Баян Рақышева
Баян Рақышұлы Рақышев 1934 жылы 15 нурызда Қарағанды облысының Шет ауданындағы Қарасаз ауылында дүниеге келген. Кен ісі саласындағы ғалым, техника ғылымының докторы (1979),проф. (1981), Қаз ҰҒА-ның академигі. (2003), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2004). ҚазҰТУ – ды бітірген (1957). Қазақ кенметалургия комбинатында техниканализатор , ауысым, цех бастығы , кен учаскесі мен Қоңырат кенішінің Солтүстік корьерінің бастығы болған. КазПТУ - де аға оқытушы , доцент (1965 - 1976) , кафедра меңгерушісі (1977 - 1987) , автоматика және есептеу техникасы факультетінің деканы (1967 - 1974) , осы институттың про – ректоры (1980 – 1985 ), ректоры, (1985 – 1992 ). 1992 жылдан ашық тау кен жұмысы кафедрасының меңгерушісі болған.
Пайдаланған әдебиеттер:
Б.Рақышев.
Шет ауданы : [Мәтін]Энциклопедия/-Алматы: ҚАЗақпарат, 2013 – 304 бет.
Ол туралы
Қарағанды облысы [Мәтін] Энциклопедия. / Алматы: Атамұра, 2006- 445 бет.
Рогов Е. Жаркенов М. И. Кенжебаев А. [Текст] Биобиблиография ученых казахстана / «Жизнь» 2004 – 7 бет.
Рақышев Баян Рақышұлы 1934 жылы туған.
Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетінің кафедра меңгерушісі,ҚР Ұлттық ғылым Академиясының академигі,техника ғылымдарының докторы,профессор,Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген қайраткер,Қ.И.Сәтбаев атындағы сыйлықтың иегері (Алматы қ.)
Пайдаланылған әдебиеттер:
- Шет ауданы. Энциклопедия. – Алматы: ҚАЗақпарат, 2013.- 382 б.
Мерзімді басылымдар беттерінде:
Жақанұлы Ш. Академик Рақышев [Мәтін] / Ш. Жақанұлы // Шет шұғыласы. - 2008. - 17 сәуір. - 7 б.
PDF материалдары
Маулен Жакин
Мәулен Советұлы Жакин Шет ауданыда дүниеге келген. Қазақ елтанымын қалыптастыруға көп еңбек сіңіріп жүрген ғалымдардың бірі. Шет өңірі тарихын негіздеушілердің бірегейі. Тарихы ғылымдарының кандидаты. ҚарМУ-дың тарих факультетінің бітірген. ҚарМУ-дың «Этномәдени зертеулер» атты оқу-зерттеу зертханасының меңгерушісі. Көптеген ғылыми еңбектері алыс және жақын шетелдік басылымдарда жарияланған.
Пайдаланылған әдебиеттер:
- Шет ауданы. Энциклопедия. – Алматы: ҚАЗақпарат, 2013.- 382 б.
Шығармалары:
![]() |
Жакин,М. ФУНКЦИОНАЛЬНОЕ ЗНАЧЕНИЕ ПРИНЦИПА РОДСТВА И РОДОВОЙ СТРУКТУРЫ В ЭТНОСИСТЕМЕ КОЧЕВОЙ ЦИВИЛИЗАЦИИ КАЗАХОВ (по материалам ХҮІІІ-ХІХ вв.) [Текст] /М.Жакин-Караганда, 2001-С.182. |
![]() |
Жакин, М. Шет ауданының топонимикасы [Мәтін] / М. Жакин. – Қарағанды: Гласир, 2013. – 500 б. |
![]() |
Артықбаев Ж.О., Жакин М.С. Шет өңірінің тарихы. Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 1998. – 275 б. |
Мәуен Хамзин
Хамзин Мәуен Хамзаұлы 1949 жылы Шет ауданының Кеншоқы ауылында дүниеге келген. Әдебиетші, филолгия ғылымдарының докторы (1998), профессор (2003), ҚарМУ-ды бітірген (1973). ҚР Мәдениет қайраткері (2009). Шет ауданының Құрметті азаматы (2011). ҚР Білім беру ісінің үздігі (1991). Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.
