Тел.: +7 705 777 7788 Кіру
Аликулова Сауле Рахматуллаевна

Аликулова Сауле Рахматуллаевна

Аликулова Сауле Рахматуллаевна Кітапхана саласында ұзақ жылдар бойы еңбек етіп келе жатқан маман. 1985 жылы Қарағанды педагогикалық училищесіне түсіп, 1987 жылы аяқтаған. 1988-1996 жылдары ОКЖ кітапханасында кітапханашы болып қызмет атқарған. 1996 жылы Әл-Фараби атындағы Шымкент педагогикалық мәдениет институтын "Кітапханашы-библиограф" мамандығы бойынша бітірген. 1990-1996 жылдары абонемент және оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінде еңбек етті. 2005 жылдан бастап библиография бөлімінің библиографы, ал 2014 жылдың қазан айынан бастап осы бөлімнің меңгерушісі болды. 2016 жылдың қаңтарынан бастап әдістеме бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарып келеді. Кәсіби еңбегі үшін бірнеше марапаттарға ие болған: 2010-2014 жылдары аудан әкімінің Құрмет грамотасы; 2015 жылы «Қажырлы еңбегі үшін» Алғыс хат (Шет аудандық ОКЖ директоры М.С.Нұрпейісова тарапынан); 2017 жылы Қарағанды облысы Мәдениет басқармасының Құрмет грамотасы және Қарағанды облысының архивтер және құжаттама басқармасынан Алғыс хат.