Шортанбай Қанайұлы (1818-1881)
Шортанбай Түркістан жерінде Қаратауды жайлаған шаруа Қанайдың отбасында дүниеге келген. Жас шағынан мұсылманша оқып замандастары қатарлы білім алмаған. Бұрыннан қазақ халқының қасиетті астанасы есепті Түркістан қаласы, оның сол тұстағы шар тарапқа жайылған даңқы жас талапқа әсерсіз болмаған.
Қиялына қанат бітіріп, өнер-білім биігіне талпыған алғашқы тәлім-тәрбие ұясындай ізгі әсер еткен, парасатты ақыл иелеріне жақын жүріп, жақсылар қатарына ерте ілескен. Көзі ашық, сауатты, білімге құштар жасқа үлгі-өнер боларлық ойлы орта, тәлімге - ұстаздар да кезіксе керек-ті.
Көкірегі ояу, көркемдікке әуес сезімтал жас естіген есті сөздерін құлағына құйып, көрген ғажайыптарың ойына орнықтырып, шама-шарқынша ақылға салып, санамен салмақтайды.
Жас талап тұстастарының бірі аллатағала әмірімен, діни түсіністіктермен баланыстырса, екіншісі Яссауи қалдырған парасат сөздерін тақпақтап, ауызға-өсиетке негізделген "Диуани Хикметтен" үзінділер келтіріп, көкеге ой салар сырлы сөзжинағын ауызға алар еді. Жалғыз ғана емес, одан бергі Түркістандық өнерпаздар.
Мұсылмандық жолындағы оқудың нәтижесі оның қолын ишандық дәрежеге жеткізді. Бұл жолда қызмет атқару үшін Түркістаннан Арқаға, Қарақаралыға қарасты Бесата жайлаған Жамантай төренің мекеніне қоныс аударуға тура келеді.
Одан кейін Аюлы-Ақсу бойын қоныстанған Жанғұтты бидің қарамағанан шағын мешіт салдырып, медресе ашады. Өле-өлгенше осы биді төңіректеп, өмір кешеді. Ер жетіп, еркінше еңбек етуге бел буған талабы зор, талғамы қалыптасқан Шортанбай жаңа ортаға, өзге өлке жағдайына кезігеді.
Жігіт жасындағы Шортанбай мешіт ашы, діни жұмысатқара бастағанмен, оған мүлде беріле алмайды. Тіршіліктің талабы, өмірдің рухани азығы, дүниенің қызығы оны тәубасынан жаңылдырады. Қызойнақ пен Алтыбақан кештеріне бірден барып, жастарға араласып кеткісі-ақ келеді. Амалын тапса, екеуін де қолданып, өзі де елден шеттемей, жастарға да, үлкендерге де үйір боп, солардың ортасында өмір сүру, мүмкін болғанынша сезімге бой алдырмай, ақыл мен парасатқа жүгіну қажет. Осылайша ой түйген Шортанбай өзін еркін ұстайды.
Жастық шақтың қызығы оны ойын-сауыққы жетелейді. Елдегі әр қилы дәстүрлі той, жиын, келін түсіру, қыз ұзату салттарына байланысты думандарға еліктемеу мүмкін емес.
Ел толған төкше ақындардың айтыстары, жыршы-жыраулардың тамаша толғау, жырлары өнерге әуес, сөзге жүйрік, тілге шешен Шортанбайдың жанына жағады. Біраздан кейін өзін-өзі билей алмай, бойын кернеген ақындық өнердің аузын қалай ашып жібергенін өзі де сезбей қалады.
Енді ел-жұрт Шортанбайды ишан деуден көрі төкпе ақын деп атап кетеді.
Міне, ғажап! Қазақтың бір өлкесі бір Шортанбайды тақуа ишан етіп тәрбиелесе, екінші өлкесі оны тамаша ақын етіп шығарды. Асылы, адамды – жасаған ортасы тәрбиелейді, - дейтін қағида дұрыс. Оған Шортанбайдың өсу, жетілу жолы бірден-бір куә.
Еліне ақын боп танылған Шортанбайдың өнерлік жолына шолар болсақ, онда да өзіндік сыр жоқ емес. Қазақта, бұрын-соңды, не көп десе, ақын көп деп жауап берілер еді. Бұл жауаптың екі мағынасы бар. Ақынның көптігі, ең алдымен, халықтың талантқа бай екенін көрсетеді.
Екіншіден не нәрсе көп болса, онда құнсыздық та орын алып, яғни, ақын емес, елде ақындыққа жақындар да көбейер еді. Кез келген ұйқас сөз өлең емес, өлең ол Абайша айтқанда, "сөз сарасы" немесе "өлең сөздің патшасы".
Ал оны жасаушы "Ер данасы" - шын мәніндегі ақын. Ойын-сауықта екінің бірі елдің алты аузын айта алады. Бірақ ол нағыз ақын ба, жоқ, ол сөзге әуестердің бір ғана.
Нағыз ақын өзінің ішкі жан сезім дүниесін нәзік те, нәрлі сөздермен суреттейді. Ішкі сезімге құрылған тамаша лирикалар жасайды. Бұл – жеке адамдар өміріне, сезіміне байланысты лирикалық туындылар. Сол адамдар сезімін әсем табиғат құбылыстарымен де көмкеріп, жыр төгеді. Табиғат лирикасын дүниеге әкеледі. Тылсым табиғатты қыз-бозбала ғашықтығымен ұштастырса, тамаша сурет туындайды. Осылайша лирикалық нәзік те әсерлі тағы бір саласы дамиды.
Шортанбай - өз заманының жалынды ақыны, ақылғой шешен жырауы. Өзі өмір кешкен замана шындығын барлық көрінісімен айқын да дәл бейнелеп, әлеуметтік маңызы зор шығармалар жазды. Шортанбай творчествосы ХІХ ғасырдағы қазақ өмірінің айнасы, әсіресе, кедей – кеншік, момын шаруаларының тұрмыс тіршілігінің шынайы куәгері. Жан-жақты талан- таражға душар боп жатқан туған елінің ауыр тағдырын тайға таңба басқандай бейнелей білген білгір жазушы.
Шортанбай шығармалары өткен ғасырдың соңғы ширегінде кейбір жинақтарда баспа бетін көре бастады. 18882 жылдардан бастап, өлең, толғаулары жинақталып, бөлек кітап көлемінде жарық көреді. Көрсетілген жинақтарға ақынның "Тар заман", "Опасыз жалған", "Байды құдай атқаны", "Атамыз Адам пайғамбар", "Өсиет – насихат сөздер", "Айттым сәлем", "Асан қожаға" т.б. енген.
Шортанбай шығармаларының лейтмотиві – заман, қоғам, халық тұрмысы, ел өмірі, жер, қоныс қысымы, отаршылар мен жергілікті әкімдердің озбырлығы, жаңа қарым-қатынастан туындаған тонаудың жаңа түрлері, сатқын ел билеушілер, бұзақы топта, т.б.
Елді қанаушылардың жаңа тобының ақшалы байлар, алыпсатарлар, саудагерлер екенін ақын айқын суреттейді. Оларды нағыз ел ырысын еміп, сездірмей сорып жатқан араны толмас алпауыттар деп бейнелейді. Ақшаға байланысты елдегіқайғы қасіреттің де шынайы суреті жасалады.
Арам арсыз жан шықты,
Қайыры жоқ бай шықты.
Сауып ішер сүті жоқ,
Мініп көрер күші жоқ,
Ақша деген мал шықты.
Қазақ қоғамын билеп-төстеген сол тұстағы әкімдер тобы – халыққа арсы боп, елдің басына зобалаң орнатып жатқан қу мен сұмдар. Халықтың бұрын-соңды болған дәстүрлі билігі жойылды. Елдің өзіндік салты, өнегелі басшы адамдары ығысты. Ел билегенде титтей де адалдық қалмады деп өз сынын күшейте түседі.
Халық қайғысының қалыңдауына негізгі себеп – отаршыл патша өкіметінің озбыр саясаты және оны жүргізіп жатқан жергілікті әкімдер. Генерал, майор, князь, тілмәш, дуанбасы, оның соты, әскері, түрмесі, т.б.
Бұлар елді еркіндіктен айырған, дәулетін судай шашқан аждаһа іспетті. Халық қайғысының негізгі себепкерін "Жалмауыз болда ұлығың", - деп әкімдерден көреді.
Заман қайтып оңалсын,
Адам қайтып қуансын.
Жанарал болды ұлығың,
Майыр болды сыпайы.
Айрылмайтын дерт болды,
Кедейге қылғап зорлығың,
Князьді көрдің піріндей,
Тілмәшті көрдің биіңдей.
Дуанды көрдің үйіндей,
Абақты тұр алдында,
Қазылып қойған көріндей
ХІХ ғасырдың көптеген ақындары қазақтың тәуелділікке душар боп, қоныс қысымына ұшырағанын күйіне жырлады. Қолынан шығып кеткен мекендеріне іштері қазандай қайнап, жоқтау айтып, зар жылады. Патшалықтың ең ілкі тырнағына ілінген Сарыарқа, Еділ, Жайық, Есіл, Ертіс жер суларының шұрайлы бойларынан айрылу шымбайына қатты батты.
Шортанбай туралы пікір айтқан кейбір зерттеушілер оны өмірден түңілген жігерсіз, қайғы мен зардың ақыны деп келді. Жоғарыда келтірілген өлең жолдары ақынның бойындағы басым күш – түңілу емес, жігерлілік, үмітсіздік емес, батыл күреске үндеу, оптимистік, патриоттық сезім екенін көрсетеді.
Шортанбай жасаған заманда бұдан артық елі мен халқының қамы үшін адал қызмет ету акі талай. Біздіңше, халқының тағдырын ойлаған ақынның жарғақ құлағы жастыққа тиген жоқ. Ел-жұртының қасіретін арқалап, бойындағы бар күшін сол үшін сарп етті. Сол тұстағы қоғамның жай-жапсарына қарай әрекет жасап, жатпай-тұрмай халқын үгіттеп, ілгері жетеледі.
Ел ішіндегі әр түрлі жетесіздіктерге, талан-таражға, алуасыздыққа, берекесіздікке, ойсыз опасыздыққа қарсы шықты. Әуелі өз елінің мінезін, мініп түзетпек болды. Жігерін оятып, тәуелсіздігі үшін аянбай күресуге шақырды. Оны ақын жақсы түсінді.
Отаршылар мен оның қазақ жеріндегі сыбайластары билеген заманды ол халық басына түскен ақырзаман, елдің береке-бірлігін кетірген тар заман, жұрт болашағын тұйыққа тіреген зар заман деп өзінше қорытты.
Бұл заманның енді бір кесапаты ол халықты өзінің ғасырлар бойы қалыптастырған кәсібінен, тіршілік қамынан, үйреншікті, сүйегіне сіңген әдет-ғұрпынан, наным-сенімнен, иманнан, дағдылы ел билеу салтынан айырды.
Осылайша халықтың ұлттық тұрпаты, елдік сипаты бұзылды. Адамы, азаматы, оларды мінез-құлқы, іс-әрекеті өзгерді. Олар тәуелсіздігінен айрылды. Құлдық тәуелсіздік қамытын киді. Өзіндік дербестігі жойылды. Міне, осының бәрі ақынның зарлы-шерлі толғаулары арқылы сыртқа шықты.
Ол халықтың мұңы боп қалыптысты.
Шортанбай шығармаларының негізгі арқауы деп, оның жырларының ақылғой, өсиетшіл келетінін айтқан жөн. Адамгершілік ақыл айтып, халықты түзу жолға салуды өзінің зор мақсаты санағандықтан болса керек. Ақын әр түста терең толғап, өрнекті де өнерлі сөз термелейді.
Ақылдар айтады, нақылдар қалдырады. Шортанбайдың ерлерде айтып кеткен өсиет сөздері де бар. Ол өсиеттерін қалың қазаққа, оның басшы адамдарына, ұл-қызына, кәрі-жасына арнайды. Өз атынан барлық қауымға сәлем жолдап, бақұлдасқандай болады.
Келтірілген ақынның қоштасу сөздері, өсиеттері мәнсіз емес. Елдің бас көтерген адамдарын тәубаға шақырып, мал, дүние үшін қор болмай, халық үшін, бір құдай үшін қызмет етуін тілейді. Ізгілік, әділет жолынан тайынбай іс қылып, саналы, салихалы өмір кешуін уағыздайды. Ақырет жолы мен адамгершілік, әділет жолдарын тең ұстап, ешкімге обал, қиянат жасамай, тек қана ізгілік жасап өткенін тілейді.
