Исатаева Айгүл Ермекқызы
Исатаева Айгүл Ермекқызы 2008 жылы Қарағанды қаласындағы Қарағанды өнер колледжіне «Кітапхана ісі» мамандығы бойынша түсіп, 2010 жылы бітірген. 2011 жылы Шет аудандық орталық кітапханаға «Реставратор» қызметіне қабылданып, 2012 жылдан бастап «Оқырмандарға қызмет көрсету» бөлімінде кітапханашы болып жұмыс істеді. 2017 жылы осы бөлімнің меңгерушісі болып тағайындалып, қазіргі уақытта да осы бөлімде қызмет атқарады. 2018 жылы Қарағанды облыстық мәдениет және архивтер құжаттама басқармасы атынан «Құрмет грамотасымен» марапатталған. Қарағанды қаласының кәсіподақ ұйымынан «Алғыс хат» алған.