден осы аңыз да себеп болғанға ұқсайды.

     Жарылғап өмірі ерлік шайқастарға, қанды жорықтарға толы. Бұл арада біз соның бірін ғана әңгіме етпекпіз. Ол кез жауынгерлік заманы. Күндерде бір күн Найзакескен дейтін жерде жасанған жау жатыр деген хабар жетеді. Жарылғап дереу қол жиып, жау бетіне қарай аттанды.

     Жер ыңғайын жақсы білетін батыр әр тұстан барлау жүргізеді. Хабар шындық екен. Бұлар қалың қолдың үстінен шығады. Кімнің қолы – мәлім емес. Сонан соң Жарылғап жаман атқа мінгізіп, жаман киім кигізіп өзінің оң қолы Жарқынбай батырды жұмсайды. “Бейсауат жүрген жолаушы боп барда біл кім екенін? Сонан кейін жөніңе кет те, басқа жолмен қайтып орал” дейді.

     Жарқынбай барып білсе Қанжығалы қарт Бөгенбайдың қолы болып шығады. Мұны естігеннен кейін Жарылғап ойға қалады. Үн-түнсіз кету бойға мін. Не істеу керек? Әрі-беріден соң ол: қой, бұл да атағына күші сай берен еді, алдынан өтейін. Ұзыннан өш, қысқадан кегіміз жоқ еді. Ал өзі тиіссе көрермін деген тоқтамға келеді. “Жарылғап сізге сәлем берем дейді” деген хабар салып, Бөгенбайға дереу кісі шаптырады. Бөгенбай Жарылғапты сыртынан біледі екен, кездесіп дидарласуға ризалық білдіреді. Келген соң ықыласпен қарсы алып, тай сойыпқонағасы береді. Екі батыр өткен-кеткенді бастап, кейіннен ұрыстар мен жорықтар, тегеурінді батырлар жайында әңгіме – дүкен құрып сыр шертеді. Осы жапсардан өтіп, қалмақтар қолы ел шетіне еңбек деген хабармен Бөгенбай батырдың жасанып, жол тоса шыққан беті екен. Бірақ сонда да Жарылғапқа сен де бізбен бірге бол деген емеурін білдіре қоймайды. Әңгімеден соң ертең екі жақтан жүйрік ат, найзагер, сайысшы, мықты жігіттерді сынастыруға келісіп, екі қолбасшы дамылдап жатып қалады. Таң атады. Сарбаздар ұйқыдан оянып, таңертеңгі ас-суын ішуге отырады. Нақ сол мезетте желкедегі Қисықтың асуынан аса тура тартып келе жатқан қол көрінеді.

     Сол-ақ екен бұлар да жаушы-жалам атқа қонады. Сонша болмайды, бұлардың қарасын көрісімен жау да шабуылдап келіп қалады. Ұрыс басталып жүре береді. Айтқандай-ақ, бұл келген келген қалмақтар екен.

     Қосшысы Көкмойын атты көлденең тарта бергенде Жарылғап та орнынан атып тұра келген екен. Бөгенбай:

     Отыр, батыр, - депті Жарылғапты етегінен басып.

     Қол бір түйісіп шықсын, оған дейін мына дәмді аяқтап, дастархан жиғызалық. Ол шамада ұрыстың басталысы да белгілі болып қалады.

     -Кеш соғып жүрмесін, - деп Жарылғап тықырши беріпті.

     -Сабыр, - депті Бөгенбай тағы да ұрыс жақты көз қиығымен шола түсіп.

     Әр жерде үйме-жүйме. Үздік-создық ұрыс. Ойнап шығып жатқан аттар. Сарт та сұрт...

     Бір заматта ұрыс жүріп жатқан кең алқаптан бергі босағасына дейін лықсып, ығыса бастағанын байқаған қарт Бөгенбай:

     -Ал, “Жарылғап, мін атыңа! Өз адамдарың орын тепкен соң оң қанаттан Жарылғаптан!” сен кір. Мына шеттен “Бөгенбайлап!”  мен тиісейін, - дейді.

     Ұрыс көпке созылады. Ақыры, қалмақтар жеңіліп, бас сауғалау қамына кіріседі. Қашқан жауда береке бар ма, ұлар қалмақтарды өкшелей қуып көз байланғанша шабақтаумен болады.

     Көптеген тон-тонауға ие болған Бөгенбай-Жарылғап қолы бас-аяғын жинап, түнделетіп Қарабұлақ деген жерге келіп тоқтайды. Сол арада ес жинап, ат белін суытып екі күн жатады. Үшінші күн дегенде Жарылғап Бөгенбайдан рұқсат сұрайды.