Шет ауданының Кеншоқы ауылының орта мектебінде мұғалім, директордың орынбасары (1973-1982), Жезқазған пединститутында аға оқытушы, доцент, филология факультетінің деканы, кафедра меңгерушісі (1982 - 1996), Ө.Байқоңыров атындағы ЖезУ-дың кафедра меңгерушісі (1996-1998), Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ-да (1998-2005) және Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде кафедра меңгерушісі (2005-2007) болады. Бүгінде Қарағанды маңызды білім беретін «Болашақ» институтының ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры. 2009 жылдан «Мирас» ғылыми-зерттеу орталғының директоры. 250-ден астам ғылыми, танымдық мақаланың, публицистикалық еңбектің авторы. Бір монография, екі оқулық, бірнеше оқу-әдістемелік құрал жазған.
Пайдаланылған әдебиеттер:
- Шет ауданы. Энциклопедия. – Алматы: ҚАЗақпарат, 2013.- 382 б.
Мұхаметқали Әбдуов
Мұхамедқали Әбдуов 1958 Шет ауданында туған. Филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚарМУ-дың филология факультетінің деканы. Фольклорист, өлкетанушы, шежіреші. 1979-1989 жылдар аралғында газетте, мәдениет бөлімінде, кәсіптік-техникалық училищеде қызмет атқарған.
«Орталық Қазақстан халық ақындары шығармаларындағы фольклорлық дәстүр» деген тақырыпта кандидаттық (1997), «Қазақтың діни эпосы» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғайды. Жүзге жуық ғылыми мақала мен 2 монография, 4 оқу құралы, 7 әдістемелік нұсқаудың авторы.
Пайдаланылған әдебиеттер:
- Шет ауданы. Энциклопедия. – Алматы: ҚАЗақпарат, 2013.- 382 б.
-
Әлімжан Ж. Қызығы –ғылым, азығы –өнер [Мәтін] /Ж.Әлиман //Үш қоңыр ,2020.-24 шілде (№30).- 3 б.
Нұрлан Дулатбеков
Нұрлан Орынбасарұлы Дулатбеков 1962 жылы Шет ауданында туған.
«Болашақ» университетінің ректоры, Заң ғылымдарының докторы,профессор, Ресей заң ғылымдары Академиясының және Қазақстан педагогика Академиясының академигі,Халықаралық кадрлар Академиясының және ҚР әлеуметтік ғылымдар Академиясының корреспондент мүшесі (Қарағанды қ.), «Алтын жүрек» ұлттық қоғамдық сыйлығының иегері, Шет ауданының құрметті азаматы. Облыстық Мәслихаттың депутаты.
ҚарМУ-дың түлегі (1984). Аталмыш университетте қылмыстық құқық және іс жүргізу кафедрасының оқытушысы, доцент, кафедра меңгерушісі болып қызмет атқарады (1984-1986). 1996 жылдан Қарағанды «Болашақ» университетінің ректоры. 100-ден астам ғылыми еңбектің авторы.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Шет ауданы. Энциклопедия. – Алматы: ҚАЗақпарат, 2013.- 382 б.
Ол туралы:
Қарағанды облысы [Мәтін] Энциклопедия. / Алматы: Атамұра, 2006-218 бет.
Шет ауданы : [Мәтін]Энциклопедия/-Алматы: ҚАЗақпарат, 2013-153 бет.
Шығармалары:
![]() |
Пресса Карлага. [Текст] 1-книга./Сост. Н.О. Дулатбеков - Караганда: Академия "Болашак", 2017. - 350 с. +32 с. вкл. |
![]() |
![]() |
![]() |
Мерзімді басылымдар:
Жамбыл Ақылбаев
ЖАМБЫЛ СӘУЛЕБЕКҰЛЫ АҚЫЛБАЕВ (27.07.1938-30.11.2007)
Жоғарғы мектептер Халықаралық Ғылым академиясының академигі, Университет ректорлары халықаралық қауымдастығының мүшесі, Орталық Қазақстан жоғарғы оқу орындары ректорлары аймақтық кеңесінің төрағасы, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік саясат жөніндегі Ұлттық Кеңесінің мүшесі, ҚР Президенті жанындағы кешірім жасау жөніндегі комиссияның мүшесі, ҚР білім және ғылым корпоративтік қорының қамқоршы Кеңесінің төрағасы, техника ғылымдарының докторы,профессор, «Парасат» орденінің иегері болды.
Шет ауданының Ақсу-Аюлы селосында туған. ҚарПИ-ді бітірген (1961). Сонда ассистент, оқытушы, ҚазМУ-да стажер-зерттеуші, аспирант, аға оқытушы, деканның орынбасары, теориялық физика кафедрасының меңгерушісі, физика факультетінің деканы, университеттің ғылыми жұмыстар және оқу ісі жөніндегі проректоры, Атырау пединститутының ректоры (1961-1991), Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың ректоры (1991-2000).