Әрбір адамға үлгі боларлық нақылдар тізбектеліп, өзінің өмір тәжірибесін жинақтайды. Тойымсыздыққа, опасыздыққа қарсы күресуге, қанағат, рақым сияқты адал жан айналысар істерге меңзейді.
Ақын адамның мінезіне ерекше көңіл бөледі, жақсы адам өз мінезіне қарауыл қойып, жауап беріп отыру керек дейді. Бұл мәселеде кейде ол Абайдың "мінезді түзелмейді дегеннің тілін кесер едім" дегеніне қосылмайтын сияқты.
Адам санаулы өмір жолын есепсіз, мәнсіз өткізіп алмай, нәтижелі, нәрлі, пайдалы өткізуі абзал. Керексіз, өнімсіз іспен шұғылданбай, еліне, халқына, өзіне, жақын-жуығына керекті тиімді әрекеттер істей білуге дағдыланғаны жөн деп термелейді.
Жамандық пен жақсылық, адамдық пен арамдық арасын ажырата білуге, достық пен қастық, шындық пен жалғанды айырып, бірін жақтап, екіншісіне қарсы тұруға шақырады.
Талапты жас, ең алдымен оқуға әуес болуы керек. Өнер, білім тек оқумен келеді. Тәлім-тәрбие алған жас ойлы, өнерлі боп өседі. Арамдыққа, зұлымдыққа бармайды. Олар құдай жолына да, адам үшін де аянбай еңбек етуге тиіс. Дүние, өмір қызығына алданбай, қиындыққа төзіп, ізденуді қолдайды.
Жылы үй, сәнді киім, мұқтажсыз өмір жастарды бейқам өсіреді. Асылы, болам деген жас еңбекке, өнерге әуестеніп, аң аулап, құс салып, кәсіппен айналысуы керек.
Шындығында да ақын туындылары әсерлі, мәңгі жасарлық мәнді. Көп жылдар өтсе де жырау сөздері өзінің құнын жоймай, халық мақсатына қызмет етіп келеді. Әсіресе, адамгершілік ақыл, өнегелі өсиет сөздері, шебер де шешен тұжырымдары құнды. Басына қайғылы, ауыр күн туған азамат, ел-жұрт Шортанбай толғауларынан өз ойына үндес сөз табады. Оның өлең жолдарын жиі қайталайды. Күйзелген жанына жай тауып, көкірегін кергеген қасіреттерді жеңілдетіп, рухани күш табады. Шортанбай сөздерін тек қасіретті адамдар үшін пайдалы туынды деп біржақты түсінікке жетелеуден аулақпыз. Керісінше, оның шығармалары – алуан салалы, өміршең, адамның бойына жігер, қуат құярлық оптимизмге де толы, оқушысын өз ырқына бірден көндіріп, ілестіріп кетерлік логикасы мықты туындылар. Сондықтан да әрбір дәуір ол туралы әр түрлі пікірлер айтып, кейде айтыстар туғызып келеді.
Шортанбай туралы осы соңғы жылдарға дейін етек алып келген кереғар пікірлердің орын алу негізі де оның талғамының күрделілігі, күштілігі демекпіз. Шортанбай – бір топтың не бір таптың ақын ы емес. Ол жалпыға ортақ өз елінің, халқының жырауы. Сонысымен де құнды.
Шортанбай шығармаларын бастан-аяқ дидактикалық сарында келеді деуге болмайды. Ірі талант иесі, ұлы жырауға тән ақынның өзіндік көркемдік стилі қалыптасқан. Ақын айтар ойын жай баяндай сала бермейді.
Әр тұста ақылға бай, ойлы сөздер ұшқыр да өткір тілмен өрнектеліп, көркем бейнеленіп, өрелі туынды боп шығады. Ақындық шалқар шабыт пен төгілген сөз нөсерлері қазіргі оқушыларына да әсер естіледі.
Ақын 1881 жылы қазіргі Қарағанды мен Жезқазған облыстарына қарасты Шет ауданы жерінде қайтыс болды. Ол - өлерде үстіне ескерткіш орнатпауды, үлкен ас бермеуді тапсырып, оған шыққан шығындарды елдегі жоқ-жітік, кемтарларға үлестіруді өсиет еткен.
Ақын көз жұмғалы ғасырдан астам уақыт өтсе де, оны халық қастерлеп, шығармаларын жадында ұстап, қымбат мұра ретінде қадірлеп келеді.
Қалықтаған сұңқар ем,
Қанатым сынды ұша алмай,
Қиындап қуға түсе алмай, -
деген ақынның өз сөзіне назар салайықшы. Асылы, "қияға қанат қағар сұңқар едім" - деп бекерге айтпайды.
Шортанбай творчествосы да әдебиетіміздегі ақтаңдақтардан қатарында жөнді зерттелмей, жабулы тақырыптар қатарында келеді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы:Атамұра, 2006.-555 б.
Шет ауданы: энциклопедия – Алматы: Қазақпарат, 2011 – 109 б.
Ол туралы:
Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы:Атамұра, 2006.-555 б.
Шет ауданы: энциклопедия – Алматы: Қазақпарат, 2011 – 109 б.
Мерзімді басылым беттерінде:
Шортанбай және Жамбыл [Мәтін] /Заман.-1996.-4 қыркүйек (№33).- 3 б.
Түсен, С. Замана зарын төккен дара дарын [Мәтін] / С. Түсен // Алаш айнасы.- 2013.- 7 ақпан (№18).-5 б.
Сағымбеков, Р. Шортанбай жырау [Мәтін] / Р. Сағымбеков // Орталық Қазақстан.- 2012.- 25 желтоқсан (№218-219).-7 б.
Сәкен Сейфуллин (1894-1938)
Сәкен СЕЙФУЛЛИН (1894-1938) - қазақтың классик ақыны.Қарағанды облысы Ақадыр ауданы, Қарашілік қыстағында дүниеге келген. Hілдідегі орыс-қазақ, Ақмоладағы бастауыш приход мектебінде. қалалық үш класты училищеде оқыған. 1914 жылы Қазанда «Өткен күндер тұңғыш өлендер жинағын бастырды. Омбыда қазақ жастарынын "Бірлік" қауымы басшыларыныц 6ipi болды. 1917 жылы Бұғылыда мектеп ашып, орыс тілінен сабақ берді Ақмолада «Жас қазақ» ұйымын ашты. Tipшiлiк» газетін шығарысты, 3 айлық педкурста оқытушы болған. 1918 жылғы сәуірде «Жас қазақ марсельезасын» жазып, 1 мамырда «Бақыт жолында» атты пьесасының премьерасын көрсетті 1918 жылы «азап вагонында» 47 күн ажалмен арпалысып, 1919 жылғы 3 сәуірде Колчактың Омбыдағы түрмесінен қашып шықты. 1920 жылы 7 мамырда Ақмолада атқару комитеті төрағасының орынбасары және әкімшілік бөлімінің меңгерушісі болады. 1920 жылы Қазақ Кенес Автономиялық Республикасын жариялаған
Кенестердің 1-Құрылтай съезіне қатысып. Орталық Атқару Комитетінің мүшесі боп сайланды. Жер-су комиссиясының жұмысына және баспасөз ісіне басшылық етті. 1922 жылы «Еңбекші қазақ» газетінің редакторы, Халық Ағарту Комиссарының орынбасары болды. Қазақ АССР Кеңесінің съезінде Халық Комиссарлары Кенесінің Төрағасы болып сайланды. 1925 жылы Халық ағарту комиссариаты жанындағы ғылым орталығының төрағасы, Қазақстан пролетар жазушылары ассоциациисының (ҚазАПП) басшысы болып тағайындалды. 1926 жылы БК(б)П Өлкелік комитетінің партия тарихы бөлімінің меңгерушісі, 1927 жылы Қызылордадағы халық ағарту институтының, Ташкенттен қазақ педаготикалық институтының директоры болып жұмыс icтeді. 1927 жылы шыққан «Жыл құсы» альманахына басшылық eттi, «Жаңа әдебиет» журналын ашуға атсалысты. 1929 жылы қазақтың зиялы азаматтарына арнап ауыз әдебиеті үлггісін жинау жөнінде жазған «Ашық хатын» жариялады. Қазақтың мемлекеттік педагогика институтының доценті болды. 1932 жылы «Әдебиет майданы» журналынын редакторы, 1934 жылы Қазақтың коммунистік журналистика институтының профессоры қызметін атқарды. 1936 жылы Қазақ әдебиеті мен нерінің Мәскеуде өткен бірінші онкүндігіне қатысты. 1917 жылы «Жұбату» атты тұңғыш әңгімесін жазды. 1922 жылы «Асау тұлпар» атты өлендер жинағын, «Бақыт жолында», «Қызыл сұңқарлар» пьесаларын жазды. «Домбыра», «Экспресс», «Тұрмыс толқынында», «Көкшетау» өлен-поэмалар жинақтарын, «Тар жол, тайғақ кешу» атты тарихи мемуарлық романын, «Жер қазғандар» повесін жарыққа шығарды. 30-шы жылдары «Альбатрос», «Қызыл ат», «Социалистан» атты поэмаларын, «Айша». «Жемістер» атты повестерін жариялады. Қазақстан ескі әдебиет нұсқаларын жинау, зерттеу, бастыру ісімен шұғылданды. Қазақ фольклоры тарихына арналған «Қазақ әдебиеті кітабын жазды. Қазақ әдебиетінің оқулықтарын жасауға қатысты. Басты шығармалары орыс тіліне аударылып. Кенестер Одағы халықтарының бірқатар тілдерінде басылды. Қазақ жазушыларыныц ішінен
тұңғыш рет Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталып. шығармашылық еңбегіне 20 жыл толуы мерекеленді. Қазақстан Жазушылар одағы тандаулы деректі проза мен публицистикалық шығармаларға жыл сайын бepіліп тұратын С.Сейфуллин атындағы әдеби сыйлық тағайындады (1985). Қалалар мен елді мекендерге, театрлар мен мектептерге, кітапханалар мен көшелерге Сәкен Сейфуллиннің аты берілген.
Мерзімді басылымдар беттерінен:
Орталық Қазақстан, 2020. - 11 ақпан (№16). - 6 б.
Астана ақшамы. 2019 ж. 31 желтоқсан (№154). - 8 б.
Түркістан. 2019 жыл. 19 желтоқсан (№50). - 2 б.
Үш қоңыр. 2019 жыл. 15 қараша (№46). - 5 б.
Орталық Қазақстан. - 2020. - 17 қыркүйек (№101). - 6 б.
Астана ақшамы. - 2016. - 15 желтоқсан (№47). - 6 б.
Үркер. - 2020. - тамыз (№8). - 36-38 б.
Ардагер айнасы. - 2021. - 12 наурыз (№6). - 4 б.
Шет шұғыласы. - 2021. - 15 сәуір (№15). - 4 б.
Астана ақшамы. - 2021. - 18 наурыз (№31). - 6 б
PDF материалдары
- Alyptar meni Sakennin kyzy deitin
- Janaarka men Saken egiz ugym
- Kauyrsynnyn kiesi
- kazaktyn kerbez sulu Seifullini
- Kos akyn uzengi kagystyrdy
- Saken atyn kaitarsa
- Saken jane alash arystary
- Saken jane enbekshi kazak
- Saken jyrgen izbenen
- Saken tarihi tulga
- Saken tugan mekende
- Saken-ruh
- Sakennin anderi samgady
- Sakennin songy saparyn sahnalady
- Tugan zher. Saken zhane zhyndy Aben
- my zapevaly buri provozglashaem novyi vek
- Sakennin+ ashylmagan syry
- sunkar Sakennin eskertkishi zhanartyldy
- tar zhol taigak keshu tupnuskadan okiyk
Дияқажы
1871-1931 жылдар аралығында өмір сүрген. Есімінің кейінгі буынымен Дия атанған. 1909 ж. қажылыққа барады. Сол сапардан оралған соң ел Дияқажы атап кетеді. Шаян медресесін тауысқан. «Ғалияда» оқыған. 1909-11ж. Анадолыда білімін көтерген. Әл-София медресесін бітіреді. Жиырмасыншы жылдардың басында өз қаражатымен мектеп ашады. Мұғалімдерді Қарқаралыдан алдырады. Өзі де дәріс береді. Өз дәуірінің саяси өміріне белсене араласады. Ағымен де, қызылымен де алысып өтеді. Қаламы мен қаруын қатар жұмсайды. Үнемі қуғын-сүргінде болады. халық жауы ретінде Қарқаралының Үлкен көлінде атылады. Өлеңдері көзі тірісінде жарық көрген. «Шаһарбану», «Мұхаммед», «Әбушахман хикаясы», «Қасеннің елімі», «Нұрлығайын», «Сақырап» атты дастандары мен көптеген өлеңі қалды. Ақынның мұрасы «Шығармалары» /2010/ деген атпен жарық көрді.