     -Рұқсат, Жарылғап. Қайратыңа ризамын. Қия шабар қырбат қимылың көз алдымда. Сен болмасаң бұл қалмақты ала алмағандай екенбіз, дейді сонда Бөгенбай, - қайда жүрсең аман бол, алапатың арта берсін!

     Осыдан соң ол әлдене есіне түскендей күрмеліп барып:

     -Әттең, алды-артыңа бірдей болар ма едің, - депті. Ұрыстың басында ол Жарылғаптың артынан келген жауды ұрып жаттықпағанын аңдап қалған болса керек.

     Ал Бөгенбайдың өзі оңды-солды, алды-артымен бірдей ұрады екен.

     -Рақмет! Бұдан былай есте болар, - депті Жарылғап.

     Қонағын көптеген олжамен шығарып салып тұрып Бөгенбай:

     -Құп алсаң, құда болалық, құдай айырмас дос болалық, Жарылғап, - депті.

     -Менде қыз жоқ еді... Төрт ұлым бар, - дейді Жарылғап.

     -Олай болса менде қыз бар. Сөзіңді байла!

     -Құп, - дейді Жарылғап.

     -Ендеше осы алдағы күзде мен өзім келейін, - дейді Бөгенбай, бірақ саған қоятын шартым: төрт балаңды біртіңдеп алдымнан өткізесің. Күйеу боларлық баланы өзім таңдаймын.

     Жарылғап мұны да құп алды. Айтқандай-ақ күзде Бөгенбай келеді. Жарылғап оны сынамақ болып, өз балалары емес, ауылдағы басқа төрт баланы жақсылап киіндіріп батырдың алдынан өткізеді. Бөгенбай олардың бірде-біреуін ұнатпайды. Төртеуінің қара бойынан Жарылғапқа ұқсар ешбір белгі көре алмай түңілгендей болып сәл отырады да, әлден соң:

     -Мен әурелеп қайтесін, Жарылғап, енді өз балаларыңды көрсет, -  дейді.

     Бөгенбай батырдың сыншылдығына қайран қалған Жарылғап сонда одан кешірім сұрап, өз балаларын келтіреді. Алдымен ортаншы баласы Жәнібекті салған екен.

     -Қотан аяқ, қолекпелеу екен. Менің қызыма күйеу бола алмас, - дейді Бөгенбай.

     Бұдан кейін келген Сәдібекті:

     -От басынан ұзамай, мал ішіндегі малма етектің өзі болар тірі жүрсе, - деп оны да жаратпады.

     Тәрізі, әке балаға сыншы, Жарылғап та өзінше тәуірін іркіп қалып, нашарларын алға салса керек.

     Ең кенжесі Бәубекті әкелгенде:

     -Көріп тұрмын. Сауытымды киер, сағымды сындырмас деп сенген балаң ғой бұл. Рас, қолы қанды, жолы шаңды да болар, әттең ашуынан ақылы саяз, мінезі көріпкетпелеу болар. Мұны да қоя тұр, - депті.

    Жарылғап ең соңынан тұңғышы Қырбасты әкеліп көрсеткенде Бөгенбай көз алмай тесе қарап қалған екен дейді. Бала шығып кеткеннен кейін:

     -Ия, Жарылғабым, қыран көзді Қырбасың маған ұнады. Еңсесі биік, етек-жеңі кең екен, егескен дұшпанына есе бермес апайтөс, әрідеп тарпа болжамды, ақылдың иесісі болғай, - депті.

     Сөйтіп, Бөгенбай қызын Қырбасқа айттырады. Одан Байсейітбай туған. Ол қай Байсейітбай? Ауыздыға сөз, азулыға дес бермеген Байсейітбай. Аузынан жалын атқан аға сұлтан Құнанбайға Қарқаралы дуанында болған бір топта “Ақырзаман боларда күншығыстан жалғыз көзді тажал шығады, сен тап соның өзі емессің бе?” деген Байсейітбай. Жалғыз баласы Нұрлан абақтыға түсіп, соның ісін қуа келген Байсейітбай оязға кіре алмай кезек күтіп отырған Шорманның Мұсасымен тағы да Құнанбайды көріп “Сеніп келгенім сен екеуің ең, босағада күшіктей телміріп отырған түрлерің жаман екен, енді кете берсем де болар” деген Байсейітбай. Жамантай ханның баласы Түлік төре күш көрсетіп, Байсейітбайдың көк тұлпарын алып кел деп жіберген биін сабап-сабап қоя берген Байсейітбай.

