Тел.: +7 705 777 7788 Кіру
Жылқышы Жемісгүл

Жылқышы Жемісгүл

Кітапханашы

Жылқышы Жемісгүл 1989 жылы 15 қыркүйекте дүниеге келген.Білімі орта- 2007-2009 жылдары Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ колледжін «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша, 2013-2015 жылдары Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжін «Кітапхана ісі» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2018 жылдан бастап М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «Кітапхана ісі» мамандығы бойынша білім алуда. Кәсіби тәжірибесі: 2013 жыл 13 қазаннан бастап Батық ауылдық кітапханасының кітапханашысы. Марапаттары: Шет ауданының әкімдігінің «Алғыс хаты» 2014 жыл, Шет аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен өткен «Жас кітапханашы» сайысында «Жас үлгілі кітапханашы» номинациясы алғыс хатымен, Шет ауданының әкімдігі, Шет ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұймдастыруымен «Kitap – Fest,Kitaphanashy Best » фестиваліне қатысқаны үшін «Сертификат» 2019 жыл, Шет ауданының «Құрметті азаматы» Алтай Сметтің 80 жас мерейтойына арналған «Өткір өленімен өрлеген» атты аудандық жыр мүшәйрасына қатысқаны үшін «Алғыс хат» 2019 жыл.