Пайдаланған әдебиеттер:
Шет ауданы: энциклопедия – Алматы: Қазақпарат, 2011 – 86 б.
Шет ауданы. Энциклопедия.- Алматы: ҚАЗақпарат, 2013.-150-151 б.
Ол туралы:
Шет ауданы: энциклопедия – Алматы: Қазақпарат, 2011 – 86 б.
Шет ауданы. Энциклопедия.- Алматы: ҚАЗақпарат, 2013.-150-151 б.
![]() |
Дияқажы [Мәтін] шығармалары:- Алматы: Қаз Ақпарат,2009.-300 б. |
Мерзімді басылым беттерінде:
Смағұлов. А, Дия қажы[Мәтін] / Дия қажы// Заман.-2007.- 19 сәуір (№16).- 5 б.
Хамзин, М. Халқымен қайта қауышқан Дия ақын. [Мәтін] / М. Хамзин // Қазақ әдебиеті.– 2011.- 28 қаңтар – 3 ақпан (№4).-9 б.
Әзбергенұлы Сәрінжіп (1862-1935)
Әзбергенұлы Сәрінжіп 1862 жылы Шет ауданы Тағылы тауының баурайында туған. Жастайынан өнер қуып, ақындықты өзіне мұрат тұтқан. Атақты Нарманбет, Дияқажы ақындардың тұрғылас замандасы, олармен араласып тұрған. Көптеген өлеңі әлеуметтік теңсіздік тақырыбын қамтып, суреттеген. Арқаға қайта оралған елмен бірге туған жерге жеткен Сәрінжіп ақын «Жастерек» ұжымшарын ұйымдастырушылардың бірі. Ақынның шығармалары көзі тірісінде қағаз бетін көріп, жарыққа шықпаған. Соған қарамастанбіраз шығармалары бүгінгі күнге жеткен.
Пайдаланған әдебиеттер:
Шет ауданы: энциклопедия – Алматы: Қазақпарат, 2011.-74 б.
Шет ауданы: Энциклопедия.- Алматы: ҚАЗақпарат, 2013.-105 б.
Ол туралы:
Шет ауданы: энциклопедия – Алматы: Қазақпарат, 2011.-74 б.
Шет ауданы: Энциклопедия.- Алматы: ҚАЗақпарат, 2013.-105 б.
Х.Садуақасов 1990жыл.-"...Ақынның аты өлмейді".- Шет шұғыласы.-2008.-17 сәуір.-7б.
PDF материалдары
Маясар Жапақұлы (1879-1965)
Майасар Жапақұлы қазіргі Шет ауданының Тағылы тауының баурайында 1879 жылы дүниеге келген. Жеті жасынан бастап-ақ күй тарту, ән айту өнеріне машықтанады.
Замандас ақындардың бәрімен, оның ішінде жыр алыбы Жамбылмен де айтысқа түседі.
Кремлдер сарайында домбыра ұстады. «Майасар» атты күй, «Қос қоңыр» атты ән қалдырды. Айтыстың ақтаңгер ақыны жөнінде «Майасар Жапақұлы» атты деректі фильм түсірілген. Әндері күйтабаққа түскен.
Пайдаланған әдебиеттер:
Шет ауданы: энциклопедия – Алматы: Қазақпарат, 2011.-94 б.
Шет ауданы: Энциклопедия – Алматы: ҚАЗақпарат, 2013.-333 б.
Ол туралы:
Шет ауданы: энциклопедия – Алматы: Қазақпарат, 2011.-94 б.
Шет ауданы: Энциклопедия – Алматы: ҚАЗақпарат, 2013.-333 б.
Мерзімді басылым беттерінде:
Маясар мен Жәкенің сөз қағызы [Мәтін] // Заман.-2002.- 6 шілде (№25).- 2 б.
Жәкенұлы, Ж.Ел айнасы - Ақындар [Мәтін] / Ж. Жәкенұлы // Шет шұғыласы.- 2008.- 11 қыркүйек.- 3 б.
Жұмакүлбай, Ж. Маясардың күлшашары ән шашпақ [Мәтін] / Ж. Жұмакүлбай // Алаш айнасы.- 2012.- 13 сәуір (№62).-5 б.
Жәкен Байтуов (1891-1962)
Жәкен Байтуов Қарағанды облысы Шет ауданының Шаруатеңеу деген жерінде дүниеге келген. Халық ақыны. Ауыл молдасынан оқып, хат таныған. Ел ішінде қиссашылдығымен, жыршылдығымен, суырып салма ақындығымен танылған. Кезінде Майасар, Болман, Жылқыбай, Тұңғышбек сынды ақындармен сөз қағыстырған.
Жәкен Байтуов Арқаның айтулы айтыс ақындарының бірі. Шет өңірін құраған Биатаның ішінен бүгінде Абайға дейінгі поэзияның шыңы аталып жүрген, философ ақын Шортанбай өмір сүрсе, оның ізбасары да жеткілікті еді. Шортанбай малын шығындап, болыс болғандарды алғашқы сынаушы боп, Абайға жөн сілтеген екен. Сол Шортанбай туған топырақта ойы қазаққа кеткен Қақпан ақын, Күмісбек молла – ғұмыр кешсе, күні бүгін жөні түзу бағасын ала алмаған Қарамеңде, Ақтентек сері дүниеге келіп, елін тамсандырған екен.
Шет өңірін Жәкен ақынның алдында отызыншы жылдарғы сұмдықтар кезінде мезгілсіз дүниеден өткен. Дия қажы, Бабас, Оқа, Түйетай Тоқсанбайдың Ғаббасы тәрізді оншақты ақын бар еді. Олардың реалистік поэзиясы, өмір шындығын аяусыз да бояусыз көрсете алды. Жәкен ақынға әсер етпей қоймағаны анық.
Жәкен Байтуов ескінің көне көздерін де молынан жеткізушінің бірі.
Жәкен "Қойшы мен қасқырдың", "Ақ қой мен қара қойдың" айтыстары, "Наршөккен", "Бірінші майға" өлеңдері, «Саржан – Бодық», «Бөрте батыр», Көкжайдақ», «Ақсерке мен Бөрі батыр» сынды бірқатар дастандар жазған. "Сал-сал", "Абылай", "Наурызбай" дастандарын жатқа айтып, ел ішіне таратқан.
Жәкен Байтуұлы Арқаның айтулы айтыс ақындарының бірі. Жәкен Байтуұлы ескінің көне сөздерін де молынан жеткізушінің бірі. Оның орындауында «Сал-сал», «Наурызбай» қиссаларын бала кезімізде естіген едік. Көне шежірені құлаққа құйып, ертегі-жырын шексіз жырлаған осы ақындардың бүгінгі көңілі ояу интелигенцияға беріп кеткені өлшеусіз. Көңіл ояулық та сол ақындар еңбегі, солардың шапағаты. Бүгінгі ақын-жазушылар көтерілген әдебиеттегі биіктік солардың өмір тауқыметін тарта жүріп, біз жетінші деп тосқан иығының арқасы.
Жәкен ақынның шығармаларының бір шыңы. Саржан 1951-52ж. қысында біздің үйде әкеме сынатпақ боп жырлағаны есімде.
Кенесары атына байланысты талай аяулы азаматтың қуғынға ұшырағанын ескерткен. Мұнан кейін ақын Сержан бейнесіне біраз «Талапқа сай» өзгерістер енгізгенін байқадым. Сержан мен Кенесары қазақ халқының ұлт батыры. Олардың ауыл арасының мықтысынан гөрі алапатының да, көркем бейнесінің де жоғары болуы даусыз. Олар ойына күйе жағуға келмейтін жарқын да қасиетті бейнелер.
Айтыс ақыны Жәкеннің Жамбыл, Нұрпейістер тірі кезінде 1943 жылы өткен І – республикалық айтыста І – орын алған Арқаның дүлділі Маясармен қақтығысуы оның аса таланттылығының белгісі.
Ақын 1932 ж. қырғын аштықтан, 1937 ж. зобалаңнан, соғыстың ауыр зардабынан тірі қалған халқын өміршеңдікке шақырып, ұлы даланың ұлы мәдениетін сақтап қалуға тырысқанын біз кезінде аузынан естісек, ендігі буын өлеңдерінен көрер деген үміттеміз.
Ел мәдениетіне енді-енді ғана көңіл бөліне бастаған шақта жер-жерде ғұмыр кешкен осындай ақындар еңбегін облыс, аудан мектептері көлемінде оқытуды жылға қою қажет. Ешкімнің өзін танымай өзгеге үлгі алмайтыны анық.
Пайдаланған әдебиеттер:
Шет ауданы: энциклопедия – Алматы: Қазақпарат, 2011.-79 б.
Шет ауданы: Энциклопедия – Алматы: ҚАЗақпарат, 2013.-123-124 б.
Ол туралы:
Шет ауданы: энциклопедия – Алматы: Қазақпарат, 2011.-79 б.
Шет ауданы: Энциклопедия – Алматы: ҚАЗақпарат, 2013.-123-124 б.
Мерзімді басылым беттерінде:
Рысбеков, Б. Жәкен Байтуұлының «Саржан - Бодық» поэмасы [Мәтін]
/ Б.Рысбеков // Шет шұғыласы.-2010.- 28 қазан (№44).-6 б.
Жәкен Байтуов пен Нұрбеков Жылқыбайдың айтысы [Мәтін] // Шет шұғыласы.- 2012.- 27 қыркүйек (№39).-5 б.
Рысбеков, Б. Жәкен Байтуұлының «Бөрі батыр» поэмасы [Мәтін] / Б. Рысбеков // Шет шұғыласы.- 2012.- 22 қараша (№47).-5 б.
Жақсылардың жалғасы еді. Шет шұғыласы.-2016.-14 шілде (№28).-5б.
Жыр жолдаған Жәкен ақын. Шет шұғыласы.-2015.-10 құркүйек (№37).-3б.
Жаңа кітап. Шет шұғыласы.-2015.-2 шілде (№27).-2б.
Жаңа кітап [Мәтін] / Шет шұғыласы. - 2015. - 2 шілде (№27).-2 б.
![]() |
Ақын Жәкен Байтуов [Мәтін]:айтыс, өлеңдер, естеліктер, поэмалар / құраст. Т. Орынбеков. - Балхаш: Балхаш баспаханасы, 1991. - 112 б. |
![]() |
Зейнолла Игілікұлы
Игілікұлы Зейнолла 1937 жылы дүниеге келген. 1960-62 жылға дейін ЕСЕП құрамында партия басшысы ретінде жұмыс атқарады. 1962 жылы саяси көзқарасы үшін тұтқындалып, 1967 жылға дейін бұрынғы Кеңес Одағының Сібірдегі күшейтілген тәртіптегі саяси лагерінде отырады. Елінің тәуелсіздігі жолына барлық саналы ғұмырын арнап, азаттықты, елінің еркіндігін аңсаған, қуғын-сүргін көрсе де қайсар, еңсесін биік ұстаған ұлтжанды ақын, табанды, іскер азамат 1986 жылы желтоқсан оқиғасында да өкімет назарында болған, қуғынды көп көрген, халықтың жүрегінен орын алған биік тұлға. Халқының тәуелсіздігі жолындағы азаматтық ұстанымын ғұмырына ту етіп көтерген ол саяси тұтқыннан босап келгеннен кейін де ұлттық мүддені көздеген іс-әрекеттерін ел арасында кеңінен насихаттау бағытында азаматтық жұмыстар жүргізеді. Алғашқылардың бірі болып қазақша думан, домбыра оркестрін ұйымдастыруды қолға алды, аудандық саз мектебін құрды. Аудандық мәдениет үйінің халық театры атағын алуына басшылық жасап, атсалысты. Оның тікелей бастамасымен ұлттық спорт түрлері, оның ішінде тоғызқұмалақ ойынының ауд, аймағында дамуына мұрындық болды. Оның артында қалған әдеби мұрасы өз алдына кітап болып шықты.
