“Халқың қандай?”- десең, салтыңнан сынап біл.
“Өзің қандай?” – десең, халқыңнан сұрап біл -дегендей кітапхананың адамды тәрбиелеуде орны ерекше.
“Қыран – түлегіне қайыспас қайрат сыйлайды, ұстаз - шәкіртіне талмайтын талап сыйлайды”- деп парасатты бағдарламасын алға тартса, кітапханашы оқырманына “Тәтті жеміс бұтақта,құттың құты кітапта” – деген нақыл сөзді алға тартады. Аталарымыздың асыл дәстүр-салтын, бабалар парасатын осы кітап арқылы сусындатудамыз. Өткен замандарда жасаған ақылмандардың бізге қалдырған ой-парасат мирасы мол.
Бүгінгі ұрпақ бұрынғылардың ақыл-кеңесіне құлақ салса адаспай, абыржымай, жаңылмай, жаза баспай арман-тілегіне жетеді. Осы даналардың өсиетін насихаттау кітапхана саласына қатысты.
Тәрбие - өмірдің өзекті мәселесі. “Ата-ананың ақылы – сайрап жатқан жолмен тең, зерделінің ақылы – сайрап жатқан жолмен тең” – деген нақылды кітапхана қызметкерлері берік ұстанып, өз оқырмандарына дұрыс бағыт, саналы тәрбие ретінде ұсынады. Әр оқырманның ой-санасына, талғамына ерекше көңіл бөле отырып, бүгінгі бөбектен бастап еңкейген қарттарға дейін еңбек етесің. Кітапханамызға келген әр оқырман өз қылығымен, сүйкімділігімен, парасаттылығымен, еңбекқорлығымен ерекшеленеді.
Шет аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарасты кітапханалар Сіздерді кітапхана оқырманы болуға шақырады.
Кітапхананың жұмыс тәртібі:
Дүйсенбі — жұма күндері, сағ.: 9:00 – 18:30.
Үзіліс уақыты: 13:00 – 14:30
Демалыс: Сенбі, Жексенбі
Әр айдың соңғы күні — тазалық күні
Электрондық поштамыз: shet.library@mail.ru
Тел.: 21-0-93, факс: +7(710-31)21-9-04
Келіңіздер, күтеміз!
Кітапхананы пайдалану ережесі
Кітапханада Абонемент және Оқу залына жазылуға болады. Кітапханаға жазылу барысында: Кітапхананың пайдалану ережесімен танысу, оқу залына жазылу барысында жеке куәлік немесе басқа да құжаттар көрсету міндетті. Кітапхана оқырманы оқырман формулярына қол қою арқылы алған кітабына жауапкершілігін белгілейді. Оқырман формуляры -оқырманның кітапханадан үйге алғандығын және қайтарғандығын анықтайтын құжат. Оқырманның тұрғылықты жері, тегі және басқа өзгерістер болған жағдайда оқырман кітапахана қызметкеріне хабарлама жасауы тиіс.
Сіздерді бізде өтетін іс-шараларға шақырамыз: кітап көрмесі, әдеби кеш, презентация т.б.
Келулердің саны: 741505
9 ақпан күні ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл толуына орай ауданымыздың орталық кітапханасында "Жазылар естеліктер мен туралы" атты инстаграм желісі арқылы онлайн әдеби -сазды кеш өтті.
10.02.2021
Кештің өту барысында,оқырмандарға ақынның жүріп өткен жолдары оның еңбектері мен шығармалары жайлы кеңінен айтылып әңгімеленді.
Кештің…
"Дина күйші" жинағы
09.02.2021
Құрметті оқырман қауым назарларыңызға Дина Нұрпейісованың туғанына 160 жыл толуына орай дайындалған буктрейлерді ұсынамыз.
Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл
09.02.2021
@shet.library Аудандық орталық кітапхана ұжымы Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерей тойына арналған челленджді@zh.akylbaev Жамбыл Ақылбаев…
"Оқ пен от арасындағы Баубек хаттары" тарихи - әдеби кеш
05.02.2021
@unirek.lib2021 жылдың 29 қаңтар күні аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен Б. Бұлқышевтың 105 толуына орай Үңірек ауылдық…
"Абылай хан және оның дәуірі" Құрметті оқырмандар назарларыңызға "Абылай хан және оның дәуірі" тақырыбында сторителлинг ұсынамыз. #Абылайханныңтуғанына310жыл
26.01.2021