     Қысқасы, Бөгенбай мен Жарылғаптың түлегі Байсейітбай да ердің епінбей, егеудің сынығындай, ақылына күші сай көкжал болған. Бірақ, оның заманында ту ұстап, қол бастап жорыққа аттанушылық болмай қалған.

     Жарылғап тұқымы өскен тұқым. Олардың байырғы атамекені қазіргі Ақшатау, Қарабұлақ дейтін жерлер. Жарылғап ұзақ жасап, әбден қартайған шағында дүние салған. Зираты Түркістанда.

 

Пайдаланған әдебиеттер:

          Көкбөрі Жарылғап батыр [Мәтін]  Алматы, ҚазАқпарат, 2009. – 129 б.

    Шет ауданы : [Мәтін] энциклопедия – Алматы:  Қазақпарат,  2011- 32-34 б.

          Жүністегі, К. Шырағдан [Мәтін] / К.Жүністегі.- Алматы: “Ел-шежіре” ҚҚҚ,   2007. – 122 б.                                

         Шет ауданы. Энциклопедия.- Алматы: ҚАЗақпарат, 2013.- 24-26 б.  

Тарихи тұлғалар [Мәтін] / Құраст. Тоғысбаев Б., Сужикова А. – Алматы:   Алматыкітап баспасы, 2008. – 248 б.

 

                                                            Ол туралы:

          Сматай ,С. Жарылғап батыр [Мәтін] / С. Сматай.- Алматы: Айкос, 200.-283 б.

Жүністегі, К. Шырағдан [Мәтін] / К. Жүністегі.-Алматы: “Ел-шежіре” ҚҚҚ,    2007. – 114-120 б. 

Шет ауданы. Энциклопедия.- Алматы: ҚАЗақпарат, 2013.- 24-26 б.

          Көкбөрі Жарылғап батыр [Мәтін]  Алматы, ҚазАқпарат, 2009. – 129 б.

          Тарихи тұлғалар [Мәтін] / Құраст. Тоғысбаев Б., Сужикова А. – Алматы:                                                                   Алматыкітап баспасы, 2008. – 248 б.

 

Мерзімді басылым беттерінде:

         Қабылдаұлы ,С. Батыр ауылындағы бас қосу  [Мәтін] / С. Қабылдаұлы  // Заман.- 

         2007.- 20 қыркүйек (№31).- 5 б.

        Қашқынов, Ж. Баhадүрдің сом тұлғасы [Мәтін] / Ж. Қашқынов // Орталық       Қазақстан , 2002.-6 қараша (№177-178).-11 б.

         Ескерткіш орнатылды  // Орталық Қазақстан, 2007.-11қыркүйек (№147).-1 б.

 Имаш, Е. «Үштің біріне қосылған» [Мәтін] / Е.Имаш  // Орталық Қазақстан ,2009.- 9 шілде (№101).-6 б.  

Бори батыр

ХVІІІ ғасырда өмір сүрген Бөрі батыр Кенжебайұлы атақты Деріпсалы батырдың немересі. Бөрі батырға аяғы ауыр келінінің қасқырдың етіне жерік екенін естіген Деріпсалы аңға шыққан сайын баласының отауына олжалаған арлан қасқырдың терісін сыпырып алып, етін қойдың терісіне орап әкеп тастайды екен. Бөрі туғанда “батырлығымды жалғастырар  ұл туды” - деп атын өзі қойыпты. Ол үміті ақталып, Бөрі 18 жасында жекпе-жекте Ақсерке батырды жеңіп, батыр аты шығады.

Ел аузындағы аңызда сексеннен асқан Деріпсалы батыр жорыққа қолды өзі бастап барып, Ақсеркемен жекпе-жекке шықпақшы болады. Согда немересі Бөрі тұрып:

-         Жекпк-жекке мен шығайын. Жолыңызды маған беріңіз. Сіз жеңілсеңіз исі

қазақтың атына таңба болар, мен жеңілсем бір шикі өкпе бала өлді дер, - батырдан рұқсат сұрайды.

Сол жекпе-жекке Ақсеркедей батырдың басын алып, жеңіспен оралған Бөріні “өз Бөрім ғой!” деп кең шапанына орай құшақтаған Деріпсалы немересіне аталық батасын береді. Бөрі батырдың Ақсеркемен жекпе-жегі жайлы айтыскер ақын Жәкен Байтуов “Бөрі батыр” дастанын жазған. Екі батырдың жекпе-жегі дастанда былайша жырланады:

Садағын Серке қолға алды,

Сегіз қырлы оқ салды.