Пайдаланған әдебиеттер:
Шет ауданы: энциклопедия – Алматы: Қазақпарат, 2011.-101 б.
Шет ауданы: Энциклопедия – Алматы: ҚАЗақпарат, 2013.-197 б.
Ол туралы:
Шет ауданы: энциклопедия – Алматы: Қазақпарат, 2011.-101 б.
Шет ауданы: Энциклопедия – Алматы: ҚАЗақпарат, 2013.-197 б.
Мерзімді басылым беттерінде:
Мусин. Т, Асыл аға [Мәтін] / Т. Мусин //Заман.-2006.-(№17).-3 б.
Қайроллақызы, А. «Тұсаукесер рәсімі өтті» [Мәтін] / А. Қайроллақызы // Шет шұғыласы.- 2008.- 18 желтоқсан (№53).-3 б.
Батыршинова Ж. Ұлтын сүйген ұлы жүрек [Мәтін] / 2013.- 17 қаңтар (№3).-3 б.
PDF материалдары
Нұрбеков Жылқыбай
(1920-1948) Шет ауданы. Нұраталды ауылында дүниеге келген, төкпе ақын, КСРО Жазушылар одағының мүшесі (1947).Әкесінен жастай жетім қалып, шешесінің тәрбиесінде болады. Қарағанды оқытушылар институтын бітірген (1940). Шет ауданының мектептерінде қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі (1940-1944). Қарағанды облысы «Советтік Қарағанды» газетінің әдеби қызметкері, мәдениет бөлімінің меңгерушісі болды (1945-1948). «Отан махаббаты» (1945), «Жиырма бес» (1945), «Менің қалам» (1947) поэмаларының авторы. Сарыарқаның сұлу табиғатын, кенге бай өлкенің еңбек адамдарын сүйіспеншілікпен жырға қосты. Алматыда өткен жас жазушылардың бірінші республикалық кеңесіне қатысқан (1947).
Алтай Смет
Алтай Смет 1939 жылы Қарағанды облысы Шет ауданы Айғыржал ауылында туған. Майасар ақын аузына түкіріп, он бір жасынан бастап өлең жазған. Өспен орта мектебінде 10 сынып білім алған. Қарқаралы зооветтехникум «Зоотехник» мамандығы бойынша оқып бітірген. Білімі арнаулы орта. Еңбек жолын 1955 жылы Айғыржал ауылында колхозшы болып бастаған.
Бірақ жасында өлеңді кәсіп етпеген, еңбек жолын ауыл шаруашылығы саласында 1955 жылдан бастаған. 1959-1966 жылдары Ақадыр кеншарында №2 және №4 бөлімшелерінде бөлімше меңгерушісі болып жұмыс атқарған. 1994 жылдан «Құсайн» шаруа қожалығының иегер басшысы.
Зейнеткер. Үйлі-жайлы. 7 бала тәрбиелеп өсірген. Алтай Сметтің өскен жері, шыққан ұясы дуалы ауыз Маясар ақынның ауылы Айғыржал болғандықтан ата-анасы ырым етіп ақын атаға ауызына түкірткен. Содан да болар 11 жасқа келгенде Алтай тиіп қашып өлең жаза бастаған. Бірақ өлеңді кәсіп етпеген. Ауыл шаруашылығы саласында қызмет атқарған. Қаламы төселген, жаппай бер ақын екендігін өзгеге байқатпаған. Игіліктің ерте кеші жоқ. Алтай Смет 1990 жылдардан бастап өлеңдерін жыйнақтай бастайды. 2004 жылы Алтай Сметтің «Шықырауда шыңғырған шындық» атты өлеңдер, қара сөздер жыйнағы кітап болып шықты. Бұл жыйнағаны енген өлеңдер айтары жоқ, май сорғалап тұрған дәмді өлеңді кібіртіктемей еркін жазады. Алтай Сметтің қаузаған негізгі тақырыбы – мейрімділікпен ізгілік.
Алтай Смет өзінің 70 жасқа толуы қарсаңында «Өткен өмір өрнектері» атты жыйнағын кітап қып жазды.
Пайдаланған әдебиеттер:
Шет ауданы: энциклопедия – Алматы: Қазақпарат, 2011.-143 б.
Шет ауданы: Энциклопедия – Алматы: ҚАЗақпарат, 2013.-333 б.
Ол туралы:
Шет ауданы: энциклопедия – Алматы: Қазақпарат, 2011.-143 б.
Шет ауданы: Энциклопедия – Алматы: ҚАЗақпарат, 2013.-333 б.
Мерзімді басылым беттерінде:
Мүшайрада жүлде алған жыр [Мәтін] // Заман.-2007.- тамыз(№34).- 6 б.
Смет А. Наз, Сайлаушыға [Мәтін] / Смет. А // Заман.-1999.-16 қазан(№39).- 3 б.
Смет А. Ауданды Аюлыға алып келген [Мәтін] / А.Смет // Шет шұғыласы.- 2008.- 24 сәуір. - 6 б.
Смет А. Ақадыр – Алтын бесігім [Мәтін] / А.Смет // Заман.- 2007.- 23 тамыз (№35).-6 б.
Смет А. Тойға арнау [Мәтін] / А.Смет // Заман.- 2007.- 6 желтоқсан (№49).-5 б.
Смет А. Бәйге [Мәтін] / А. Смет // Шет шұғыласы.- 2011.- 27 қазан (№43).-5 б.
Смет А. Жеңістің 66 жылдығына арнау [Мәтін] / А. Смет // Шет шұғыласы.- 2011.- 5 мамыр (№18).-5 б.
Сметұлы, А. Тойға тарту [Мәтін] / А. Сметұлы // Орталық Қазақстан.- 2012.- 25 ақпан (№33-34).-8 б.
Өткен өмір өрнектері [Мәтін] / Шет шұғыласы.- 2012.- 14 маусым (№24).-4 б.
Смет, А. Жаңа жылға жаңа тілек [Мәтін] / А.Смет // Шет шұғыласы.- 2012.- 5 қаңтар (№1).-1 б.
Жосалбай, С. Берер үлгісі мен айтары мол ақсақал [Мәтін] / С.Жосалбай // Шет шұғыласы.- 2012.- 22 қараша (№47).-5 б.
Смет, А. Сылқым саздың саңлағы [Мәтін] / А. Смет // Орталық Қазақстан.- 2013.- 18 мамыр (№77-78).-8 б.
Шет шұғыласы. 12 желтоқсан (№50). - 5 б. - 2019 жыл
Шығармалары:
![]() |
![]() |
Свет Оразаев (1944-2001)
Свет Оразаев Ілияс топырағында тыныстады. Ол ұзақ уақыт бойы Ақадыр аудандық газетінде әдеби қызметкер болып істеді. Осы жылдары қарапайым еңбек адамдарының поэтикалық портреттерін жасады.
Бірқатар жыр жинақтарын шығарған. Ақадырда жүріп «Өлеңім - өзім» кітабын жазды.
Пайдаланған әдебиеттер:
Шет ауданы: энциклопедия – Алматы: Қазақпарат, 2011.-66 б.
Ол туралы:
Шет ауданы: энциклопедия – Алматы: Қазақпарат, 2011.-66 б.
Мерзімді басылым беттерінде:
Мұқаш. Ж, Ақынның ардақтары [Мәтін] / О. Жүнісұлы // Шет шұғыласы.-2009.-17 желтоқсан(№52).-6 б.
Жүнісұлы О. Свет Оразаевты еске алды [Мәтін] / О.Жүнісұлы // Орталық Қазақстан.- 2010.- 5қаңтар (№1).-4 б.
Шәтекұлы Төлеуқұл (Қоңыр)
1940 жылдың 1 мамырында Шет ауданынна қарасты Қарабұлақ қолхозында дүниеге келген. Әке- шешесінен жас кезінен айырылып, 1958 жылы 8 сыныпты бітіре, сол жылдан бастап 1962 жылға дейін учетчик болып еңбек етті. 1963-1965 жылдарда шоферлық жұмыс атқарды.1966 жылы Қарағандыда бухгалтерлікке барып есеп жұмысына ауысты. Совхоз тарағанша № 4 ферма есепшісі болып еңбек етті. 1995 жылы жекешелендіру кезінде 35 семья жеке шаруашылыққа бөлініп, соның төрағасы болды. Содан пенсияға шығуына байланысты 2003 жылы алдына жекешеленіп бөлініп «Бірлік» шаруа қожалығын құрды. Өлеңдері 1994 жылдан бастап аудандық, республикалық басылымдарда жарық көріп келеді. 1995 жылғы Шет ауданы ақындарының антологиясына енгізілген. Шығармалары мерзімдік басылымдарда жарияланып жүреді.
2012 жылы Қоңыр Шәтекұлының «Өлеңім – өзім, асау ойым» атты жыр жинағыны кітапханаға түскен болатын.
Ақынның жазған өлеңдерімен газет беттерінде жарияланған кездерден таныс едік. Ол ақын болсада, аншылықпен де айналысты, табиғатпен бірге өмір сүрген, оны аялап сүйе білген адам ғана ақын болмақ.
Қоңыр ақын 70-те [Мәтін] / Шет шұғыласы.- 2010.- 29 сәір (№18).-5 б.
Пайдаланған әдебиеттер:
Шет ауданы: энциклопедия – Алматы: Қазақпарат, 2011.-156 б.
Шет ауданы: Энциклопедия – Алматы: ҚАЗақпарат, 2013.-377 б.
Ол туралы:
Шет ауданы: энциклопедия – Алматы: Қазақпарат, 2011.-156 б.
Шет ауданы: Энциклопедия – Алматы: ҚАЗақпарат, 2013.-377 б.
Мерзімді басылым беттерінде:
Шәтекұлы. Қ, Арнау [Мәтін] / Қ. Шәтекұлы// Заман.-1999.-14 тамыз (№30).-1 б.
Шәтекұлы. Қ,Еліміздің алтын заңы [Мәтін] / Қ. Шәтекұлы// Заман.-2007.-30 тамыз (№35).-2 б.
Шәтекұлы. Қ, Мен білетін төкен [Мәтін] / Қ. Шәтекұлы// Заман.-2007.-15- қараша (№46).-8 б.
Шәтекұлы. Қ, Ауыл жайы толғантады [Мәтін] / Қ. Шәтекұлы// Заман.-1999.-4 желтоқсан (№46).-3 б.
Шәтекұлы. Қ, Қариялық келді аяндап [Мәтін] / Қ. Шәтекұлы// Заман.-1999.-27 қараша (№44).-4 б.
Шәтекұлы Қ. Ардақты менің Нар елім [Мәтін] /Қ. Шәтекұлы // Шет шұғыласы.- 2008.- 18 қыркүйек. - 3 б.
Қоңыр ақын 70-те [Мәтін] / Шет шұғыласы.- 2010.- 29 сәір (№18).-5 б.
Тойшыбек, Б. Ақынның алтын қаламы [Мәтін] / Б. Тойшыбек // Шет шұғыласы.- 2012.- 15 қараша (№46).-4 б.
![]() |
(Шәтекұлы, Қ «Өлеңім - өзім, асау ойым») Шәтекұлы, Қ . Өлеңім - өзім, асау ойым [Мәтін]: өлеңдер. ҚарМТУ баспасы, 2012жыл. – 220 б. |
Марат Шәйке
Шәйке Марат 1953 жылы туылған, еңбек жолын Кеншоқы кеңшарында жұмысшы болып бастаған. 1980 жылы Қызылтау ауылдық Кеңесінің хатшысы, төрағасы, 1986 жылы Бұрма ауылдық Кеңесінің хатшысы, 1989 жылы Шет ауатком төрағасының орынбасары, Батық ауылдық Кеңесінің төрағасы, 1997 жылы «Простор» АҚ президенті, 2003 жылы «Болашақ» ЖШС-нің директоры болды. 2003 жылдан Аққой ауылдық округінің әкімі.

