Тел.: +7 705 777 7788 Кіру
Нұрпейісова Мейрамгуль Сансызбайқызы

Нұрпейісова Мейрамгуль Сансызбайқызы

Директор

Нұрпейісова Мейрамгуль Сансызбайқызы.

1987 жылы Қарағанды мәдени ағарту училищесін, 1997 жылы Алматы қыздар педагогикалық институтының кітапханашы библиограф мамандығы бойынша бітірген. Оқуды бітірген жылы Шет аудандық орталық    кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің абонемент бөлімінде кітапханашы болып бастаған.

1988 жылы аудан  жанында  орналасқан Орджонокидзе атындағы совхоздың кітапханасының меңгерушісі, 1992 жылдан аудандық балалар  кітапханасының  әдіскері, 2000 жылдан аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі болып қызмет атқарды.

2012 жылдан Шет  аудандық  орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры болып қызмет атқарады.

Марапаттары

2003 жылы аудан әкімінің "Үздік мәдениет  қызметкері" номинациясының иегері, Облыстық мәдениет басқармасының, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің  "Құрмет грамоталарымен", "Алғыс хаттармен" марапатталған. Кітапхана саласында бірнеше байқаулардың жүлдегері.

2017 жылы Қарағанды қаласында Нұр Отан партиясының Қарағанды облыстық сайлау штабының төрағасының «Алғыс хатымен» марапатталған.

«Еңбек даңқы» төсбелгі 2019 ж. Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағынан
«Алғыс хат» 2019 ж. ҚР-ның Президенті Қ.К.Тоқаев және Нұр-Отан партиясынан

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы «Кітапхана ісінің үздігі» төсбелгі 2018 ж.

Шет ауданының 90 жылдығына орай аудан әкімі «Мерейтой» меделі 2018

Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы «Құрмет грамотасы» 2018 ж.