Басын тежеп бедеудің,

Тартуға садақ толғанды.

Қақ жүректің тұсы деп,

Өлер жерің осы деп.

Балдырғандай Бөріні,

Шіреніп тартып қалады.

Зырқырап оғы кетеді,

Жас Бөріге жетеді.

Атылған оқ дәл тимей,

Жанынан жанап өтеді.

Жығылмай аттан тұрған соң,

Қалғанын көріп өлімнен.

Бөрі өлген жоқ, тірі деп,

Жолдастары шулады.

Өлімнен Бөрі қалады,

Бөрі кезек алады.

Үстіне киген сауытын,

Беліне садақ іледі.

Қуат бер деп ішінен,

Шошығандай түсінен.

 Айырылғандай есінен,

Бөрі бала есінеді.

Ақ найзаны безеді,

Бетін батыр түзеді.

Ақсерке де сезеді,

Қашатұғын қатын ба.

Ақсерке де ер еді.

Бөрі батыр қырланып,

Түсі кетті сұрланып,

Қауіптенді Ақсерке,

Қайтеді деп ойланып.

Найзасын бөрі сермеді,

Дәл жүректен түйреді.

Ақсеркені құлатып,

Балықтай шаншып түйреді. 

Ақсерке батыр өледі,

Өлгенін халық көреді.

Жетекке алып бедеуді, Бөрі батыр жөнелді.

Ақсеркемен жекпе-жекке шығарда Деріпсалы немересі Бөріге өзінің сауыт-сайманын кигізіп, қолына өзінің алмас қылышын берген екен дейді аңыз әңгімелерде. Ақсеркенің басын алған батырдың қылышы ұрпақтарының  қолында сақтаулы.

 

Пайдаланған әдебиеттер:

    Шет ауданы: [Мәтін] энциклопедия – Алматы: Қазақпарат, 2011 – 23 б.

    Жүністегі, К. Шырағдан [Мәтін] / КЖүністегі.- Алматы: Ел - шежіре , 2007.-76 б.

 

Ол туралы:

Ақын Жәкен Байтуов [Мәтін]: өлеңдері мен поэмалары : Балқаш, 1991.-30-70 б.

 

Мерзімді басылым беттерінде:

Рысбеков, Б. Жәкен Байтуұлының "Бөрі батыр" поэмасының көркемдік ерекшелігі [Мәтін] : ақынның хаты өлмейді / Б. Рысбеков // Азия Транзит,  2004 (№3). - 24-25 б.

Бодык батыр (1705- гг)

Бодық  Керней атасының  Жарылғаптан кейінгі аты шыққан батыры. 1705 жылы туған.Кенесары заманында өмір сүрген. Төрелермен үнемі қату болған. Хан Саржанның жағын сындырған. Ол жөнінде ақын Жәкен Байтуов «Саржан – Бодық». Жуасбай Тасболатұлы да  «Саржан қашқан»  деген дастан жазып кеткен. Осы уақиғаға байланысты Қармыстың бойында Саржан қашқан деген жер бар.

Бірде Бодық түстік жаққа жорыққа аттанады. Қайтып келе жатқанда алдарынан мәлімсіз ауыл шығады. Бұл не ауыл болды екен деместен түн қараңғысында оны да қоса шабады. Бір кезде ағараңдап жалғыз қуғыншы көріпті. Бұл неткен жүрек жұтқан деп, қолды өткізіп жіберіп, Бодық қуғыншыны тосып алыпты. Үшінші қайта шабысқанда Бодық аттан түсіп қалыпты. Сол бетінде өңгеріп әкеп бір қараңғы үйге түсіріпті. Батыр үш кезекке жетпей қайдағы біреуден түсіп қалғаным қалай болды деп уайым жеп, таңды көз ілмей аттырады.

Таң атқан соң екі жігіт он екі қанат ордаға бастапты. Келсе төрде адамзат баласының көркемі дерлік жап – жас жігіт малдас құрып отырыпты. Екі жігіт шығып кетіпті. Бодық өзін аттан түсіріп кеткен жігіттің осы екенін түсініпті. Бір жағынан қайран қалыпты, бір жағынан намыстаныпты.

Біраздан кейін бір жігіт үйме табақ ет әкеліп, төрде отырған жігіттің алдына қойыпты. Батыр бақылап отырыпты. Жігіт етті сүйегінен ажыратпай жей бастапты. Сөйтіп отырғанда тағы бір үйме табақ ет келеді. Оны босағада отырған батырдың алдына әкеліп қояды. Батыр да көргенін істеп, етті сүйегінен ажыратпай асай бастайды. Жігіт табағын босатқанда батыр да босатыпты.

Төрде отырған жігіт Наурызбай екен. Кәдімгі Хан Кененің інісі. Ол да таңды кірпік ілмей аттырыпты. Маған қарсы шыққан бұл неткен жүрек жұтқан жан деп. Бір жағынан қуаныпты. Нағыз батыр таптым деп. Қырғыз Алатауына апарам деп.

Сөйткен адамының қаусаған шал болып шыққанына қайран болып отыр екен. Бұл кезде Бодықтың жасы жетпістен асқан дейді.

-         Әттең жасың келген екен, заманың өткен екен. Әйтпесе оң қолтығымнан орын беретін едім. Төреге қол көтерген қараның жазасы біреу. Бірақ сен де туған екенсін. Жаның сауға, - деп бар малын сыпырып алып қалыпты.

Ел аузындағы тағы бір аңыз былай дейді.

Бодықтың аталас ағайыны Төресейіт ит жүгіртіп, құс салған адам екен. Бірде

осындай саятшылықтың буымен Үйсін жеріне өтіп кетеді. Тәуір деген бір үйге түседі. Сөйтсе ол Рүстем төренікі болып шығады. Ақшулан деген қыранын тұғырға қондырып, төрге озады. Ертеңінде қайтпақшы болып құсына қол созғанда төре:

-         Бұл үйге кірген зат шықпайды, - депті.

Төренің әйелі Арғынның қызы екен.

-         Содан жер болып оралған інісін Бодық батыр шақыртады. Мән – жайға қаныққан соң екеуден – екеу жолға шығады.

Төренің ауылына келген соң Төресейтті өзекке қалдырып, батыр Рүстемдікіне

жалғыз барады.

 Батыр сәлем беріп кіріп келгенде төрде отырған төре селк ете түсіпті. Мұны бәйбішесі байқап қалыпты.

Бодық дәрет сындыруға шыққанда бәйбіше көрген жайын баян қылады. Төре

сенбейді. Ендеше деп ине-жіппен сымын құрақ көрпеге іліпті. Батыр қайтып келгенде жіп үзіліп кетіпті. Төре келушінің тегін емесін түсінеді. Жолаушы сусын ішіп, сапарының мойын қашықтығын айтып, қонақасыға қарамайтын болады. Үйден шығып бара жатып:

Қуыс үйден құр шықпаушы едім, - деп тұғырдағы Ақшуланды іле кетіпті.

Бодықтың күмбезді мазары Қабыл өзенінің бойында. Онда Батыр жоқ дейді.

Жаулары сүйегін қорлайды деп басқа жерге жерлеген – мыс. Бодыққа берілген ас үлкен жанжалмен аяқталады. Асқа Шәбден бастаған қырғыздар келеді. Сонда ұранға Ағыбай батыр аты шақырылады. Бұған қырғыздар наразы болады. Қазақтар Хан Кененің басын даулайды. Қырғыздар да есесін жібермейді. Олар Нәдірханның басын даулайды. Ал Нәдірдің басын алушы Жарылғап батыр.

Жанжалды бастаушы сол кездегі бала батыр Балта Манасбайдың Омары екен.  Ол қырғыздың Мойнақ деген балуанын атып ұрып, ыштанын шешіп түкіріпті. Онымен қоймай ат үстіне қарғып мініп Ағыбайлап шапқан. Шәбен табан астында Омарды жазалауды талап етеді. Бірақ ел Батырдың аруағын сыйлап, Омарға ат-шапан айып төлеттеріп, қырғыздардан құтылыпты.

 

 

Пайдаланған әдебиеттер:

    Шет ауданы: [Мәтін] энциклопедия – Алматы: Қазақпарат, 2011 – 23 б.

  Жүністегі, К. Шырағдан [Мәтін] / К. Жүністегі.- Алматы: Ел - шежіре , 2007.-76 б.

 

Ол туралы:

Ақын Жәкен Байтуов [Мәтін]: өлеңдері мен поэмалары : Балқаш, 1991.-71-111 б.

Агибай Қонырбайулы (1802-1885 гг.)