Марат Шәйкенің «Жұлдызым менің жоғары» атты өлеңдер жинағына енген өлеңдері ата – анаға, бауырларына, балаларына деген сүйіспеншілікке, туған ел, туған жерге деген ыстық сезімге толы. Екі тараудан тұратын кітапқа ақынның кейінгі жылдары жазған өлең – жырлары топтастырылған. Кітап көпшілік қауымға арналған.
Пайдаланған әдебиеттер:
Шет ауданы: энциклопедия – Алматы: Қазақпарат, 2011.-156 б.
Шет ауданы: Энциклопедия – Алматы: ҚАЗақпарат, 2013.-375 б.
Ол туралы:
Шет ауданы: энциклопедия – Алматы: Қазақпарат, 2011.-156 б.
Шет ауданы: Энциклопедия – Алматы: ҚАЗақпарат, 2013.-375 б.
Мерзімді басылым беттерінде:
Смағұл, Е. Ақын [Мәтін] / Е.Смағұл // Шет шұғыласы.- 2013.- 23 мамыр (№21).-3 б.
PDF материалдары
Саябек Айнатайұлы (1941-2000)
Саябек Айнатайұлы 1941 жылы желтоқсан айының 21 жұлдызында дүниеге келген. Саябек Айнатайұлы Шет ауданының тумасы. Жастайынан ақындық атағы шығады. Кейін мәдениет саласында тер төгеді. Шет аудандық «Ильич туы», Ақадыр аудандық «Ақадыр таңы» газеттерінде бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, Жезқазған облыстық «Жезқазған туы» газетінің Шет, Ақадыр аудандары бойынша меншікті тілші қызметтерін атқарады. Партия, кеңес қызметтерінде болған. «Білім» қоғамының жауапты хатшысы бола жүріп, аудан жастарының ғылым, білімге деген ынта ықыласының артуына игілікті әсерін тигізді.
1977-1981 жылдары аудандық партия комитетінің нұсқаушысы, 1981-1983 жылдары аудандық мәдениет үйінің директоры, 1983-85 жылдары аудандық «Илиьч туы» газетінің бөлім меңгерушісі, 1985-1997 жылдары «Ақадыр таңы» және «Агадырьская новь» газетінің қызметкері, аудандық мәдениет Үйінің әдіскері қызметтерін атқарды.
1997 жылдан өмірінің соңына дейін аудан әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің бас маманы қызметін атқарды.
Ол 2000 жылғы 13 қыркүйекте 59 жасқа қараған шағында кенеттен қайтыс болды.
Саябек Айнатайұлы қайда жұмыс істесе де өзін Отаны мен халқының шынайы патриоты ретінде көрсетіп, адал, қарапайым жан ретінде таныта білді.
Үлгілі әке, ұлағатты ұстаз, адал жар, сенімді дос, қимас туыс, абзал азамат Айнатай ұлы Саябектің жарқын бейнесі өзімен сырлас та сыйлас болған жандардың жүрегінде әркез сақталады.
Ақындар айтысына қатысқан.
Пайдаланған әдебиеттер:
С.Айнатаев, Қазақстан магнитикасы [Мәтін] / Айнатаев,С//Заман.-2007.-30 қараша (№48).- 4 б.
С.Айнатаев, Қайырымдылық акциялары [Мәтін] / Айнатаев.С
Шет ауданы: энциклопедия – Алматы: Қазақпарат, 2011.-60 б.
Шет ауданы: Энциклопедия – Алматы: ҚАЗақпарат, 2013.-333 б.
Ол туралы:
Шет ауданы: энциклопедия – Алматы: Қазақпарат, 2011.-60 б.
Шет ауданы: Энциклопедия – Алматы: ҚАЗақпарат, 2013.-333 б.
Өр тұлғалы азамат еді [Мәтін] / Шет шұғыласы. - 2011. - 22 желтоқсан (№51).-6 б.
Шет шұғыласы. - 2011. - 22 желтоқсан (№51).- 6 б.
PDF материалдары
Ғазиз Ештанаев
Ештаев Ғазиз Елеусізбайұлы (1958) Шет ауданы Кеншоқы ауылында туған. Қазақстан Жазушылар және Қазақстан Жүрналистер одағының мүшесі.Ақын Қазақстан Республика білім беру ісінің Құрметті қызметкері. ҚарМУ-ді бітірген.(1976 - 1977), Шет орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі (1982), мектеп директорының орынбасары(1982). Шет ауданы Ақсу-Аюлы селосындағы кәсіптік техникалық училищеде тракторшы болып жұмыс істеген (1987), Үңірек ауылының кеңесі төрағасының мәдени жұмыстар жөніндегі орынбасары Мәдениет үйінің директоры (1988- 1989 ), облыстық «Сарыарқа» газетінде (бұрынғы «Жезқазған туы») тілші (1989-1992) , Жезқазған пед- институтында оқытушы (1992-1996), Ө.Байқоңыров атындағы ЖезУ-де кафедра меңгерушісі (1996 ж.- дан) , «Ұлытау» ғылыми орталығының директоры (2001), 2005 жылдан ЖезУ-дің тәрбие жұмыстары және жастар саясаты жөніндегі проректоры болып қызмет етті. Қазір Жезқазған қаласындағы «Тілтану» оқу-әдістемелік орталығы» мемлекеттік мекемесінің директоры. 1 оқу құралы, 2 оқу әдістемелік құралы, 30 дан астам ғылыми мақаласы жарық көрген.Бірқатар жыр кітабының, «Бәрі де анадан басталады » ,«Нөсер» ,«Ала жіп аттағандар», «Беймаза әйел», «Жан алқымда», «Обыр», т.б. пьесалардың авторы. «Жезқазған» энциклопедиясы, «Ұлытау ақындары», « Ұлытау жер-су атаулары » ғылыми тарихи- танымдық жобалардың авторы, үйлестірушісі.Францүз моралистері Ф.де Ларошфуко, Б. Паскаль, Ж. Де Лабрюйердің (XVII) даналық ойларын ( максималарын),Еуропа ақындарының (Словения, Латвия, Эстония, Литва) өлеңдерін аударған. Ол аудармалары «Әлем әдебиеті кітапханасы сериясымен «Аударма» баспасынан басылып шыққан жинақтарға енді. Қ,Сәтбаев, С.Мұқанов,Н.Төреқұлов және Қ.Аманжоловтың мерейтойлары мен Жезқазған қаласының 50 жылдығына орай өткен, сондай-ақ «Қазыналы Қарсақбай» атты республикалық мүшайралардың жүлдегері «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне – 20 жыл» мерекелік медальдарымен Қазақстан ЖОО қауымдастығының А.Байтұрсынов атындағы қола медалімен марапатталған.
(« Санылақ », автор ) , «Жез Уездің Алтын белгісімен» ,Жезқазған қаласы әкімінің, қалалық мәслихаттың Құрмет грамоталарымен марапатталған. Шығ.. «Жыршуақ» (Жезқазған,1996), «Шұғыла-шуақ» (2006, Алматы).
Пайдаланған әдебиттер:
Шет Ауданы[Мәтін] Энциклопедия/ .-Алматы: ҚАЗақпарат,2013.-166 бет
Ол туралы
Ештанаев Ғ Шығармалары. [Мәтін]/ Ғ. Ештанаев, Б. Мырзабеков,Ж,Наурызбай-Астана: Фолиант,2014-408 б.
Сарыарқа саңлақтары [Мәтін] / Павлодар: «ЭКО » ҒОФ, 2007- 34 бет.
Мерзімді басылымдар беттерінде:
Ештанайұлы Ғ. Тарих тағылымы [Мәтін] / Ғ. Ештанайұлы // Заман. - 1998. - 12 қыркүйек (№34). - 2 б.
Астана ақшамы. - 2021. - 6 наурыз (№26). - 8 б.
Арқа ақшамы. - 2021. - 12 тамыз (№29). - 10 б.
Қуатбек ,Е Ғазиздің ғазалы [Мәтін] /Е.Қуатбек //Арқа ақшамы,2021.- 8 шілде (№24).- 9 б.
PDF материалдары
Зәрубай Сүйіндікұлы
Сүйіндіков Зәрубай 1947 жылы туған. Еңбек жолын Ы.Алтынсарин орта мектебінде мұғалімдіктен бастаған.Аудандық білім бөлімінде әдіскер, аудандық әдістеме кабинетінің меңгерушісі,ауылпарткомда нұсқаушы 1976ж, аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі, Нұраталды орта мектебінде директор 1991ж, аудандық білім бөлімінің меңгерушісі 1995ж.2005ж аудандық археологиялық-этнографиялық мұражайдың директоры. «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі» белгісімен марапатталған. 2003ж «Өмір толғауы» атты өлеңдер мен әндер жинағы жарық көрген.
Киелі Нұра топырағында туып, Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепті, Қарағанды педагогикалық институтының қазақ тілі мен әдебиеті факультетін бітіріп еңбек жолын бастаған. Мұғалім, мектеп директоры ,аудандық партия комитетінің ңұсқаушысы, аудандық мәдениет бөлімінің, аудандық білім бөлімінің меңгерушісі қызметтерін ұзақ жылдар бойы атқарды. Қаншама жауапты қызметтер атқарсада өнерден қол үзбеген.Туған жерге,елге деген ерекше махаббаты оның шығармашылығында айшықталып тұр.
Кезінде «Ақсу-Аюлы» ән-би ансамблін Республикаға танымал етуде еңбегі ерекше болды.Алматыға бастап барды.Кейін Министрліктен рұқсат алып, Семей облысын аралап, ауданымыздың өнерін паш етті. Аудандық халық театры сол кезде екінің бірінің қолынан келе бермейтін М.Әуезовтың «Қаракөз» драмасын сахнаға шығарып, республикалық конкруста жүлделі орын алды.Майталман сазгер Ыбыжан Төлегенов екеуі бірігіп жазған «Ақсу-Аюлы-жыр мекенім» әні бүгінде аудандық гимніне айналған. Оғанда 33 жыл толып отыр . Зәкеңнің бір мезгіл әйгілі «Ұлытау» ән-би ансамбліне жетекші болып, Грузия Республикасының 60 жылдығына қазақ елінің өнерін паш етуге қатысқанын екінің бірі біле бермейді. «Ән мен әнші» бағдарламасына қатысып, патриоттық әндер конкрусын өткізуге ұсыныс жасағанда Зәкең еді. «Мектебім-көктемім», «Қарағанды көктемі» әндері үшін Зәкең лауреат, дипломант атанды. «Домбыра» әні «Жас қанат» байқауында бірінші орын алды. Орындаған әйгілі Ақтоғайдың «Тоқырауын толқындары».
Бүгінде 40-қа жуық әннің, 5-6 күйдің авторы,2003жылы «Өмір толғауы» атты әндер жинағын жұртшылыққа ұсынды.Қыздарбек күйшінің алтын тұяқтарының сынығы «Зәру қосбасар» күйі соның айғағы. Ұзақ жылғы еңбегі ақталып бүгінде Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі, мұғалімдердің 1-ші съезінің делегаты болды.Зәкең ұлттық спортымызға ,ұлттық үрдістерімізге де бей-жай қарамайды. Ит жүгіртіп, құс салу, аңшылықпен айналысу табиғат анаменен тығыз байланыста болу басты ұстанымы.
Пайдаланған әдебиеттер:
Шет ауданы: энциклопедия – Алматы: Қазақпарат, 2011.-143-144 б.
Шет ауданы: Энциклопедия – Алматы: ҚАЗақпарат, 2013.-335 б.
Ол туралы:
Шет ауданы: энциклопедия – Алматы: Қазақпарат, 2011.-143-144 б.
Шет ауданы: Энциклопедия – Алматы: ҚАЗақпарат, 2013.-335 б.
Шығармалары:
![]() |
Сүйіндікұлы. З. С 90 Өмір толғауы: Өлеңдер. – Ақадыр: «Баспагер», 2004. – 100 бет. |
![]() |
Бақыт деген байлық емес, жыр боп шашыл, күй боп төгіл ғұмырым [Мәтін] // Заман.- 2007.- 18 қазан (№42).-5 б.
Айтжанова Қ. «Домбыра екеуміз егіз бе едік!...» [Мәтін] / Қ.Айтжанова // Орталық Қазақстан.- 2010.- 25 қараша (№193).-6 б.
Жанымды жартасыңа жанып алам [Мәтін] // Шет шұғыласы.- 2010.- 11 қараша (№46).-5 б.