70-тен астам ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың авторы, өнертабысы үшін онға жуық авторлық куәлік алған. Негізгі ғылыми еңбектері денелердің гидроаэродинамикасы мен жылу алмасуы мәселелеріне арналған. Оның қатысуымен ұщатын аппараттардың аэродинамикалық өңдеуін өлшеудің жаңа технологиясы жасалды, ол орталық аэродинамикалық институтпен бірлескен зерттеулерде қолданылды.
ХІІ шақырылған ҚР Жоғарғы Кеңесінің депутаты (1993-1994). Шет ауданының және Қарағанды қаласының құрметті азаматы. «Парасат» орденімен (1998), Халықаралық жоғарғы мектеп академиясының «Еңбектегі табысы үшін» медалімен (2001), «Жоғары мектеп алдындағы еңбегі үшін» (2002), Капица атындағы медальмен (2003, Ресей), МХР Қамқоршылық медалімен марапатталған.
Шығ.: «Электр және магнетизм» (2003), «Новые оптические методы исследования тепломассопереноса» (1995), «Аэродинамика и теплообмен криволинейных тел» (1996).
Пайдаланылған әдебиеттер:
- Шет ауданы. Энциклопедия. – Алматы: ҚАЗақпарат, 2013.- 382 б.
Ол туралы:
Шет ауданы : [Мәтін]Энциклопедия/-Алматы: ҚАЗақпарат, 2013-71 бет.
Қарағанды облысы [Мәтін] Энциклопедия. / Алматы: Атамұра, 2006-110 бет.
Мерзімді басылымдар:
Жуасбаев Ө. Бақұл бол, бауырым [Мәтін] / Ө. Жуасбаев // Заман. - 2007. - 6 желтоқсан (№49). - 6 б.
Аська. Посвящается брату [Мәтін] / Аська // Шет шұғыласы. - 2008. - 27 қараша (№50). - 5 б.
Жәкеш Ғ. Жерлестерін еске алды [Мәтін] / Ғ. Жәкеш // Шет шұғыласы. - 2009. - 24 желтоқсан. - 4 б.
Шәтекұлы Қ. Алмас шарт сынады [Мәтін] / Қ. Шәтекұлы // Заман. - 2007. - 6 желтоқсан (№49). - 6 б.
Сәулебекұлы М. Асыл аға [Мәтін] / М. Сәулебекұлы // Шет шұғыласы. - 2008. - 27 қараша (50). - 5 б.
Өнерлі ғұмыр иесі еді [Мәтін] // Шет шұғыласы. - 2008. - 27 қараша (50). - 5 б.
Орталық Қазақстан. - 2021. - 1 шілде (№71). - 7 б.
PDF материалдары
- Abzal azamat adi
- agamyzdyn omiri keleshek urpakka ulgi onege
- Akademik Akylbaev tulga men tagylym
- Akademik Jambyl Akylbaev enbeginin erekshelikteri
- azamatyn el maktap madaktagan
- Dostyn gibratty omir joly
- en keremet galym
- halkynyn kaisar azamaty
- Irilik pen askaktyk fenomeni
- tau tulgaly azamat
- tugyry biik tulga
- Tulga tagylymy
- ulagatty ustaz uzdik rektor
- ZHambyl Saulebekulyna
Шәрбан Батталова
ШӘРБАН БАТТАЛОВА (1921- 2002). Химия ғылымдарының докторы, профессор (1972), академик (1989). ҚР-ның еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1993). Москваның М.В.Ломоносов атындағы мемлекеттік Университетін және аспирантурасын бітірген. 1952 жылы ҚазКСР ҒА-ның Химия ғылымдары институтында аға ғылыми қызметкері, табиғи сорбенттер мен катализаторлар лабораториясының меңгерушісі (1960). «Қазақстанның кейбір бенто-ниттерінің катализдік және тазартқыштық қасиеттері» деген тақырыпта докторлық диссертция қорғады.
40-тан астам ғылыми еңбегі бар. «Құрмет белгісі» орденінің иегері.
Пайдаланылған әдебиеттер:
- Шет ауданы. Энциклопедия. – Алматы: ҚАЗақпарат, 2013.- 382 б.
Ол туралы:
Қарағанды облысы [Мәтін] Энциклопедия. / Алматы: Атамұра, 2006-174 бет.