Елдің елдігі мен еркіндігі үшін «Ереуіл атқа ер салып,ереуіл найза қолға алып»,

Қаймана қазақты ұрыс даласына бастаған Ақжолтай батыр Ағыбай Қоңырбайұлы 1802-1885 жылдар аралығында  өмір сүрген. Көрнекті қазақ ғалымы тарих ғылымының докторы профессор Е. Бекмаханов Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерліске байланысты жазған монография- сында Ағыбай Кенесарының құрдасы әрі оның бірінші әскери кеңесшісі болды. Кенесары оны жақсы көргендіктен өз атымен атамай,әзілдеп«Көсе» деп  атайтын деп жазады» Расында да Кенесары ел-жұртының қамын ойлаған хан еді,халқын тар қапастан құтқарудың түрлі жолдарын ойластырып,айналасындағы кеңесшілерімен, қолбасшыларымен үнемі ақылдасып отырған

   Кенесары әскерінде бес батыр болған Ағыбай ел аузында аты аңызға айналып, қолбасшылығымен батырлығының нәтижесінде халық сүйіспеншілігіне бөленеді.

 Ертеде болған екен ер Ағыбай,

Ол кезде ер болмапты Ағыбайдай,

Баяғы Кенесары заманында,

Ерлігін көрсетіпті елге талай.

Білмеген Ағыбайды ел болмаған.

Үш жүзге даңқы кетіп Ағыбайдың,

Ол кезіп,ол бармаған жер болмаған...

Ағыбай ешбір  жанға бас ұрмаған,

Басынан дұшпан сөзін асырмаған.

Жалғыздық Ағыбайды бөгеген жоқ,

Қандай жау есіл ерге тор құрмаған...

Ағыбай батырдың әскерінде ұйтқы боп жүрген

   Ағыбайдың немере туыстары- «шұбыртпалының жеті бөрісі» деп халық  атап     кеткен. Таңабай ,Көлебе,Меңдібай,Дулат,Жәуке,Толыбай,Шыңбай. Осы шұбыртпалының жеті бөрілері жөнінде ел аузында  мынандай аңыз бар: Алғашқы уақытта Кенсары әскері  жауға «Абылайлап», «Қабанбайлап», «Бөгенбайлап» шабады екен.Бір күні орыс әскерімен қырған соғыс болып бірінші жауға «Абылайлап» кірген, төрелер,екінші топ жаумен «Қабанбайлап», «Бөгенбайлап» сабаласқан  қазақ әскері артқа шегініп оралған екен. Осы кезде жаудың  ортасында қалған бас «А, Құдайлап», оған ерген жеті батыры «Ағыбайлап» жауды екі бөліп қуып,жеңген екен.

Соғыс біткен соң Кенесары хан ойланып: «Осыдан кейін алғаш әскері  жауға  екі ұранмен- бірінші қатары «Абылай» деп екінші легі «Ағыбай» деп шабатын болсын деп айтқан екен. Ал Ағыбай бас қолбасшысы боп,шұбыртпалының жеті батыры  Таңабай, Көлебе, Меңдібай, Дулат, Жәуке, Толыбай, Шыңбай Кенсарынның мыңбасары ретінде,он жыл орыс отаршыларымен аяусыз соғысқанда  қазқтың жері мен бостандығы үшін  «Ағыбайлап» кіріскен есіл ерлер болған. Тағы бір айтатын жайт, Ағыбай Кенсары әскерінде бас батыр болса, ал оның жақын туысы Ханаби Серкеұлы бас биі болған екен. Архив материалдарына ,белгілі халық ақындарының жыр, дастандарына, басқа да тарихи деректерге жүгінер болсақ, шұбыртпалы Ағыбай батырдың қолбасшылық қызметнің,әсіресе 1837-1841 жылдары аралығында асқан ерлік қимылдар көрсеткенінің куәсі боламыз Кенесары Көкшетау шайқасында жеңіске жеткені және шынайы ержүректік көрсеткені үшін Ақжолтай Ағыбай батырға, Абылай хан атасынан қалған күмістелген қанжарды тарту етеді. Осы қантөгісте Ағыбай батырдың қолына  тұтқынға патша офицері, аға сұлтан Маман Абылаев түседі. Әлсіздік көрсетіп жеңіліске ұшырағаны, әрі тұтқынға түсіп қалғаны үшін патша үкіметі Абылаевты қызметінен қуып, орнына Боштай Тұрсыновты тағайындайды.

   Хан кененің қоластында жүріп Ағыбай  1838 жылы 7 тамызда Ресей империясының Ақмоладағы тірек-орталығына шабуыл жасайды. Ол кезде Ақмола қаласын полковник Қоңырқұлжа  Құдаймендин басқаратын. Сібір қазақтарының ауыр зеңбірекпен қаруланған отряды мықтап қоршаған болатын. Бұл қанды қырғын айқаста да Ағыбай батыр сарбаздары күш басылымдығын көрсетіп, қаланы басып алады. Қоңырқұлжа Құдаймендин қалған солдаттарымен қашып құтылады. 1837 жылғы 5 желтоқсанда Ақтау бекінісінен Ташкентке хорунжий Рытов жасағы бастап бара жатқан керуенді Ағыбай мен Наурызбай батыр сарбаздары қойлыбай Болат  маңында тас-талқан етті. Ел азаттығы үшін күрескендердің Ақтау өңіріндегі жұрт арасында аңыз боп тараған бұл атыс-шабыстары да халық ақындарының назарынан тыс қалған жоқ:  Ақжал боп тиді Ақтауға,

                              Батырлардың келгені.

                              Есепсіз қалың дұшпанын,

                              Сауынан көп болды өлгені.

                              Батырлар салған өнерді

                              12 мыңдай қол болып

                              Ақмолаға жөнелді.

                               Бастығы болған бәрінің

                               Кенесары-Наурызбай,

                               Екінші батыр тағы да

Арғыннан шыққан Ағыбай...-деп асқақтата жырлауы сөзімізге толық дәлел бола алады. Хан кененің сенімді қолбасшылары Ағыбай мен Наурызбай Ақтау бекінісінің комендаты, әрі старшыны Симонов әскерлерін де қанға бөктіріп,бас сауғалап,қару-жарақтарын тастай қашуларына мәжібүр етті. Сол шайқаста қос батыр Кенесарыға 10 тапанша, 9 мылтық , 13 қылыш, 7 найза, 495 мылтық оғын,тағы басқа да қарулар әкеп табыс етті.1841 жылы Ұлытау тауының баурайында Үш жүз тайпаларының өкілдері бас қосуында  Кенесары қазақ  халқының  ханы болып сайланды. Бұл кез генерал- губернатор Перовскийдің даңқы дәуірлеп тұрған уақыт болатын. Содан кейінгі екі жылда Ағыбай батыр бастаған  Кенесары ханның қол астындағы қазақ сарбаздары өзбек езгісіндегі бауырластарын азат ету жолында қоқандықтармен күресті. 1843 жылдың басында,генерал-губернатор Горчаков Кенесарының бәйбішесін тұтқынға түсіріп, көтерісшілер әлеміне «өзгеріс «жасауға әрекеттенді.Сол  жылдың тамыз айында полковник Бизанов пен А.Жантөрин, Б.Айшуақов сынды сұлтандарыдың   басқаруымен 500 адамнан құрылған қарулы қол Кенесары ханның сарбаздарымен соғысуға бет алды. Олар Ырғыз өзенінің бойында Ағыбай мен Наурызбай бастаған көтерлісшілер жасақтарымен кездесіп, тағы бір қантөгіс болады. Осы шайқаста Наурызбай батыр қатты жараланады. 1844 жылы көктем шыға Ресей империясы қазақтың кең байтақ даласын тұтас басып алудың  құйтыртқы шараларын ойластырады. Генерал-майор Жемчужниковтың қол астына үш отрядтан тұратын қарулы қол жасақтады. Оның бірінші отрядына  полковник Лебедедев, екіншісіне сұлтан Ахмет Жантөрин,үшіншісіне жүзбасы Фалилеев басшылық етті.  Осы тұста Наурызбай батыр өзінің тапқырлығын танытып полковник Лебедев басқаратын патша отрядын Ресей империясына жанымен берілген сұлтан Байқадамовтың ауылына қарай бұрып жеберді.

          Кенесары ханның алдын-ала жасаған жоспарына сай 1844 жылдың  20 маусымынан 21 маусымына қараған түнде Ағыбай батыр мен Ержан батыр сарбаздары Тобыл өзенінің жоғарғы сағасымен Ұлқояқ өзенінің бойында Ахмет Жантөриннің  отрядын қоршап алып,толық жойып жіберді. Ұрыс барысында көрнекті 44 сұлтан қаза тапты. Бұл полковник Дуниковский басқаратын ауыр зеңбіректі отрядына жасалған ірі шабуылдың бастамасы  еді.