Сүйіндікұлы, З. Атағың жетер ғасырдан асып ғасырға [Мәтін] / З. Сүйіндікұлы // Шет шұғыласы.- 2012.- 29 қараша (№48).-6 б.
Сүйіндікұлы, З. Ақжалым – әнім [Мәтін] / З. Сүйіндікұлы // Шет шұғыласы.- 2012.- 26 шілде (№30).-4 б.
Сүйіндікұлы, З. Туған жер [Мәтін] / З. Сүйіндікұлы // Заман.- 2000.- 16 жель\тоқсан (№46).-3 б
Орталық Қазақстан.-2014.-6 қараша (№2014).-6б.
Заман.-2000.-16 желтеқсан (№46).-3б.
Зәрубай Сүйіндікұлы. Ақжол саған домбыра![Мәтін] Өнер кеші.
Шет шұғыласы. - 2011. - 24 наурыз (№12). - 5 б.
PDF материалдары
Тезекбай Амандықұлы
1950 жылы 1 қыркүйекте Шет ауданының Нұра ауылында (Кеншоқы) туған. 1958-1966 жылдары сол ауылдағы С.Орджоникидзе атындағы сегізжылдық мектепте (қазір Нұра орта мектебі), 1966-1968 жылдары Ақсу-Аюлы селосындағы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінде оқып, орта білім алады.
1968 жылы аудандық Мәдениет бөлімінде автоклуб меңгерушісі болып жұмыс істейді. 1969 жылы Қарағанды мемлекеттік университетінің филология факультетіне түсіп, 1973 жылы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығын алып шығады. 1973-75 жылдары Нұра орта мектебінде мұғалім, 1975-77 жылдары Аудандық білім бөлімінде инспектор, 1977-81 жылдары Ақши сегізжылдық мектебінде директор, 1981-1992 жылдарында білім бөлімінде әдіскер, инспектор қызметтерін атқарды.
1992-1997 жылдары Аудан әкімшілігінде ішкі саясат бөлімінің бас маманы, аудандық тілдер басқармасының меңгерушісі қызметтерінде болды.
1997 жылдан 2006-ға дейін Аудандық білім бөлімінің әдістеме кабинетінің меңгерушісі, қазір аудандық білім бөлімінің білімді дамыту орталығының әдіскері.
Т.Амандықұлы мектепте оқып жүрген кезіне әдебиетке, поэзияға құштар болды. Өзі де өлең жаза бастайды. Оның алғашқы өлеңдері 7-сыныпта оқып жүргенде аудандық «Илиьч туы» газетінде жарық көреді. Олар туған жерге арналған «Нұра», «Қызыл шоқы» т.б. сияқты тырнақ алды туындылары еді.
Одан кейін, студенттік кезеңінде, қызмет атқарып жүрген уақыттарда да өлең жазумен жүйелі айналысып келеді. Оның өлеңдері аудандық, облыстық газеттерде үнемі жарияланып отырады. Жезқазған облысы ақындарының «Сарыарқа саздары» (1990), Шет ауданы ақындарының антологиясы (1995) жинақтарына бірнеше өлеңдері енген. 2000 жылы ақынның 50 жасқа толуына орай «Сәулелі мезет» атты алғаш өлеңдер жыйнағы басылып шықты.
2015 жылы «Ел іші жұмақ мекенім» атты екінші кітабы баспадан шықты. Сол жылы Қарағанды облысы әкімшілігінің бастамасымен «Сарыарқа кітапханасы» 100 томдық сериясының «Жетіген» аталатын жинағына топтама өлеңдері енгізілді.
Ол, сонымен қатар, өзінің қаламдастары, замандастары мен ел ағаларының өнегелі өмірі мен қызметі жайлы, қоғамдағы әлеуметтік және түйінді мәселелер жайлы өз ойларын білдіретін бірнеше публистикалық шығармалар мен мақалаларын аудандық, облыстық басылымдарда жүйелі жариялап келе жатқан қаламгер ретінде де танымал.
Сонымен бірге, Тезекбай Амандықұлы тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында қолға алынып, қайта жаңғырған айтыс өнеріне де өз үлесін қосты. Ол 1983-1988 жылдар аралығында Жезқазған облысында өткізілген «Байқоңыр даусы», «Ұлытау үні» фестивалі аясындағы айтыстарға қатысқан алғаш дипломанттардың бірі болды.
Аудан көлеміндегі мәдени шаралардың өтуіне, талантты жас ақындарды іріктеп, олардың өнерлерінің ұшталуына ықпал етті. Қазіргі танымал ақындар Тілеген Садықов, Жәнібек Әлиман, Жанас Мұқашевтардың өнерін оқушы кезінде бағалап, олардың облыстық, республикалық байқауларға қатысып, өнерлерін дамытуына игі ықпал етті. Олардың әрқайсысыТезекбай Амандықұлын рухани ұстазымыз деп бағалайды.
Ол қазір де қаламы қолынан түспеген, шығармашылықпен айналысу үстінде.
Пайдаланған әдебиеттер:
Шет ауданы: энциклопедия – Алматы: Қазақпарат, 2011.-66 б.
Шет ауданы: Энциклопедия – Алматы: ҚАЗақпарат, 2013.-77 б.
Ол туралы:
Шет ауданы: энциклопедия – Алматы: Қазақпарат, 2011.-66 б.
Шет ауданы: Энциклопедия – Алматы: ҚАЗақпарат, 2013.-77 б.
Мерзімді басылым беттерінде:
Амандықұлы, Т. Баба рухымен сырласу [Мәтін] / Амандықұлы, Т. // Заман.- 1999.-1 қаңтар(№1). 3 б.
Амандықұлы, Т. Тұлпар тағдырлы тұлға [Мәтін] / Амандықұлы, Т. // Заман.- 2000.-8 қараша(№41). 4 б.
Амандықұлы, Т. Бір өлең [Мәтін] / Амандықұлы, Т. // Заман.- 2000.- 16 желтоқсан (№46).-3 б.
Амандықұлы, Т. Жыр дәптерінен [Мәтін]: Т. Амандықұлы // Шет шұғыласы.-2017.- 12 қаңтар (№02).-12 б.
Амандықұлы, Т. Жұлдыз – ғұмыр зуылдап барады ағып... [Мәтін] / Т. Амандықұлы // Орталық Қазақстан.- 2005.- 20 тамыз, 10 б.
Амандықұлы, Т. Өміржанға [Мәтін] / Амандықұлы, Т. // Заман.- 2006.- 14 желтоқсан (№51).-5 б.
Амандықұлы, Т. Алтын бесік – туған жер [Мәтін] / Амандықұлы, Т. // Ана тілі.- 2008.- 21 тамыз (№33-34).-15 б.
Амандықұлы, Т. Өлкем менің тектілердің тұрағы [Мәтін] / Амандықұлы, Т. // 2010.- 2 қыркүйек (№36).-5 б.
[Мәтін] // Шет шұғыласы.- 2010.- 11 қараша (№46).-5 б.
Сүйіндікұлы, З. Атағың жетер ғасырдан асып ғасырға [Мәтін] / З. Сүйіндікұлы // Шет шұғыласы.- 2012.- 29 қараша (№48).-6 б.
Сүйіндікұлы, З. Ақжалым – әнім [Мәтін] / З. Сүйіндікұлы // Шет шұғыласы.- 2012.- 26 шілде (№30).-4 б.
Шет шұғыласы. - 2020. - 28 тамыз (№35). - 4 б.
Орталық Қазақстан. - 2020. - 3 қыркүйек (№95). - 7 б.
Шет шұғыласы, 2020 . - 5 наурыз (№10).- 8 б.
Орталық Қазақстан. - 2020. - 3 қыркүйек (№95). - 7 б.
Орталық Қазақстан, 2022. - 5 сәуір (№36). - 3 б.
![]() |
(Амандықұлы,Т «Сәулелі мезет») Амандықұлы, Т. Сәулелі мезет [Мәтін]: өлеңдер.Әдеби – көркем басылым.-Арко, ЖШС- де басылды. – 88 б. |
![]() |
Амандықұлы Тезекбай. Ел іші -жұмақ мекенім. Өлеңдер жинағы. - Қарағанды, Tengri LTD, 2014. - 110 б. |
Өлеңдері:
Өлеңім
Мынау аптап жалғанға төзер ме едім?
Айтақырдан тамшы іздеп кезер ме едім...
Кенеземді кептірген өрт-ғұмырда
Өзің бастың ернімнің кезергенін.
Өз орньмды ала алмай түзу төрден
Оқшау қалғам думаншыл, қызулы елден.
Сақылдаған сары аяз ақпан шақта
Өзің - менің жаныма қызу берген.
Кездерім аз бөркімді аспанға атқан,
Ит тірліктің тізесі жастан батқан.
Достан таба көргенде, қастан - қысым
Өзің менің көңлімді аспандатқан.
Өмір - сапар тоқтаусыз сабылатын,
Бақ - тұрақсыз, құйқылжып, қағынатын.
Айналайын адал дос қай кезде де -
Өзің, Өлең, жанымнан табылатын!
Қарғалар
немесе қыранды аңсау
Туғанда зілді арқалар шақ нақ,
Жаныңыз қалай барқадар таппақ.
Қырандар самғар көгіңде заңғар
Қарқылдап жүрсе қарғалар қаптап.
Сезімнің селін доғарып көптен,
Нөсердің тостым соғарын көктен.
Қарға қүзғынға бықпырт тигізер
Қырғи да көктен жоғалып кеткен.
Жанаса алар нарға нар ғана,
Көшіңді бастар жоқ дара дана...
Шалажансар марғау қоғамда мына
Сауысқандар мен қарғалар ғана.
Сейілмей мәңгі тұрар ма сағым,
Тұйғынға туар жыр арнар шағым!
...Өлексе түрткен қарғаға қарап,
Қанаты - қылыш қыранды аңсадым!
Серғазы Қабылдаұлы
Серғазы Қабылдаұлы 1954 жылы Ақсу ауылында дүниеге келген.
1971 жылы Ы.Алтынсарин мектебін бтірген. КазМу-дің журналистика факультетінде білім алған. СерғазыҚабылдаұлыаудандық , бұрынғы «Ильич туы», «Заман» газетінде бөлім меңгерушісі болып қызмет атқарған.
Серғазы Қабылдаұлы жоғары білімді журналист. «Заман» газетінің 2007 жылдан 2013 жылға дейінгі редакторы, ақын 2007 жылы «Шуағына сенің жылындым» атты өлеңдер жинағы шығып 2009 жылы «Туған жердің түтіні» атты кітабы шықты.
Пайдаланған әдебиеттер:
Жүністегі К.
Шырағдан [Мәтін]/ К.Жүністегі -Алматы : «Ел - шежіре» 2007-83 бет.
Ол туралы:
Қабылдаұлы С
Шуағына сенің жылындым [Мәтін] шығармалары / С.Қабылдаұлы,Қарағанды: «Гласир» 2007-100 бет.
Қабылдаұлы С
Туған жердің түтіні [Мәтін] шығармалары / С.Қабылдаұлы.Алматы: «Нұр – Принт-75» 2009-84 бет.
Өлең - киелі өнер
Ақын Серғазыныц өлеңдері тұнжырап жүрген көңілді сергітіп, желпінтіп тастай- ды. Әттең осындай ақындардыц ауылдан аса алмай, баспаларга жете алмай қалаты- ны өкінішті. Мен ақынмын деген талайдың өлеңін оқысаң - ұйқас бар, өлең техника- сын да мецгерген, бірақ ақындық жоқ. Жүрек жылынбайды, мен-мен деп өзеуреген бірдеме. Әлемнің бар салмағын арқалап жургендей теңселетінін қайтерсің. Неғып атылып кетпей, неғып жарылып кетпей жүр деп таңғаласың.
Серғазыда ондай «мен» жоқ. Оныц есесіне ақындық бар. «Дала» деген өлеңін қарашы:
Үкідей селеу үлбіреп,
Бұлақ сақ-сақ күлді кеп.
Сыңсытып сырлы әуенін,
Сыбызғы-қурай тұрды көп.
Қалай дейді?! Үкідей селеу үлбіреп дегенінің өзі не тұр. Қазақы ұгым ғой. Соны сағынып жүр емеспіз бе. Жүрегің елжірейді. «Жазғы таң» деген өлеңінде Серғазы:
Жұлдыз біткен көздерін ашып- жұмып,
Ұйцылы-ояу манаурап тұрды есінеп - дейді. Тірі сурет қой. Таңды көрген, сүйсіне білген адам ғана осылай суреттейді. Жұлдыз ба? Даланың киіз үйдегі аруы ма?
