Тел.: +7 705 777 7788 Кіру

Босаға ауылдық кітапханасы

Кітапхана  Айкумбекова көшесі №30 әкімшілік ғимаратының 2-ші қабатында орналасқан. Пешпен жылытылады. Мерзімді басылымдар саны –24. Қазіргі таңда кітап қоры 5871 дана кітапты құрайды. Оның  4430 данасы қазақ тіліндегі кітаптар. Кітапхана жылына 610 оқырманға қызмет көрсетеді, оның ішінде балалар 125 оқырман. Кітапханада 1 компьютер, 1 телефон нүктесі бар. Анықтамалықтар, каталогтар мен картотекалар, орындалған анықтамалар қорын пайдалана отырып, ақпараттық-библиографиялық жұмыстар жүргізеді. Кітапхана рухани – тарихи байлықтың көзі ретінде оқырмандарын өз өлкесін білуге, сүюге баулу мақсатында көлемі бойынша атағы шыққан, ақын, жазушылар, қоғам қайраткерлері, ғалымдар, сазгерлер туралы басылымдарды, ақпараттарды жинақтауда. Кітапхана қызметкерлері ауылдық мерекелерге, жарыстарға атсалыса қатысады. Кітапханада әдеби кештер, кездесулер, жарыстар, викториналар ұйымдастырылып өткізіледі. Кітапхананың қоғамда белсенділігін көтеру, кітапты халық арасында құрметін арттыру мақсатында кітапхананың жұмысы туралы ақпараттар, жергілікті баспа беттеріне шығады.

Контактілер

Сайт: Өту