         Тамыз айының орта шенінде Ағыбай батыр мен Наурызбай батыр бастаған қол Екатеринск бекінісіне лап қойып, естерінен таңдыра жасалған бірнеше шабуылдың нәтижесінде бекіністі басып алады.Бұл –Кенесары ханның ең үлкен  жеңістерінің бірі еді. 1844 -1846 жылдар аралығында Кенесары ханның сарбаздары Ресей империясының әскерлеріне дүркін шабуыл жасап,бірде сәтсіздікке ұшырап,енді бірде ойсырата жеңумен болды. Осы  жылдары ауыр зеңбірек,оқты мылтықпен қаруланған патша әскерлеріне қарсы білектің күшімен, найзаның ұшымен қазақ жерін қорғаған батырларымыздың даңқы шықты, сол батырлардың даңқы халқымыздың еңсесін көтерді де, қазақ батырларының басында Ақжолтай атанған Ағыбай батыр Қоңырбайұлы тұрды.

 

                                       Пайдаланған әдебиеттер:

Шет ауданы : [Мәтін] энциклопедия – Алматы: Қазақпарат,  2011-32-34 б.

Қарағанды. Қарағанды облысы:[Мәтін] энциклопедия.-Алматы: Атамұра, 2006.-88 б.

    Жүністегі, К. Шырағдан [Мәтін] / К.Жүністегі . – Алматы: Ел-шежіре, 2007. – 124-131 б.     

      Шет ауданы. Энциклопедия.- Алматы: ҚАЗақпарат, 2013.- 26-28 б.

      Ақжолтай Ағыбай батыр [Мәтін] Алматы: Ғалым, 2002. – 632 б.        

    Шет өңірінің тарихи-мәдени ескерткіштері:  фотошежіре [Мәтін] – Құраст.: М.       Жакин.- Алматы: КарМУ, 2004.- 51 б.

    Тарихи тұлғалар. [Мәтін]  / Құраст.:Б. Тоғысбаев, А. Сужикова. – Алматы:    Алматыкітап, 2008. – 342 б.

Бабалар сөзі: [Мәтін]  Жүз томдық. – Астана: Фолиант, 2006. – 307-313 б.

   Бабалар сөзі: [Мәтін]  Жүз томдық. – Астана: Фолиант, 2010.-36-44 б.                                                           

  Қанайұлы, Ш. Қай заман [Мәтін] / жыр-толғаулар.- Астана: Фолиант, 2011.- 88-  105 б.                                             

 

                                                    Ол туралы: 

    Шет ауданы : [Мәтін] энциклопедия – Алматы: Қазақпарат, 2011-32-   34 б.

    Жүністегі, К. Шырағдан [Мәтін] / К.Жүністегі . – Алматы: Ел-шежіре, 2007. –   

    124-131 б.                           

    Ақжолтай Ағыбай батыр [Мәтін] Алматы: Ғалым, 2002. – 632 б.        

    Шет өңірінің тарихи-мәдени ескерткіштері:  фотошежіре [Мәтін] – Құраст.: М. Жакин.- Алматы: КарМУ, 2004.- 51 б.

    Тарихи тұлғалар. [Мәтін]  / Құраст.:Б. Тоғысбаев, А. Сужикова. – Алматы: Алматыкітап, 2008. – 342 б.

     Шет ауданы. Энциклопедия.- Алматы: ҚАЗақпарат, 2013.- 24-26 б.

      Бабалар сөзі: [Мәтін]  Жүз томдық. – Астана: Фолиант, 2006. – 307-313 б.

  Бабалар сөзі: [Мәтін]  Жүз томдық. – Астана: Фолиант, 2010.-36-44 б.                                                          

 

                      Мерзімді басылым беттерінде:

 

   Қол бастаған Ағыбай батыр [Мәтін] / Заман.- 2002.- 7 қыркүйек (33).-3 б.

Топырақтың киесі [Мәтін] / Орталық Қазақстан.- 2007.- 24 қараша (№17).-5 б.

Ақпанбайұлы Б. Ақжолтай Ағыбай батыр күмбезі  [Мәтін] / Б. Ақпанбайұлы // Заман. - 2006. - 9 қараша (№46). - 3 б.

 Аманжолтегі Ә. Ерліктің куәсіндей  [Мәтін] / Ә.Аманжолтегі // Заман. - 2002. - 6 шілде (№25). - 3 б.

Орталық Қазақстан. - 2021. - 19 тамыз (№91). - 4 б.

Шет шұғыласы. - 2021. - 19 тамыз (№33). - 4 б.

Сарыарқаның сайын даласы- ғасырлар сілеміне сіңіп, тарих парағына айналған аңыздай шежіреміздің абыздай жалғыз куәсі. Бір аяғы үнемі үзеңгіде өткен тарпаң тағдырлы батыр бабаларымыз ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғап, ұрпағына аманаттап кеткен байтақ дала содан бергі қилы-қилы заманда ұлы қозғалыстың өзегінде, қайнаған өмір жолында жауһардай жарқырап түледі.