Сергазыныц «Қараша үйінде» қазақы баланың қоцыр тірлік кешкен өмірі, сағымга кеткен әжеміз салган ән, егіз шектің күйі - бәр-бәрісі бар-ау! Қамшылатып арманыңның ақ атын, Қақтыратын қиялыңның қанатын. Төңкерілген аспандағы көп жұлдыз, Қараша үйдің түндігінен таматын.
Иә, сонау согыстан кейінгі бір жылдары қой баққан атамның жыртық-тесік қараша үйінде жатып, елегізген көңілмен сол туырлық-түндіктегі саңылаудан мөлт-мөлт еткен жұлдызга еліктік қой. Серғазының көп жулдызы, қараша үйдің түндігінен та матын сол әлем ғой.
Маңдайы тершіп манаурап жатцан қыраттыц, Сорғалап тұрып самайынан сал-сал су ақты.
Сыңгыр да сылдыр дариға мына дүние,
Салтанат құрған Арқаныц аруы сияқты - дейді Серғазы ақын «Ару көктем» өлеңінде. Мына дала тірі пенде дерсің, сол далаға ырыс бергісі келген азаматтың төгілген тері дерсің. Жүрек осылай қабылдайды.
Тас-талқан болып өнбеске кейде бүлінсем,
Сабама мені түсірдің өзің, бұрымдым - дейді Серғазы «Шуагыңа сеніц жылындым» деген өлеңінде. Бар сезімін, гашық сыйластыгын «бұрымды» деген жалгыз сөзбен бере білген. Осы жерде ұлы Мұхтар Әуезовтың Кәмилаға жазғаны еске түседі. Мен ғашықпын, сені ѳлердей сүйемін демейді Мұқаң, «Тең көрдім орыныңды орыныма» дейді-ау! Қазақ асыл сезімін шашпаған, жасыра білген. Қазір ғой батыстан үлгі алған ақынсымақтардың «күйдім, сүйдім, өлдім, жандым» деп жататындары. Бұл ыштанынан айырылып қалган еуропалықтардың сырты жылтыр, жалған сезімі. Ақын қазақ бола білуі керек.
Шаршап жүрмін,
Ақ отауын аша алмай,
Кәусар жырдың - депті Серғазы.
Өлең - киелі өнер. Ол қанмен жазылады. Кәусар жырдың ақ отауын аша алмай жүрген жоқ бұл ақын, ол сол киелі көшенің ішінде жүр.
Кәмел ЖҮНІСТЕГІ,
Жазушы, Қазақстан Жазушылар
Мерзімді басылым беттерінде:
Қабылдаұлы. С, Мектептегі игі істер [Мәтін] / С. Қабылдаұлы // Заман.-1999.-7 қазан(№38).-2 б.
Қабылдаұлы. С, Асулы белестер [Мәтін] / С. Қабылдаұлы // Заман.-2002.-14 қыркүйек(№34).-2 б.
Қабылдаұлы. С, Құран оқыған орыс қызы [Мәтін] / С. Қабылдаұлы // Заман.-1996.-7 тамыз(№30).-2 б.
Дәулет Ырысбайұлы (Қара Дәулет) (1964-2006)
Д.Ырысбайұлы 1964 жылы қарашаның 14-ші жұлдызында Қарағанды облысы, Шет ауданы, Кеншоқы ауылында дүниеге келген. 1972 жылы Нұра орта мектебіне 1-сыныпқа қабылданады. 1982 жылы мектепті аяқтап, 1983 жылы көктемде әскерге алынады. Украинаның Запорожье қаласында Отан алдындағы әскери міндетін атқарады.
Әскери борышын өтегеннен кейін, Қарағанды мемлекеттік университетінің филология факультетіне оқуға түседі. Студенттік шақтағы шығармашылығын шыңдауға зиялы ортаның әсері де тиеді. Студент кезінде өнерге құлшыныс білдіріп, өлеңдерін оқып, мүшайраларға қатысуымен қатар айтыстардан айтулы салдарымен де көріне біледі. Осы оқудың жанынан құрылған «Балауса» орталығында ақындық өнерін шыңдай түседі. Ең алғашқы еңбек жолын мектепте ұстаздық етумен бастап, облыстық «Орталық Қазақстан» газетінде, телерадиокомпанияда қызмет атқарады. 1988 жылы Мереке атты жарымен шаңырақ көтереді. «Азия Транзит» газетінің 1999 жылғы 16-желтоқсанда «Ғасырмен Жердің мұң-зарын тыңда, Адамзат!» тақырыбымен өлеңдер жинағы жарық көреді. 2002 жылғы 6-маусымда «Жұлдыз» журналына «Ару күндер бара жатыр аяңдап...» атты өлеңдерінің топтамасы басылып шықты. «Орталық Қазақстан» газетіне 2002 жылы 22-мамырда өлеңдері оқырмандардың қолына тиді. Соңғыларының бірі болып «Үміткер» газетінде 2005 жылдың 20-қаңтарында «Жаныма дос бол ғалам» тақырыбымен поэзиясы паш етілді. Соңғы өлеңдер жинағы 2006 жылы наурыз айында «Орталық Қазақстан» газетіне шықты.
Өлеңдері «Шет өңірі ақындарының антологиясында», Қ.Аманжоловтың 90 жылдығына орай шыққан 4 томдық жинаққа енген. 2000 жылы «Ғұмырымның тамшысы» атты өлеңдер жинағы жарық көрді. 2005 жылы «Нұр» кітабы да жыр сүйер қауымның жанынан орын тапты. Ақындығымен қатар аудармашылық, журналистік қабілеттері де өз белестерінен көрінді. Композиторлық еңбектерін «Қарағанды жастары», «Достарым», «Нұраның нұры», «Сен деп соққан жүрегім» (әні: Ерслан Жақыпханов), «Өзің» (әні: Қалиасқар Шыныбектегі), «Жалын-Жаным» (әні: Сайраш Орақбаева), «Туған жер» (әні: Қайрат Мұстафин) ел аузына таралды. Жамағаттың жүрегінен орын алған «Қарағанды вальсі» (әні: Д.Ырысбайұлы) көпшіліктің сүйікті әніне айналды. Драматургиясына тоқталсақ Арқаның айбынды ардақтысы Мәди Бапиұлына арналған «Азаттықты аңсаған ақиық» драматургиялық қойылымы мен «Құмырадағы махаббат» сахналық көрінісі елді елең еткізді. Сонымен қатар, әзілді де сәнге айналдырып жүретін ақынның біршама әзіл әңгімелерін Қарағанды қаласында құрылған «Қисық театр» әзіл-сықақ отауының қойылымдарынан тамашалауға болады. Ақиық ақын соңғы рет «Нұр» кітабы шыққан соң туған топырағына ат басын тіреп, Ақсу-Аюлы ауданында 2005 жылы 7-шілдеде шығармашылық кешін өткізді. 2006 жылы шыққан Керней шежіресінде өнер, мәдениет қайраткерлері қатарынан орын берді. Д.Ырысбайұлы 2006 жылы наурыз айының 13-ші жұлдызында 42 жасында өмірден өтті. Артында жары, екі қызы, бір ұлы және өлеңдері мен елі сүйіп тыңдайтын әндері қалды.
![]() |
Ырысбайұлы, Д. Ғұмырымның тамшысы [Мәтін] : өлеңдер жинағы / Д. Ырысбайұлы. - Қарағанды: Болашақ-Баспа, 2000. - 100 б. |
![]() |
Дәулет Ырысбайұлы. НҰР: Өлеңдер, драмалық поэма. – Қарағанды: Болашақ-Баспа, 2005. – 200 б. |
Мерзімді басылымдар беттерінде:
Шалқар,Ж Қара Дәулеттің қара өлеңі [Мәтін] /Ж.Шалқар //Орталық Қазақстан,2021.-14 қаңтар (№4).-8 б.
PDF материалдары
Ардақ Қасымтегі
Шымыр да ширақ оралымдар
Ардақпен әңгімелес болуыма оның таланты жәрдемдесті. Балаңызбен қатарлас оның жырларынан ақындық ерекшелігін бірден байқадым. Алғашқы өлеңдерінде ой байқалатын. Өлеңді өзінше жазуға, ізбасты қосақ қалыпты шиырлауға бара бермейтін машығы байқалатын. Ауылда өсіп, дала табиғатын көз алдынан өктізген Ардақ алғашқы жырларында табиғат көріністерін қаз қалпында түсіруге машықтанды. Табиғат суреттерін сөзбен бергенде де өзінше ой айтуға тырысады.
Бүгін міне ақ таңмен
Күн де шықты мөлдіреп.
Кейбіреу алғаш көргенмен
Біреулер көрер соңғы рет.
Өлеңдегі ой осындай болуға тиісті. Оқырманға алғаш ұсынған жыр кітабы «Найзағай» болатын. Сол кітапта Ардақтың дастаншыл жырларына қанығып, өзіне жылы сөз айтқан едім.
Ардақ Бекжанұлы – өмірдің жарқын тұстарына қалам жүгіртеді. Елдік пен ерлікті жырлайды. Сөз саптасы қарапайым тіркестерден тұрады.
Ұйқас қуалап, ойды ауырлатып жібермейді. Өзінше жырлайды туған жерін.
Ардақ ақын Отаны мен анасын қатар жырға қосады.
Басымды иін гүл түгіл
Тасына да табынам.
Күн түгіл минут көрмесем
Сәбидей жетім жабығам.
Мына жалған өмірде
Анадан артық жан бар ма,
Отаннан ыстық жер бар ма?!
Әрімнің өз туған ауылы – Мысыр шаһары. Ардақ ақын Ақадырын жалықпай жырлайды. Оған енді кеңшілікпен қарайсың.
Өмірде адам болып жаралғанға
Ыстық қой туған өлке бұл жалғанда.
Анадай бөбегін сүйген сүйсінемін,
Ақадыр, күнде өзіңе қарағанда.
Ардақ Бекжанұлы - өлеңді өзінше жазатын ақын. Нені қағазға түсірсе де, адалдығы көрініп тұрады. Ізбасты қосақ өлең Ардақта жоққа тән. Өз жүрегінің лүпілімен жан сырын жеткізуге тырысады.
Өмір Кәріпұлы,
жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.
(«Пегастың қылы» жыржинағына алғысөзден алынды)
Жәнібек Әлиман
Жәнібек Әлиман 1990 жылы 25 мамырда Қарағанды облысы , Шет ауданы, Нілді ауылында дүниеге келген. Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетінің түлегі, магистр. Жұмабек Тәшенев атындғы «Жылдың үздік ақыны » сыйлығының иегері.
Пайдаланған әдебиеттер:
Әлиман. Ж.
Серт[Мәтін]/ Әлиман. Ж. –Қарағанды: Тенгри Ltd, 2013-120 бет.
Ол туралы:
Әлиман. Ж.
Серт[Мәтін]/ Әлиман. Ж. –Қарағанды: Тенгри Ltd, 2013-120 бет.
СЕРТ
...Баяғыда былғанған ғой мына әлем,
Мен әуелде Сақ боп туғам - бұла дем.
Ерлігіне дүр сілкінген дүр әлем.
Мен әуелде-ак Сақ сарбазы
Шырақ ем!
Ей, есалаң ессіз тобыр, нені ұқтың?
Дүниеге Күн боп, Ғұн боп келіппін!
Қас дүшпанын қара қанға тойдырып,
Патша атанған Томиристей көріктім.
Өлексе жеп, тығындаған өңешін,
Маңайыма қаптап кетті неге сұм?!
Есін жиған Еуропа емес пе ед
Көріп алғаш ер Еділдің елесін.
Содан бері түскені жоқ өр еңсем,
Төңірімнің алқауы гой — көгерсем.
Өр еліммен бірге көрем - не көрсем,
Өр еліммен бір көнерем - көнерсем,
Тәңіріне ғайбат айтқан жалаңбұт,
Не жамандық көріп едің менен сен?..
Ғапыл кетіп, ғайбат айтпан ғасырға,
Азат күннің бағы барда басымда.
Күлкі болмай тексіздер мен тасырға,
Ес жиғалы егестім де ұлтым деп
Ең соңында рух боп тудым расында.
Есінді жый, ей, есалаң, көр кеуде,
Бұл күйімді қақың бар ма көрмеуге?
Алла алдында аят оқып тұрамын
Жер бетінде ақырғы адам өлгенде.
Жер бетінде ақырғы ақын өлгенде...
20 желтоқсан, 2011 жыл
Мерзімді басылымдар беттерінен:
Орталық Қазақстан. - 2020. - 7 мамыр (№48). - 8 б.
Арқа ақшамы. - 2022. - 17 ақпан (№7). - 6 б.
Кәріғұл Нұғманұлы
ұғманұлы Кәріғұл (1926) Шет ауданының Ақбауыр ауылында дүниеге келген. Қалам қайраткері. ҚР оқу-ағарту ісінің үздігі. Қарағанды педучелишесін (1952), Қарағанды пединститутын (1959) бітірген. Жұмыскер, Игілік, Құрама бастауыш мектептерінде мұғалім (1942- 1945), Ақбауыр мектебінің мұғалімі, директоры (1948-1976), Нұраталды мектебінің директоры (1976-1986) болған. «Тағылымнама» атты үш кітабы Қарағандының «Болашақ-Баспа» баспасынан жарық көрген (2000-2006).
Шығармалары:
|
|
Кәріғұл Нұғманұлы. Тағылымнама. Өлеңдер. - Қарағанды: "Болашақ - Баспа", 2000. - 72 б.
|
![]() |
Кәріғұл Нұғманұлы Нақылдар жинағы. Тағылымнама III бөлім. Қарағанды, "Болашақ баспасы" РББ, 2006 |
![]() |
![]() |
Кәріғұл, Н. Тағылымнама [Мәтін] :нақылдар жинағы / К. Нұғманұлы. – Баспагер: Ақадыр кенті . – 2017. –394 б. |
![]() |
Автор: Кәріғұл Нұғманұлы Тағылымнама II бөлім нақылдар жинағы Қарағанды ҚМББ "Болашақ" институты Қарағанды "Болашақ-Баспа" РББ, 2006, 407 бет. |
![]() |
Тағылымнама V бөлім: [Мәтін] нақылдар жинағы / К.Нұғманұлы.-«Баспагер» ӨК.Ақадыр кенті-2017.-308 б. |
![]() |
Дидар Жанатұлы Қамиев
Дидар Жанатұлы Қамиев – 10 желтоқсан 1988 ж. Шет ауданы, Ақбауыр ауылының тумасы. Жыршы-термеші, жас ақын. Білімі жоғары. Қарағанды маңызды білім беру «Болашақ» университетінің түлегі.
Дидар Қамиев – бүгінгі айтыстың алдыңғы қатарлы ақындарының бірі. Жаста болса облысымыздың намысын қорғап, талай республикалық айтыстардың жүлдесін қанжығасына байлаған. Суырып салма өнерімен қаруланып, қазақ халқын жырымен сусындатқан ақиық ақын Дидар жастарға үлгі болар тұлға.
Қаршадайынан жыршылығымен дүйім жұртты аузына қаратқан Дидар Қамиев бүгінде аузын айға бөлеген айтыскер ақын ретінде көпке танымал.
«Халық қазынасы үшінші мыңжылдыққа» атты Республикалық жыршылар байқауында талғампаз өнер тарландарының назарын өзіне аударған қасықтай қара бала содан бергі уақытта талай мәрте дүбірлі додаларға қатысып, ауылдастарына қол соқтырып келеді. Наурыз мерекесіне орай өткізілген «Армысың, Әз Наурыз!» атты Республикалық дәстүрлі ақындар айтысында жүлделі екінші орынды жеңіп алған өнерлі өрен тамыз айындағы Қояншы-Таңай асында өткен ақындар айтысында бірінші бәйгеге ие болып, Дидардың әдемі жырымен әдіптелген айтысына сонда жерлестері риза болып қол соққан. Жас ақынның жібектей есілген, жүйріктей көсілген мәнерлі жырларына сонда талай жұрт тамсанып,, таңдай қаққан.
Дидар Баянауылда өткен Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының 150 жылдық мерей тойына арналған Республикалық ақындар айтысында бас жүлдені жеңіп алды. Дүбірлі додаға еліміздің әр түкпірінен шашасына шаң жұқпас 24 жүйрік қатысқан. Ауыз әдебиеті үлгілерін жинақтап, халық игілігіне айналдырудағы Мәшһүр Жүсіптің ерен еңбегін, тіл тазалығы мен ұрпаққа үлгі болған ұлағатты сөздерін жырына рақау еткен Дидардың ұтымды жауап, ұшқыр ойына тәнті болған әділқазылар алқасы әділ бағасын берді. Айтыста өзге ақындардан сөз оздырған Дидар бас бәйгені жеңіп алып, жүлдеге тігілген «Волга» темір тұлпарын мініп қайтты.
Кешегі өткен Қақпан, Маясар, Жәкен сынды майталман ақын аталарының байрақты бәсекеде биікке көтерген туын жоғары ұстап келе жатқан Дидар 2002 жылы Көкшетау қаласында өткен «Кемел ойлы хан Кене» атты Республикалық жыршы-жыраулар сайысында 1 орын, 2005 жылы Байғозы батырдың 300 жылдық мерейтойына орай өткен республикалық жыршы-жыраулар сайысында 1 орын, 2006 жылы Қырғыстан Республикасында өткен бүкіләлемдік жыршы-эпосшылар фестиваліне қатысып, арнайы медальмен марапатталған, Наурыз мерекесінде «Армысың әз Наурыз» Қарағанды облыстық айтыстан екінші жүлдері орын, Талдықорған қаласында өткен Республикалық студенттер айтысында ІІ орын, Ақмола облысы Аршалы ауданында өткен аймақтық айтыста бас жүлде, Қарағанды облысы Ұлытау ауданы Қоскөл ауылында өткен Республикалық ақындар айтыснда ІІ орын, Қарағанды облысы Шет ауданында өткен Қояншы Дәулет Таңай бабалар асына арналған Маясар Жапақов атындағы Республикалық ақындар айтысында жүлделі І орын, Павлодар облысы Баянауыл ауданында өткен Мәшһүр Жүсіп Көпеейұлының 150 жылдығына арналған республикалық ақындар айтыснда бас жүлде, Шет ауданының 80 жылдығына орай өткен Ркспубликалық ақындар айтысында Ерік Асқаров атындағы арнайы жүлде, Алматы облысы Жаркент ауданында І орын, Алматы қаласындағы Республикалық «Алашыңды ардақта» атты Алаштың 90 жылдығына арналған ақындар айтыснда І орын, Тілдер мерекесіне арналған Астана қаласында өткен Республикалық айтыста І орын, Қызылорда қаласында өткен «Нұр Отан» ХДП-ның 10 жылдығына арналған Республикалық айтыста бас жүлде, «Армысың әз Наурыз» Қарғанды облыстық айтсында І орын, Астана қаласында өткен «Күлтегін күніне» арналған айтыста бас жүлде, Қарағанды облысы, еркіндік ауылында өткен Республикалық айытста ІІ орын, Шиелі ауданының 80 жылдығы, Әбділда Тәжібаевтың 100 жылдығы, Иманжүсіптің 150 жылыдығына арналған Республикалық ақындар айтыснда бас жүлде, Талдықорған қаласында өткен Республикалық студенттер айтысында ІІІ орын, Көкшетау қаласының 70 жылдығына орай өткен Республикалық айтыста ІІІ орынды иеленсе, Жезқазған қаласында өткен «Ұлытау үні -19» фестивалі аясында өткен Жас ақындар айтысында бас жүлдені, 2010 ж. Астана қаласының 12 жылдығына орай өткен республикалық жас ақындар айтысында 1 орын, 2011 жылы Шымкент қаласында өткен республикалық ақындар айтысында бас жүлде, 2011 ж.Алматы облысы, Ұзынағаш ауданында өткен Ж.Жабаевтың 165 жылдық мерейтойына орай өткізілген республикалық айтыста 1 орын, 2011 ж. Қостанай облысы, Амангелді ауданында өткен республикалық айтыста 1 орынды қанжығасына байлады.
Мамыр айында Түркия мемлекетінің Кайсери мен Эрзурум қалаларында өткен түркі тілдес халықтардың симпозиумына Қазақстан атынан қатысып, қазақтың суырыпсалмалық өнерін көпшілікке паш етті.
2013ж Қарағанды облысында өткен Жидебай батырдың 300 жылдығына арналған республикалық айтыста – Бас жүлде, 2013ж Қызылорда қаласының 195 жылдығына орай өткен республикалық айтыста – Бас жүлде
Мерзімді басылым беттерінде:
Орталық Қазақстан. - 2020. - 16 маусым (№64). - 6 б.
Орталық Қазақстан. - 2020. - 16 сәуір (№40). - 8 б.
Орталық Қазақстан. - 2020. - 18 сәуір (№41). - 6 б.
Шет шұғыласы. - 2020. - 29 қазан (№44). - 3 б.
Орталық Қазақстан. - 2020. - 24 қазан (№117). - 5 б.
PDF материалдары
Толғанай Айтболатқызы
1991 жылы Қарағанды облысы Шет ауданы Ақжал кентінде дүниеге келген. 1997-2008 жылдар аралығында Ақжал кентіндегі Ш.Батталова атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде оқыды. 2008 жылы Қарағанды қаласындағы Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің «Филология» факультетінде білім алуды жалғастырды. Толғанай Айтболатқызы – мектеп қабырғасының өзінде әдебиетке жақын екендігін танытып жүрген, бірнеше аудандық байқауларға қатысып жүлделі орындарға ие болып, қабілетімен танылған жастардың бірі. Мектеп қабырғасының өзінде облыстық Абай оқуларының 3- орын иегері Толғанай қазіргі уақытта аудандық мәдени іс шараларға белсенді қатысып жүр. Кез келген өзіне жүктелген жұмысқа жауапкершілікпен қарап, уақытылы әрі тиянақты орындай алады. Ауданның шығармашыл жастарының арасында бой көтеріп келе жатқан ақындыққа біршама жақын қыздардың алдыңғы қатарында. Мінезі ашық, кез келген ортада өзін еркін ұстап, тіл табыса алады.
Ауданның мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде латын әліпбиіне байланысты әдіскер болып қызмет атқарған аз уақытта өзінің бірнеше іс-шараларын аудан көлемінде насихаттай отырып, әр түрлі сабақ әдістерін көрсете алды. Аудандық газет беттерінде Толғанай Айтболатқызының тіл саясатын насихаттауға арналған мақалалары мен өлеңдері әлі күнге дейін жариялануда.
Жастар арасында талантты, шығармашыл, жаңашыл, жарқын ойлы патриот азамат ретінде және жас ақын Толғанай Айтболатқызы алдағы уақытта да жаңа жинақтарымен кітапхана сөрелерін толықтырады деп сенеміз.
Шығармалары:
![]() |
А-32 Айтболатқызы Т. / «Толған ай –тұмар, жыр - жүрек» - Қарағанды: Tengri Ltd, 2019. – 155 бет. |
PDF материалдары
Софы Сматаев
PDF материалдары
Тұңғышбек Дәлмағанбетұлы
PDF материалдары
Қақпан Жиренбайұлы
PDF материалдары
Бауыржан Рысбеков
Тілеген Әділов
PDF материалдары
Қасым Сырымбетұлы
PDF материалдары
Өткен ғасырдың жиырма сегізінші жылында аудан болып құрылған Шет бүгінде керегесін кеңге жайған облысымыздағы іргелі аудандардың бірегейі. Содан бергі кезеңде сыныптай сырғыған уақыт- ағзаммен үндесе күн кешіп, қоғам өміріндегі елеулі серпілістер мен сілкіністерге қоян- қолтық араласты. Сонар түспеген соны шақта тыңнан түрен тартқан ауданның алғашқы құрлысшылары қатарында аталарымыз бен әкелеріміз, аналарымыз бен апаларымыздың бірге болғаны, қабілет- қарымы мен жігер- жалынын аямай жұмсап, жұртты ілгері бастырғаны баршаға мәлім.
Өркенді елдің өлшеміне айналған, шежіреге толы Шет өнірінің арғы-бергі тарихына бойлай еніп, қалам қарымымен мәйекті мәдениетімізге үлес қосқан және қосып жүрген ақындар.






