Шет ауданы : [Мәтін]Энциклопедия/-Алматы: ҚАЗақпарат, 2013-128 бет.
Сұлтан Сүтбаев
Сұлтан Сүтбаев (1936) Қарағанды обл. Аралтөбе селосында дүниеге келген. ҚР «Жер қойнауының «Құрметті барлаушысы».
«Кен қорларын бірінші ашушы», Шет ауд.-ның «Құрметті азаматы». Қазақтың таукен институтының түлегі (1960), инженер-
гидрогеолог. Орталык Қазақстан геологиялықбасқармасының Ақадыр геологиялықбарлау экспедициясында аға техник- гидрогеолог, гидрогеолог, аға гидрогеолог (1960-1969), экспедиция басшысы (1969- 1988) болып істейді. Ақадыр ауд. қоршаған ортаны қорғау басқармасының төрағасы (1989-1997), Орталық Қазақстан жер қойнауын бақылау аумақтық басқармасының Балқаш және Жезқазған аймақтық инспекцияларынының бас маманы (1997- 2007), 2007 ж.-дан бастап «Қазақмыскорпорациясы» ЖШС-і «Жезқазған түстімет» ӨБ-де бас геологтын орынбасары. Оның басшылығымен және тікелей қатысуымен
Сарысу жерасты суларының қен орындары тобын ашып, барлау жұмыстарын жүргізіп, Ақшатау және Ақжал кеніштері үшін Жәмші және Қарабұлақ жерасты суларын барлап, болашақ ұзынжал кен орнын сумен қамтамасыз ету мақсатында Киікті, Сарыбұлақ,Үшбұлақ-Атасай жер асты суларының қорларын барлап,Ақадыр кентінің суға мұқтаждығын өтеу үшін Талдыеспе жерасты суларының қорларын мемлекеттік қор комиссиясында бекітеді.
«Құрмет белгісі» орденімен, «Еңбек ардагері», т.б. медалдарымен марапатталған.
Шет ауданы [Мәтін]: энциклопедия / ред. Ә. Оспан. - Алматы : ҚазАқпарат, 2011- 338 б.
Төрехан, М. Кенаға [Мәтін] / М. Төрехан // Орталық Қазақстан. - 2016. - 28 сәуір (№71). - 5 б.
Кәкімжан Сарханов
(1951) зооинженер, а.ш. ғыл.кандидаты (1984). Алматы зоотехникалық-мал дәрігерлік ин-тын бітірген (1974). Жезқазған а.ш.басқармасында зоотехник, тәжірибе ст.-да аға ғыл. Қызметкер, сектор меңгерушісі (1974-1984), Жезқазған обл. а.ш. басқармасының м.ш.бөлімінің, обл. мал тұқымын асылдандыру бірлестігінің бастығы, обл. а.ш. ст.-ның директоры (1984-1997) қызметтерін атқарған. Шет ауданының әкімі (1997-2005) болды. М. Ш. Өнімін арттыру мәселеріне арналған 30-ға тарта ғыл. еңбек пен мақалалардың авторы.
Рахымжанов Теңізбай
Рахымжанов Теңізбай (1946) Шет ауданының Өспен кенішінде дүниеге келген. Филология ғылымдарының докторы (1993), ҚР еңбегі сіңген қайраткер (2002). КСРО (1985), Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. ҚазМУ – дің журналистика факультетін бітірген (1969). Республикалық «Лениншіл жас» газетінің Торғай, Қостанай облысының меншікті тілшісі, Қазақстан ҒА М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының ізденушісі (1969 – 1981), 1981 жылдан Абай атындағы ҰПУ – де дәріс береді, филология кафедрасының профессоры. «Халық ақындары творчествосының көркемдік сипаты», «Халық қазынасы», «Романның көркемдік әлемі» секілді монографиялар мен оқу – құралдарын жарыққа шығарған. В. Антоновтың, А. Чеховтың, Ю.КАзаковтың, Д. Голсуорсидің және т.б. жазушылардың шығармаларын қазақ тіліне аударған. Шығармалары алыс және жақын шетел тілдеріне аударылған. Шығ.:Алтын керуен, 1980, Алматы; Күн тамшысы,1973, Алматы; Оралу, 1984, Алматы; Туысқандар, 1984, Алматы; Көгілдір тырналар, 1988, Алматы.
Мерзімді басылымдар беттерінен:








